Ежелгі замандағЫ Қазақстан



бет1/2
Дата17.10.2023
өлшемі32,15 Kb.
#116744
  1   2
Байланысты:
ботай медениеті



ЕЖЕЛГІ ЗАМАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН
1.1. Тас дәyipi: кезендер, тарихи ескерткіштер. Teмip дәуipiнe өту: энеолит, Ботай мәдениеті.
Адамзаттың пайда болуы мен калыптасуы тас дәуірінен бастау алады. Тас дәyipi б.з.д. 2,5 млн. жылдай бурын басталып, б.з.д. ІІІ мынжылдықта аяқталды, яғни 2 млн. жылдан астам кезеңді қамтиды. Тас дәyipi: палеолит (ежелгі), мезолит (орта), неолит (жана) болып уш кезенге бөлінеді.
Ең ежелгі адамның қалдықтары және қам-қарекетінің іздері Шығыс Африкадағы Танзанияның Олдувай шатқалынан табылды. Оны «homo habilis» - «enті адам» деп, ал мәдениеті «шой тас» деп аталды, өйткені олар енбек кұралдарын дайындауга малта тасты пайдаланды: оның бетін ұрғылап, жару және кесу куралдарына лайықтады. Археологиялық ескерткіштердің табылған жері бойынша ежелгі мәдениет олдувайлык деп аталып кетті. Ол уакыты бойынша 2,5 млн - 700 мың жыл бұрынғы кезенді қамтиды. Бұдан бepi 700 мың - 140 мың жыл бұрынғы аралыққа шель және ашель мәдениеттері (франциядагы Шель және Ашель калаларының атымен аталған) тән болады. Бұл мәдениеттер төменгі палеолитке кіреді. Орта палеолит - бұл 140 мың - 40 мың жыл аралығындағы кезең, Ашель және Мустье (Франциядағы үңгірдің аты) мәдениеттері қалыптасқан уақыт аралығы.
Тарих ғылымында алғашкы адамдардың пайда болган жеріне қатысты екі түрлі көзқарас бар. Бұл тұжырымдардың бір бағыты (полицентристік) бойынша, адамзаттың пайда болган жері Африка, Азия, Еуропа кұрлығы, ал eкінші көзқарас (моноцентристік) бойынша - адамзат бip жерде, атап айтқанда - Солтүстік Шығыс Африкада, Алдыңғы және Оңтүстік Азияда пайда болды да, (өйткені ежелгі гоминидтердің негізгі шоғыр-шоғыр қалдықтарын археологтар осы жерлерден тапкан) содан кейін ғана жер шарының барлық аймақтарына қоныстанған деген тұжырым жасайды. Осы екінші көзкарасты қолдаушылар анағурлым көп. Бірақ қалай деп айтылса да, алғашқы қазак жері, яғни қазіргі Қазақстан аумағы төменгі палеолит - шель-ашель кезеңінен басталып ежелгі адамның пайда болуы мен қалыптасу аймағына кіреді. Ол кезендегі бұл жерде климаттың жылы да ылғалды, өсімдік әлемінің сан алуандығы және жануарлар түрлеріне өте бай болуы ежелгі адамның өмір cүруіне қолайлы жағдайлар тудырган.
Қазақстан аумағында адамның болған iздері, тастан жасалған енбек құралдары
- кескіш, қырғыш, тескіштер - төменгі палеолитке, ягни 1 млн. жыл бұрынғы кезеңге жатады. Өзінің даму барысында бұл адам «homo erectus» - «бойын түзеген адам» кезең деңгейінде турған eді. Ол от жағуды әpi оны қолдануды білді, аңшылықпен, терімшілікпен айналысқан. Ен көне енбек кұралдары – кескіш, кырғыш, тескіш, ұрғыштар Онтүстік Қазакстанда Каратау жотасының онтүстік батыс беткейінен, Қоңырдек калашығының тұсындагы Арыстанды өзенінің су жайылатын жайылмаларынан табылған. Мыңдаған кескіш, тескіш, келі-келсаптар табылған ерте палеолит тұрақтары Жамбыл облысы, Каратау каласының солтустік шығысында шоғырланған. Бул тұрақтар Бөріқазған, Тәңірқазған деп аталады. Сол кезенің ескерткіштері Қазакстанның баска бөліктерінен де кездеседі. Орталық Қазақстанда - Сарыарқаның солтүстік-шығысында орналасқан құдайкөл тұрағы, Жезқазған тубегіндегі Жаманайбат, Карағанды облысы Жезді ауданындағы Обалысай тұрактары. Шығыс Қазақстандағы мұндай тұрақ Kүршім ауданының Каратоғай ауылы маңындагы Қолғуты өзенінің жағасында орналасқан. Онтустік Қазақстандағы төменгі палеолиттің археологиялык казбаларының Азия және Африка аумақтарынан табылған осындай қазбалармен (материалы мен дайындау техникасы бойынша) үлкен ұксастықтары мен сәйкестіктері бар. Бұл қазақ жерінің төменгі палеолит уакытынан бастап-ақ адамның пайда болу, қалыптасу аймағына кіргенін тағы бip дәлелдейді.
