Ежелгі түркі шешендігі
Ежелгі түркі елінің шешендігі жайлы сөз қозғау, соншалықты қажеттілігіне қарамастан, қиыннын, қиыны. Олай болатын себебі біріншіден, шешендікті тарихи кезендерге бөліп қарастырудың болмағандығы. Саналы ғұмырын шешендікті зерттеуге арнаған атақты Б.Адамбаев қазақтың шешендік өнерінің тарихын орта ғасырдағы билерден бастап карастырды. Екіншіден, халықтың ақыл-ойы, сана-сезімі, тіршілігінің айнасы болған өнердің ежелгі түрі фольклорлық туындылар әдеби және тілдік тұрғыдан зерттелсе де, шешендік тұрғыдан зерттелмеуі орта ғасырлардан бері қарай белгілі болған билер сөзінің ауыз әдебиетінің бір түрі ретінде қаралғаны белгілі. Үшіншіден, ежелгі түркі еліндегі бізге белгілі болған материаддардан байқалған шешендіктің қызметі көне грек, Рим елдеріндегі шешендіктің қызметінен өзгешеленетіндігі.
Дәуірі бір бола тұра, бұл еддердің қоғамдық саяси-әлеуметтік жағдайының, шаруашылық-мәдени сүлесінің әр түрлілігі шешендіктің айтылу мақсаты мен жұмсалатын (көрінетін) орындарының әр басқалылығына әкеліп соқтырды.
Зерттеушілердің айтуынша, көне Грекияда шешендік өнердің дамуына мықтап әсер еткен Афина басқарушысы Салон заңының өмір сүрген кезі б.ж.с. дейінгі 594 ж.
Бұл заң бойынша, Афина азаматы сотта өзін-өзі қорғау үшін қызыл тілге жүйрік болуға тиісті болған. Әрбір азамат өз Отанының саяси-мәдени өміріне мықтап араласқан. Онда демократия-шешендік өнердің арнасы болған. Ертедегі Грекияда және Римде шешендік өнер мен саясат бөлінбеген. Грекияның көрнекті шешендері ірі-ірі саяси қызметкерлер болған. Мысалы, Терикл Афинаны 15 жыл бойы басқарған. Шешендік өнердің жарық жұлдызы саналған Демосфен афина қүлдары демократиясының қорғаушысы болды. 30 жыл бойы Македонның Филипп патшасына ашу ызамен карсы тұрды.
Көне Римнің шешендері де, көне гректердегі сияқты, әйгілі саяси қызметкерлер болды. Солардың бірі Римнің мемлекеттік қайраткері б.д. дейінгі ІІІ-ІІ ғасырларда Марк Катон Старший болды. Ол Карфагенмен бітіспес жау болғаны сондай өзінің әрбір сөзін “Карфегенді құрту керек” деген фразамен аяқтап отырған.
Ежелгі түркілер шешендігін алдымен аңызға айналған әңгімелерден іздеуіміз керек. Аңыз дегеннің өзі бір кездегі ақиқат, араға бірнеше мындаған жылдар түскенде, оқиға иесін көзімен көріп, сөзін өз құлағымен естімегендіктен де естіген әңгімесін халық аңыз сияқты қабыддаған. Өмірде болып, кейін аңызға айналып кеткен тарихи тұлғалар скифтерде көп. Зерттеушілердің айтуынша, скифтердің арасында аңыз бен жыр өте кең тараған. Халық арасында аңызға айналатындар алдымен елін қорғаған ерлер. Елді біріктіріп, жері үшін, ұрпағының амандығы үшін келген жауға қарсы тұрған алып ерлерін халық көсемдер ретінде аңыз әңгімелерде бейнелеген. Сондай аңыздардың қатарында Афрасиаб туралы әдемі аңыздар да бар. Афрасиабты М.Кашкари сөздігінде Тоңа алып ер деп атаған. «Тоңа»-жолбарыс тектес бір аң. Ол пілден күшті деген түсінік берілген.
Ерте заманда гректер мен римдіктерде көшпелі түркілерде әскери өнер мен шешендік өнерді құрметтеді. Шешендік өнерді ыждағаттықпен үйрену әрбір грек азаматының парызы болды. Рим халқында шешендік өнер қасиетті іс ретінде қабылданған. Олар қан майданда Отанын қалай қорғаса, бейбіт өмірде халық мәжілістерінде суырылып сөйлеу де әрқайсысының басты парызы саналған. Міне, сол кезде риторика ғылымы шықты. Шешендік өнерге баулитын тәлімгер ұстаз (ритор) мамандығы пайда болды.
Ежелгі түркі шешендерінің қатарында шамамен біздің дәуірімізге дейінгі 620 – 555 жылдары өмір сүрген Анақарысты мақтанышпен айта аламыз. Платон шығармаларында Анақарыс туралы мынадай пікір келтірілген: «Анахарсис – аңызға айналған скиф, өзінің Грецияға жасаған саяхаты кезінде даналығымен даңққа бөленді және Салонның ықпалымен өмірін философия ғылымына арнады». Скифтердің есімі тарихта тек әскери жобамен ғана қалған жоқ, ұлы даналардың Отаны ретінде де мәлім болды, — дейді Т.Жұртбаев. Бұл пікірдің шындығына атақты Геродот пен Страбонның философ, шешен Анақарысты «жеті ғұламаның бірі» деп мойындауының өзі де жеткілікті! Бір өкініштісі кезінде аты аңызға айналған ғұламаның өмірбаяны туралы деректердің сақталмағандығы. Геродоттың айтуынша, «Анақарыс – скиф патшасы Спаргапиптің шөбересі, Ликтің немересі, Гнурдың баласы».Анақарыс скифтерді билеген хан тұқымынан. Шешесі – грек қызы. Сөз өнерін жетік меңгеріп, билердің кеңесіне қатысып, шешендікті тыңдап, өзі де билік айтып ер жеткен. Біздің дәуірімізге дейін де ежелгі түркілерде билер кеңесі болғандығы жайлы Дьяконовтың дерегінен білуге болады: «Геродоттың жазуы бойынша, мидиялықтарда халық кеңесі болғандығын білеміз, сондай – ақ, ең ардақты ақсақалдар кеңесінің болғандығы да даусыз. Мұнда кеңестер мен мәжілістер «Авестадағы» «ханиаман» және «биаха», «биахман» деген сөздер арқылы белгілі», — дейді. «Ханиаман» мен «биаханның» түбірін «хан ием», «биеке» деген сөздерінен шығарып, Т.Жұртбаев хан кеңесі мен би кеңесі деп түсіндіреді. Олай болса тарихшылардың Анақарысты «билер кеңесіне қатысып, өзі де билік айтқан» деген сөздеріне сенуге болады. Анақарыс әскери өнерді де жетік білген, әскери қолбасшы болған. Ел іші бейбіт өмір кешіп немерелес бауыры Сабыл хандық құрған кезде дүниенің сырын білмек болып, жан-жағына үңіледі.Әйгілі философтармен тарихшылардың шежіресі ғалымдардың еңбектерін оқып, білімін кеңейтеді. Скифтердің тұрмыс тіршілігіне өзгеріс енгізуді армандап, элладалықтардың мемлекеттік құрылымы мен заң арқылы басқару жүйесіне қызығып, білмек болады.Осы мақсатпен «әлемнің жеті ғұламасының бірі» Солонды іздеп, скиф даласынан Афинаға аттанады. Геродоттың жазуынша, «элладалықтардың өнер – білімін үйреніп келу үшін, Анақарысты Элладаға жіберген адам скифтің патшасы» көрінеді. Тарихшылардың айтуынша, ол заманда көшпелілер көсемнің мұрагері жігіт шағында қол бастап, жаугершілік өнерін шайқаста сынамай, алыс сапарға шықпаған. Оның үстіне тақ мұрагерлерін әскери өнерге, шешендікке, тапқырлыққа жасынан баулыған. Сондықтан Анақарыс та әскери өнердің қыр – сырын жетік меңгерген. Анақарысты ұлы екі өнерге — әскери өнермен сөз өнеріне ұмтылуы тегін емес еді, өйткені бұл екі өнер қоғамдық қажеттіліктен туды, құлиеленушілікке қарсы әлеуметтік даму өрістеп, азат өмір сүруге, демократиялық қоғамның өрістеуіне қозғаушы күш болды.Ерте заманда гректермен римдіктер де, көшпелі түркілерде әскери өнермен шешендік өнерді құрметтеді. Шешендік өнерді ыждағаттықпен үйрену әрбір грек азаматының парызы болды. Рим халқында шешендік өнер қасиетті іс ретінде қабылданаған. Олар қан майданда Отанын қалай қорғаса, бейбіт өмірде халық мәжілістерінде суырылып сөйлеуге де әрқайсысының басты парызы саналған. Міне, сол кезде риторика ғылымы шықты. Шешендік өнерге баулитын тәлімгер ұстаз мамандығы пайда болды. Шешендік өнердің теориясының дамуына Дәуірлеу дәуірінің кемеңгері Кампанелла мен Томас Мор, Петрарка мен Данте, Рабле мен Шекспир, Сервантес пен Лопе де Вега шеберлігі зор әсер етті.Көне дәуірде шешендік өнердің көркейіп гүлденуінің екі кезеңі болған. Біріншісі, б.э.д.V-IV ғасырлар, Афина елінде отты шешен Периклден бастап даңқты шешен Демосфенге дейінгі уақыт, ал Румде б.з.д. бірінші ғасыр немесе Цицерон заманы. Сол дәуірлердің сипатынан шығарып, Цицерон: «Адамды ең жоғарғы құрметке жеткізетін екі өнер бар: бірі – жақсы қолбасшылық өнер, екіншісі — жақсы шешендік өнер», — деген еді. Осыны түсінген скифтің әскер басшысы Анақарыс бұл екі өнерді жан тәнімен жақсы көрді және шешендік өнермен әскери өнердің қыр-сырын жетік білген. Оған әйгілі философ Диогеннің: скиф Анақарыс Гнурдың ұлы және скиф патшасы Кадиудың бауыры еді, оның шешесі – грек қызы, сондықтан да ол екі тілді де білетін. Ол скифтермен элладалықтардың дәстүрі, өмірді жеңілдетудің жолдары туралы жазды және әскери айла – тәсіл жөнінде сегіз жүз өлең шығарды. Ерекше шешендігімен көзге түсті, «Скифтік сөйлеу мәнері», — деген еңбегі дәлел бола алады. Анақарыстың әйелі шешен Солонмен сөз жарыстырып, шешендігін сынау үшін Грецияға аттануы да осы даналық ілімге деген құмарлығы еді. Анақарыс келген уақыт Солонның егде тартқан кезі еді. Анақарыстың ұтқыр ойы, тапқыр сөзі, әрі қысқа, әрі нұсқа сөйлейтін ділмарлығы Солонның өзін қабылдауға мәжбүр етеді. Анақарыстың шешендігін дәлелдейтін деректерді Т.Жұртбаевтың «Дулыға» кітабынан алдық, Анақарыс сөздерінің қазақша аудармасы да осыдан.Солон мен Анақарыстың достығы өле-өлгенше жалғасады. Анақарыстың даңқты ойшылы Солоннан ділмарлықтың тәсілдерін үйреніп қана қоймаған, ол Солонның өзіне де түйінді мәселелерді шешуге ақыл қосып, ескерту жасап отырған, яғни Солон да Анақарыстан көп нәрсені үйренген. Әсіресе, заңға, философияға қатысты мәселелерге өзара пікір алысып отырған. Анақарыстың ойлау жүйесі, шешендік өнері талай ғұламалардың ғылыми еңбектеріне негіз болған. Бұл жөнінде ежелгі грек тарихшысы Плухтарх «Өмірнама жинағы» деп аталатын кітабында көп деректер келтіреді. Анақарыс Солонның мемлекеттік басқару жүйесіне арналған еңбегімен танысқаннан кейін заңға қарсы шығады: «Сіздің арманыңыз – адамдарды заң арқылы қылмыстан сақтандырып, қиянаттан қорғау. Оныңыз өрмекшінің торы сияқты заңның қарамағына ілінген. әлсіздер мен кедейлер тұтылып, әлділер мен қалталылар құтылып кетеді,» — депті. Бұл пікірдің дұрыстығын көп жағдайда өзі растап береді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.М.Жолдасбекұлы, Қ.Салғаралұлы, А.Сейдімбек Елтұтқа. Алматы 2001ж.Қыраубайқызы Ежелгі дәуір әдебиеті Алматы: Мектеп 2002ж. 85 бет. (63-65б.)
Достарыңызбен бөлісу: |