Орындаған:Бектасова Данель Тексерген: Тастемирова Н.Э.
Жоспар:
Түсініктеме
Ережесі
Жасалу жолдары
Мысалдар
Қолданылған әдебиеттер
Кірме сөз түсініктеме
Название графика Кірме сөз – ана тілімізге шет тілінен енген сөздер.
Кірме сөздердңғ көпшілігінде буын үндестігі сақталмай, дауысты дыбыстары жуан-жіңішке болып араласып келе береді.
Кірме сөздер – тілдің сөздік құрамын байытатын тәсілдердің бірі.
Кірме сөздер Бір тілден екінші тілге сөздердің ауысып тұруы барлық тілдерге тән құбылыс. Сөздік құрамына басқа тілден сөз енбеген тіл жоқ десе де болады. Дүние жүзіндегі түрлі – түрлі тілдерде сөйлейтін халықтар өз ара бір - бірімен қарым – қатынаста болады да, бір-біріне сөз ауысады. Әрбір тілдегі басқа тілдік сөздер санының аз я көптігі тарихи жағдайлармен тығыз байланысты. Өз тарихында қазақ халқы көптеген елдермен қарым – қатынас жасап, аралас – құралас болғаны мәлім. Соның нәтижесінде араб, парсы, монғол, орыс тілдерінен қазақ тіліне көптеген сөздер кірген.
Қазақ тіліне енген тарихы. Қазақ тіліне енген кірме сөздердің тарихы өте ұзақ. ІХ – Х ғасырдан бастап араб, парсы сөздері кірсе, ХІХ ғасырдан бері қарай орыс тілі арқылы келген кірме сөздердің саны өте көп.
Мысалы:
Араб тілі:Қалам, ғылым,отан,мұғалім.
Парсы тілі: тақта,дос,нан,апта
Орыс тілі:парта, кино,цирк.
Араб, парсы тілінен енген сөздер: адам, әлем, ғылым, қоғам, мектеп, білім, тарих, әдебиет, мәдениет, пән, тәрбие, емле, т.б. Тарихи дерек: Қазақ даласы Х-ХІІ ғасырларда араб халифатының қарамағында болды. Ислам діні тарады. Ислам мәдениетін жасауда қазақ жерінен шыққан көптеген ақын, ғалым, ойшылдардың үлесі мол болды. Әунасыр әл Фараби, Ғаббас әл Жауһари, әл Сығанақи сияқты тұлғалар шықты. Поэзияда парсы тілі, ғылымда араб тілі басым болғанына қарамастан, Ахмет Иассуаи, Ахмет Иүгенеки, Сүлеймен Бақырғани, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқаридай түркі даналары еңбектерін өз ана тілінде жазды.
Орыс тілінен енген сөздер: А) Қазан төңкерісіне дейін енген сөздер: болыс, сот, жәшік, кереует, бөтелке, кәмпит, сөмке, тұрба, т.б. Ә) кеңестік дәуірде кірген термин сөздер: телефон, телеграф, автомобиль, т.б. Тарихи дерек: Қазақстанның ХІХ ғасырдағы тарихи оқиғалары Ресей үкіметімен тығыз байланысты. Осы кезеңде қазақ даласына қалалар көптеп салынып, орыс қоныстанушыларының саны артып, үлкен өзгерістер болды. Араб, парсы, монғол тілдерінің сөздері бірнеше ғасыр бойы қолданылу барысында өздерінің бастапқы қалпын мүлде — өзгертіп, қазақ тілінің заңдылығына бейімделіп, біржола кірігіп кеткен. Соңғы жылдарда кірме сөздердің біразы қазақшаға аударылған. Мысалы: самолет – ұшақ, вертолет – тікұшақ, коллектив – ұжым, герб – елтаңба, гимн – әнұран
Монғол тілінен енген сөздер: А) ел билеуге байланысты сөздер: ұлыс, нөкер, жасақ, аймақ, жарлық, т.б. Ә) жер-су атаулары: Тарбағатай, Нарынқол, Нұра, Баянауыл, Зайсан, Қордай, Алтай, т.б. Тарихи дерек: 1219 жылы Шыңғысхан Қазақстанның ескі қаласы Отырарды қоршауға алады. Отырар тұрғындары қаланы алты ай бойы қорғайды. Тек бір сатқын қаланы ашып бергеннен кейін ғана монғолдар қаланы жаулап алады. Тек Отырар ғана емес, мұнан кейін Сығанақ, Ашнас, Баршынкент, Үзгент қалаларын тонап, халқын қырғынға ұшыратқан.
Назарларыңызға рахмет!