Қазipгi уакытта жинақталган ғылыми материалдар мен деректерді кайта
ой елегінен өткізуде. Мұның маңызды бағыттарының бipi аридтік аймақтағы палеолит ескерткіштерінің ерекшеліктерін аныктау болып табылады. Осыған қатысты Семізбұғы, Шақпақата тұрактары сиякты баска да «ашық типтегі» тұрактардың алатын орны зор. Мәселен, Жезқазған облысы, Семізбұғы ұсақ шоқылы ауданының 2500-3000 м алаңынан 1611 дана тас бұйымдардың топтамасы жинақталган. Сол ceбепті де Казакстанның ежелгі тұрғындары питекантроп пен синантроптың замандастары болды деген тұжырым жасалады. Қазақстанда орта палеолит ескерткіштері кең таралған. Бұл кезеңнің тұрактары Онтүстік Қазакстан облысы, Арыстанды өзенінің он жағасындағы Қарасу мекенінде кеп кездеседі. Мұндай археологиялык ескерткіштер Орталык Қазақстанда Карағандының coлтүстігіне таман Бетпақ мекеніндегі Сарысу өзенінің орта ағысында орналасқан. Ал, Батыс Қазақстан аймағында Манғышлак түбегінен табылған.
Сонғы палеолит б.з.д. 40 мың - 10 мьң жылдықтар кезеңін камтиды. Бұл кезеңде адамдар Жер шарының барлык климаттык белдеулеріне коныстанып, нәсілдер мен нәсілдік топтардың топтардың қалыптасуы жүрді. Қоғамдық катынастар рулық қауымньң кұрылуымен басталып, коғамдық ұйым ретінде рулар пайда болды. Рулық ұйым аналық ру жүйесі негізінде кұрылды. Әйелдің үй шаруашылығындағы белсенділігі, ұрпақ жалғастырушы ретіндегі қасиеті айкындалып, қауымдағы басшылық орынды әйел иеленді. Бұл адамныңың қазіргі табиғи типі «homo sapiens» - «саналы адамның калыптасу уакыты болды. Оның рухани саладағы түсінігі күрделеніп, дін мен өнердің алғашкы нысандары, негізінен жан-жануарлардың кейіп-кескініне ену арқылы оларға билік жүргізі ceнімі аңшылыктың сиқырлы піріне табынушылық кең тарады. Алғашқы қауымдык өнердің басты такырыбы - жануарларды бейнелеу, ою, мүсін болды. Жердің құнарлылығын бейнелейтін сүйектен, тастан, балшықтан жасалған әйел мүсіндері болған. Қазақстанда жартастарға қашалып салынған бейнелердің 130-дан астам орны табылды. Алғашкы адамдардың о дүниелік өмір туралы түсініктері наным-сенімдердің қалыптаса бастағанын көрсетеді.
Онтүстік Қазақстандағы Шолаққорған қалашығының батысындағы Ащысай тұрағы, Шығыс Қазақстанның Бұктырма өзенінің оң жағалауындағы Үңгір турағы, сол Шығыс Қазақстандағы Қанай, Свинчатка және басқа да тұрақтар сонғы палеолит ескерткіштері болып табылады. Сонғы палеолиттің еңбек кұралдары Онтүстік Қазақстанда Каратау жотасынан, Шығыс Қазакстанда Epтіс анғарларынан, Сарысу
өзені мен Солтүстік Балкаш аймағынан табылған. Бүгінгі күні соңғы палеолиттің барлығы 150-ге жуық тастан жасалған және 20-ға жуық сүйектен жасалған кұралдары белгілі болып отыр. Бұл кезеңде адамдар ағаш пен сүйектен, теріден жасанды тұрактар тұргыза бастаган.
Ежелгі тас ғасырынан (палеолит) жана тас ғасырына (неолит) ауысуының аралығы орта тас ғасыры (мезолит) болып есептеледі. Ол біздің заманымыздан бұрынғы X-V мыңжылдықтарды қамтиды. Мезолит климаттың жылынуымен, мамонттар мен жүнді мүйізтұмсықтылардың өліп бітуімен сипатталады. Мезолит кезінде адамдар садақ пен жебені ойлап тапты. Сол себепті жылқылар, жабайы сиырлар және коян, суыр сияқты ұсақ аңдар да аңшылықтың көзіне айналған. Садақ пен жебенің ойлап табылуы адамзат санасындағы үлкен жетістік болып табылады. Мезолит тұрактарының негізінен өзен, көлдер жағалауында орналасқаны анықталған. Epтic, Есіл, Тобыл, Жайық өзендерінің аңғарларындағы, Манғыстаудағы (Қызылсу) мезолит тұрактары белгілі болып отыр.
Дамудың келесі сатысы неолит - жана тас ғасыры мен энеолит - мыс ғасыры, ғягни металл ғасырына өту кезеңі болып табылады. Неолит б.з.б. V—III мыңжылдықты, ал энеолит б.з.д. III-II мыңжылдықтьң екінші ширегін қамтиды. Бұл кезең тасты өңдеу техникасының ерекше дамыған дәуірі болып есептеледі. Тас кұралдарын жасауда тегістеу, бұрғылау, кесу тәрізді күрделі тәсілдер қолданылған. Тас балта, кетпен, дән үккіш келілер жасалды. Тұтыну шаруашылығы өнімді шаруашылыққа ауысты, ягни аңшылық пен терімшілік негізінде малшылық пен eгіншілік қалыптасты. Қарапайым тау-кен ici, тоқымашылық, керамика жасау ici, яғни кәсіп түрлері пайда болды. Алғашкы жасанды материал - отқа төзімді сазбалшық өндіріле бастады. Қоғамдьқ ұйымдар жүйесі күрделеніп, тайпалар мен тайпалык одақтар кұрылды. Қазақстанда сол кезеннің 600-дан астам археологиялык ескертюштері белгілі. Мұндай тұрақтар Oңтүстік Қазақстан облысындағы Караүнгір турағы, Атырау облысы Кұлсары тұрағы, Шығыс Қазақстанда Белокаменка ауылы маңында Қызылсу турағы, Солтүстік Қазакстанда Пеньки тұрақтары, сонымен бірге бұл аймақтан бірнеше неолиттік молалар табылған. Маңқыстауда Сенек тұрағы, Бозащы түбегіндегі -шебір турағы.
Казакстан аумағында табиғи аймақтар біркелкі болғандыктан және табиғи межелермен бөлінбегендіктен, онда біртегіс материалдык мәдениет қалыптасқан. Неолит кезеңіне жататын бip-бipiне ұқсас ежелгі тұрақтардан тұратын бірнеше археологиялық мәдениеттер қалыптасқан. Оларга Қазақстан мен Орта Азияньң едәуір бөлігін қамтитын Батыс Қазақстандағы Келтеминар мәдениеті (Каракалпакстандагы Келтеминар каналының атымен аталган), Акмола облысындагы Атбасар ауданында көбірек шоғырланған тұрактардың Атбасар мэдениеті, сондай-ақ көптеген ecкерткіштер Торгай жылғасында тұрған (Маханжар, Дузбай және т.б. тұрақтар) Маханжар мәдениеті.
Энеолит дәуірінде адамдардың өміріне металдардың, әcipece мыстан жасалған куралдардың көптеп енуі тән болды. Бұл жаңа археологиялық ескерткіштерден жайпақ түпті, оюға толы керамиканы, ұсақ мүсіншілерді, тұрғын үй құрылыстарын көре аламыз. Мыс кұралдарыньң eнуі оңтүстік аймақтарда диқаншылар мен малшылардьң дамуына ықпал етті. Далалық аймақтағы малшылыктың дамуымен қоса энеолиттің тас өндірісі де қоса дамыды. Далалық аймақтағы энеолит Көкшетау облысындағы Ботай бекетінің жанындағы елді мекеннің атымен аталған-Ботай мәдениеті. Ол Солтүстік Қазақстанның далалық энеолитін бейнелейді және ол б.з.б. III-II мыңжылдықтарга сәйкес келеді. Сонымен тас ғасыры аяқталып, металл ғасыры басталды. Kөpiп отырғанымыздай, адамның қалыптасуы мен дамуын кезеңдерге бөлу адамдардың еңбек құралдарын жасау үшін тас, мыс, қола, темір сияқты табиғи материалдарды игepyi негізге алынады. Адамның қалыптасуы мен дамуының өте ерте кезеңін әрқилы атауга болады. Мәселен, алғашкы қауымдық құрылыс. Ceбебі, алғашқы қауымдық құрылыс кезінде адам толык мәніндегі саналы адам ретінде қалыптасты, оның мәдениеті пайда болды, еңбектің қарапайым кұралдарын пайдалана отырып аңшылықпен, терімшілікпен айналысты. Оларды игергеннен кейн адамдар eгін өcipiп, аңдарды қолға үйрете бастады. Қауымдық болатын ceбебі: адамдардың ұйымы қарапайым болды. Оларда әлеуметтік және мүліктік тұргыда жіктелу болмады, қауымда топтар мен таптар, мемлекет жоқ болды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет