Күрделі саяси жағдайға қарамастан таққа Аменемхет І-ші мен оның ізбасарлары келеді.Құл иеленушілердің негізгі тобына сүйене отырып, ел бірлігін сақтап оны ішкі және сыртқы жағынан күшейте түседі. Мысыр экономикасының өзегі саналатын суару жүйесі жетілдіріледі. Осы құрылыс басшылығын арттыру үшін Аменемхет І астананы Фаюмға ауыстырады. Мұның саяси астары да бар болатын. Жаңа астана бағынбаған номдардың қақ ортасында орналасып, олармен күресті жеңілдете түседі. Аменемхет өз қаласын “Қос жерді де жаулап алу”деген мағына беретін Иттауи атауымен атайды.
Күрделі саяси жағдайға қарамастан таққа Аменемхет І-ші мен оның ізбасарлары келеді.Құл иеленушілердің негізгі тобына сүйене отырып, ел бірлігін сақтап оны ішкі және сыртқы жағынан күшейте түседі. Мысыр экономикасының өзегі саналатын суару жүйесі жетілдіріледі. Осы құрылыс басшылығын арттыру үшін Аменемхет І астананы Фаюмға ауыстырады. Мұның саяси астары да бар болатын. Жаңа астана бағынбаған номдардың қақ ортасында орналасып, олармен күресті жеңілдете түседі. Аменемхет өз қаласын “Қос жерді де жаулап алу” деген мағына беретін Иттауи атауымен атайды.
Мемлекеттің ішкі жағдайын нығайтумен қатар, көршілес елдерді жаулап алу саясаты да қатар жүзеге асты. Ең алдымен құл мен алтынның орталығы саналған Нибия жері басып алынды.