Ежелгі Шығыс Мысыр Вавилон Қытай


Хаммурапи Заңдары (Хаммурапи Кодексі)



бет2/7
Дата25.11.2023
өлшемі23,34 Kb.
#127873
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Дәріс жоспары Вавилон ғылымы, Египет математика, астрономия. Қ-emirsaba.org

Хаммурапи Заңдары (Хаммурапи Кодексі)

Б. з. д. 1750 жылдары патша Хаммурапи кезінде құрылған.


Заңдар сот ісін жүргізу, әртүрлі меншік нысандары мен неке-отбасы қатынастарын, сондай-ақ жеке және қылмыстық құқықты қорғау мәселелерін реттейтін 282 тармаққа бөлінеді.
Адамзат тарихындағы алғашқы таза заңнамалық акт (діннің әсері іс жүзінде жоқ).
Бұл құқық жүйесі өз уақытында дамыған.
Көне Мысыр әлемдегі ең байырғы мәдениет ошақтарының бірі. Ніл өзенінің екі жағалауына орналасқан бұл ел б.з.б. 3200-ші жж. біртұтас мемлекет болып бірікті.
Ніл өзені әр жылда тасып, жағалаудағы егістік жерлерді шайып кетіп отырған, тасу мезгілі аяқталған соң тұрғындардың жерін қайта өлшеп бөлу керек болады, ұзақ жылғы жер өлшеу тәжірибесінің арқасында геометрия ғылымы пайда болған (геометрия – грекше сөз, гео - жер, метро - өлшеу деген мағына береді).
Ғылым бастамасы Ежелгі Шығыста Мысыр, Вавилон, Қытайда жасалынды.
Грек елінде VІ-V ғғ. қалыптаса бастады.
Милет қаласында натурфилософияның негізін салушы Фалес, Мысырға саяхат жасап, геометрияны Элладаға алып келген. Ол геометриялық теоремаларды дәлелдеудің логикалық бастамасын жасап берді. Алғашқы астроном, 585 жылы күннің тұтылуын тұңғыш болжаған.

Афина грек философиясының астанасы

Ежелгі гректердің айтуынша, ғылымды дамыту дегеніміз – жаңа білім өндірудің әдістерін, тәсілдерін үйрену.


Ойлау процесіне көңіл аударды. Тек фактіге негізделген білімді ғана жинамай, бір пікірден логикалық жолмен жаңа пікір, қорытынды шығарді. Ғылыми пікірлерді жүйелеп, тәртіпке келтірді.

Ғылыми білімнің негізгі белгілерін анықтап берді:

Ғылыми білімді басқа білімдерден логикалық жолмен қорытып шығаруға болады.


Ғылыми таным аса маңызды белгісі – таным әдістеріне қатал талап қойылуы, жаңа білім алуды қадағалау.
Ғылым қайталанып тұратын құбылыстарды зерттейді, олардың бәріне тән заңдылықтарды ашады.
Ғылыми білімнің мазмұны – субъектіге тәуелсіз объективті ақиқат болуы керек.
Грецияда жасалынған логикалық талдау объектісі заттар мен құбылыстардың өзі емес, олардың ойдағы бейнесі болды.
Антика заманында ғылыми теориялық білімнің үлгісін Евклид геометриясы жасап берді. Белгілі ақиқат білімнен көптеген геометриялық білімдерді логикалық жолмен шығару.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет