Ежелгі замандағЫ Қазақстан


Қола дәуірі. Андронов мәдениеті. Kөшпелі қоғам негізінің қалануы



бет2/2
Дата17.10.2023
өлшемі32,15 Kb.
#116744
1   2
Байланысты:
ботай медениеті

1.2. Қола дәуірі. Андронов мәдениеті. Kөшпелі қоғам негізінің қалануы.
Б.з.д. II мыңжылдықта Еуразия даласында қола ойлап табылды. Қазақстан аумағын мекендеген тайпалардың археологиялық ескерткіштері жалпы атаумен Андронов мәдениеті деп аталды. Өйткені, алғашқы қазылып алынған ескерткіштер Оңтүстік Сібірдегіi Ачинск каласының маңындағы Андроново селосының жанынан табылуына байланысты Андроновмәдениеті деген атау берген. Онда 1913 жылы Б.Андрианов археологиялык қазба жұмыстарын жүргізген. Сөйтіп, Андронов мәдени қауымдастығын зерттеу тарихы токсан жылға жуық уакытқа созылған. Осы уакыт ішінде еуразияның аса ipi мәдени-тарихи кұрылымының материалдық және рухани өмірі туралы бай мәліметтер алынды. Бұл мәліметтер Андронов тайпаларының шаруашылық өмірі, металлургиясы, керамика өндірісі, тұрмыстық және коғамдық құрылысы туралы ортақ көзкарастың тууына мүмкіндік берді. Оньң таралу аймағы Оңтүстік Ciбip мен Қазақстанның кең-байтақ кеңістігін, Оралдың жакын аймактары мен Орта Азияның аудандарын қамтыды. Андронов мәдениетінің негізгі орталықтарының бipi Қазақстан аумағы болды. Андроновшылар - бұл тегі жағынан туысқан, антропологиялык, лингвистикалық кұрылымы мен шаруашылык-мәдени өмipi бойынша жакын тайпалар. Археологиялық мәліметтер негіздегендей, Андронов тайпаларыньщ басым бөлiгi отырықшылық өміp салтын кешкен. Андроновшылар бақташылығы сәл басымдау малшылықпен және егіншілікпен айналыскан. Андронов мәдениетінің белгісі ретінде мәйітті бүгілген күйінде бip жақ жанымен, такта тастардан куралган «сандық тасқа» немесе тік бұрышты қима шұнкырларға жаткызылатын өзіндік жерлеу салты калыптасқан. Адам жерленгеннен кейін әртүрлі пішін үйлесімінде тік бұрышты, домалақ, сопақ нысанда немесе үйілген корған тәрізді, тас дуалдар түріндегі молалық кұрылыстар тұрғызылған. Кейде мәйітті өртеп жіберген.
Андронов мэдениеті мынадай үш кезеңге бөлінеді: ерте қола - б.д.д. XVIII— XVI ғасырлар, орта қола - б.д.д. XV—XII ғасырлар, соңғы қола - б.д.д. XII—VIII ғасырлар аралығын қамтиды. Орталық Қазақстанда Андронов мәдениетінің 30-дан астам мекені, 150-ден аса моласы табылды. Мұның ерте кезеңі - Нура өзені алқабынан табылғандыктан «нуралык кезең» деп аталган. Орта кезеңі - Атасу өзені алқабындагы молалар тобы бойынша атасулык кезең деп аталады. Сонғы кезені - беғазы-дәндібайлық кезені деп аталды. Бул кезеңге Қарағандыға жакын Дәндібай ауылынан жэне Солтүстік Балхаш тұсындағы Бегазы сайынан табылған ескерткіштер жүйесі кіреді. Солтүстік Қазақстанда Ботай ауданындағы ерте қола ескерткіштері табылды. Сол уакыттарда тұракты елді мекендер пайда бола бастады. Оларды қалалардың алғашкы бастауы болды деп санауға толык негіз бар. Кола дәуіріндегі Қазакстан аумағында болған Аркайым, Кент және басқа да қоныстарды алғашқы қалалардың үлгісі ретінде алуға болады. Олар өзіне тән қарапайым сәулеттік құрылымдарымен ерекшеленді: қорғаныс кұрылысы, сумен жабдыктау жуйесі, ғибадатханасы, дамыған кәсібі болды. Евразия даласында қола ғасырының (б.з.д. XVIII—XVI г.) көпке белгілі бірден-бір археологиялык ескерткіш-бекініс Арқайым елді мекені болып табылады.
Аркайым - бұл бекініс әpi сарай, шеберхана әpi турғын жай орталығы болған. Оның үстінен карагандагы көрініс шеңбер түрінде көрінеді, олардың ажыратылған бөлiгi - бұл каланың басты қақпасы. Үлкен шеңбердің ішінде тағы бір шеңбер орналаскан. Ескерткіштің жалпы ауданы 20 мың шаршы метрді кұрайды. Әрбір шенбердің ішінде бөренелерден салынған тұрғын үйлер орналасқан. Аулалар мен уйлердің шаруашылық қоныстарында - ошактар, кудыктар, шункырлар, металлургиялык пештер тур. Коныстың барлық аумағынан 60 турғын жай, керамикадан, суйек пен тастан жасалған бұйымдар топтамасы, металдан жасалган енбек куралдары және кен өндіру iciне катысты заттар табылған. Андроновшылар өзен жағалаулары бойына қоныстанып, отырыкшылык өмір сүрген, қоныстары терен орлармен жэне шарбақты жалдармен коршалған. Коныстардың ауданы 25-тен 150 шаршы метрге дейін, ұзын саны 10-нан 20-га дейін баратын, 1-1,5 метр жерге енгізілген қима ағаштар түріндегі улкен жертелелерден турады. Қос шатырлы немесе пирамида тәріздес келіп, діңгектермен ұсталған, оның түтін мен жарыққа арналған тесіктері болған. Үлкен отбасылы үйде 30-50-ге тарта адам тұрды. Ал қоныс, ipгелес eгістіктер, жайылымдар мен молалар бip руға тиесілі болды. Андроновшылар шаруашылығының басым түрі малшылық, ал негізгі тамағы ет пен сүт өнімдері болды. Андроновшылардың азық-түлігі шамамен 60-70% ipi қара мал етімен, 10% қой етінен, 20-30% жылкы етінен турады. Олардың басты дәулеті жылкы табыны болатын. Қоныс маңына жақын жайылымдар бipте-бірте тозғандыктан, андроновшылар әpбip 20-25 жыл сайын жана жерлерге қоныс аударып отырған. Б.з.д. XV ғасырда, яғни орта қола кезеңнен бастап бекініссіз елді мекендер пайда бола бастады, сол кезде малдарды жайлауға айдау дәстүрі қалыптасты. Бақташылар көктемде малдың бip бөлігін алыс жайылымдарға немесе тау шалғындарына айдап кетіп, малмен бipre көшіп-конып жүрді, содан тек күзде ғана мекендеріне бірақ оралып отырды.
Қазақстанның оңтүстігіндегі Қаратау мен Жетісудағы Таңбалыда жартастарға қашалып салынған суреттер (петроглифтер) шоғыры табылды. Жартастарға жануарлардың, басы күн бейнесіндегі адамдардың, күйме-арбалардың кескіндері қашап салынған. Мәселен, Алматыдан солтүстік-батысқа карай 170 км жердей Таңбалы аңғарында тұрган андроновшылардың кұдайлары бейнеленген. Таңбалы петроглифтері әлемнің мәдени құндылықтарының қатарына енгізіліп, ЮНЕСКО ұйымының корғауына алынған. Орта қола ескерткіштеріне, сондай-ақ Жетісудағы Қаракұдык моласы, Қаратау өлкесіндегі Таутары моласы жатады. Аралға жақын Сырдарияның төменгі ағысынан соңғы қола дәуірінің бірегей ескерткіші - Түгіскен кесенесін атауға болады.
Қола дәуірінің тайпалары алғашкы мәдени қабаттың негізін қалады, ал соның негізінде ерте көшпенділер мәдениетінің қалыптасуы жүрді. Адамдардың негізгі кәсібі бақташылык, мал шаруашылығы мен теселі не тәлімі eгіншілік болды. Мал шаруашылығында біртіндеп мал кұрамы өзгере бастады, көшпелі өмірге бейімделді, жылқылардың, қойлардың, түйелердің үлес салмағы арта бастады. Мысалы, соңғы қола дәуірінде табындағы жылқының үлесі 14-тен 36 %-ға өciп, андроновшылар мәдениеті жылкы шаруашылығы мәдениетіне айналды. Сондай-ак, сол кезеңде тайпалық көшпелі шаруашылықтың өсуіне байланысты екі өркешті түйелердің саны едәуір артты. Түйе бейнелері қыш бұйымдарда және жартастағы суреттерде кездесті.
Көшпелі өмірге бейімделудің белгісі ретінде малды жайлауға шығару кең етек алды. Алыс жайылымдардағы бақташылар қабырғалары өрмелі жеңіл қаңқалы қостарды – киіз үйдің алғашқы нұскасын сырғауылдардан тұрғызды. Төрт дөңгелекті арбаларға орнатылған көшуге оңтайлы киiз үйлер де қолданыла бастады. Б.д.д. II мыңжылдықтың аяғы мен I мыңжылдықтың басында климат жылынып, кұрғак климат калыптаса бастағандыктан көптеген жұрт көшпелі мал шаруашылығына ауыса бастады. Сол уакыттарда тайпалардың өмірінде металлургия манызды рөл атқарды. Енбек құралдары мен қару-жарақтарды дайындаудың шикізаты: мыс пен калайының қорытпасы - қола, кейде сүрме, мырыш, қорғасын болды. Қола өзінің беркітігімен, төменгі температурада балқытылуымен, әдемі алтын түсімен ерекшеленді.
Қоғамдық өмірді ұйымдастыруда eлеулі өзгерістер болды. болды. Аналык ру аталық румен ауысты. Алғашкы кауымдық катынастар біртіндеп ыдырап, мүлік теңсіздігі күшейе бастады. Оған андроновшылардың молалары дәлел бола алады. Олардың бipeyi үлкен қорған түрінде салынып, өлген адамның қаружарағы, әшекейлері бipгe койылатын болған. Әрине, кедейлері| де болды, oлapға қыш кұмыралар, карапайым әшекейлер, қурбандыққа шалынған малдың мүшелері койылган.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет