Ежелгі Шығыстың халықтары мен тіл семьялары.
Семитикалық тіл отбасы.Семит тілдерінің отбасы 30-35 негізгі тілдерден тұрады, олардың едәуір бөлігі бұрыннан қолданыстан шыққан. Ғалымдар біздің эрамызға дейінгі 4500-5000 жылдар шамасында барлық тірі және өлі семит тілдері шыққан гипотетикалық ата-баба тілі болды деп санайды.Бұдан әрі екі үлкен лингвистикалық саланы - шығыс (бір тілде - аккад тілінде ұсынылған) және батысты (барлық басқа семит тілдерін) бөліп алу дәстүрге айналған.
Семит тілдерінің ең шығыс және ежелгі таралған аймағы - Месопотамия қазіргі Ирак территориясы. Онда ежелгі уақытта кең тараған тілді ғалымдар аккад деп атайды; ертерек аттары ассиро-вавилон немесе вавилон-ассирия деп аталған. Бұл семит тілдер тобындағы ең көне жазылған тіл. Ғалымдар аккад тіліндегі алғашқы жазбаларды біздің эрамызға дейінгі 23 ғасырға жатқызады. (Саргонидтер империясы). Аккад тілінің классикалық және басқа ежелгі семит тілдерінен маңызды айырмашылығы - оның мәтіндік корпусының ашықтығы.
Египет.Халқы. Нил ангарындагы топырак Қосезеннен өнімді кем берген жок. Алайда, Египеттің ежелгі дуниесінің саркылмас астык корына айналуы ушін егіншілікпен айналысатын халыктын кептеген ұрпағыныңі орасан зор енбегі кажет болды.Египеттіктер (Косөзеннің кеп тайпалы халкына қараганда) семит-хамит тобына жататын (онын, хамит тармагы) бір тілде сейлеген біртұтас халык болды. Сырткы турлері жагынан олар сымбатты дене бітімдерімен қараторы тустерімен ерекшеленеді. Египет суретшілері әйелдерді неғұрлым ашык, етіп бейнелейді.Египетке батыстан дене тустері ак, квздері көк ливиялыктар да (семит-хамит тобыньң бербер тармагының өкілдері) өтіп турды. Солтустік шығыстан Нил аңғарына азиялык халыктар (негізінен семиттіктер) сан рет басып кірді.
Үндістан тұрғындарының этникалық құрамы ежелгі заманда әр қилы еді. Елдің ежелгі тұрғындары шамасы қазір кейбір аудандарда ғана сақталып отырған дравид тілінде, ал ішінара тіпті дравидтен де бұрынғы тілдерінде сөйлеген болуы керек. Б. э. Дейінгі ІІ мың жылдықта Үндістанда халықтардың үнді-европалық топтарының тілдерінде сөйлейтін тайпалар тарай бастады. Осы тілдер негізінде әдеби тіл қалыптасып, ол санскрит деген атқа ие болды. Бұл неғұрлым кейініректегі этникалық топтар бірқатар совет және шетел зерттеушілерінің пікірінше солтүстік-батыстан көшіп келген және өздерін арийлар деп атаған. Бұл этникалық атау кейінірек «асыл текті» деген мағынаға ие болады, өйткені бұл жерлерді басып алушылар бағындырылған жергілікті халыққа биіктен қараған және өздерін артықпыз деп санаған. Алайда қандайда болмасын этникалық топтың артықшылығы жайлы айтып жату қажетсіз. Олардың хал ахуалы әр түрлі тарихи кезеңдердегі дамудың нақты жағдайларына байланысты болып отырды.
Қытайлықтармен көршілес болған этникалық топтардың елеулі бөлігі уақыттың өтуімен байланысты қытайлықтармен араласып, олардың тілі мен мәдениетін қабылдаған. Дегенмен, қазір де оңтүстік Қытайдың кей жерлерінде және батыс Қытай территориясының елеулі бөлігінде жергілікті халық қытай тілінен өзге тілдерде сөйлейді және оларды зорлап қытайландыру жөнінде талай рет әрекеттер жасалғанмен өздерінің жергілікті мәдени дәстүрлерін сақтап келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |