Жұмыстың мақсаты:екі шектеулі араласытын сұйықтардан құрастырылған жүйелердегі өзара ерігіштікті зерттеу.
Приборлар мен ыдыстар: термометр, сулы жылытқыш, қабаттасатын сұйықтары бар дәнекерленіп бітелген ампулалар жиыны.
Реактивтер: су, фенол, анилин, гептан, гексан.
Өлшеулер әдістемесі: шектеулі еритін сұйықтардың өзара ерігіштігін зерттеу В.Д. Алексеев ұсынған визуальды-политермиялық әдіспен жүргізіледі. Бұл әдістің мәні мынада: А және В компоненттерінің ара қатысы әртүрлі бірқатар қоспа әзірленеді. Қоспаларға ампулаларға дәнекерленеді. Ампулуларды термометрі бар сулы жылықышқа қойып, температураны көтереді. Термометрмен жылытқыштағы судың температурасын анықтайтындықтан, ампула ішіндегі мен сулы жылытқыш арасындағы термиялық тепе-теңдікті бұзбау үшін температураны жайлап көтеріп, жайлап төмендету керек. Гомогендену /біртектену, біртегістену/ температурасына жеткенде ампула ішіндегі қоспа мөлдірлену. Гетерогендену температурасын алу үшін ампуланы лай пайда болғанша жайлап суытады. Осылайша барлық ампулалардың гомогендену және гетерогендену температураларын анықтайды. Гомогендену мен гетерогендену температуралары бір-біріне тең болу керек. Іс жүзінде табылған температура мәндерінің бір-бірінен айырмасы болады, оның /айырманың/ шамасы эксперимент жүргізілген жағдайға байланысты. Тез қыздырғанда гомогендену температурасы нақты гомогендену температурасымен салыстырғанда - көтеріңкі, ал тез суытқанда гетерогендеу температурасының мәндері нақты гетерогендену температурасы мәндерінен төмен болады.
Жұмыстың орындалу реті. Барлық қоспалардың гомогендену және гетерогендену температураларын өлшеу /мәндеріндегі айырма 1-1,5°C аспауы тиіс/.
Температуралардың орташа мәндерін есептеу.
Қажет болған жағдайда көлемдік проценттерді салмақ проценттеріне айналдырып қайта есептеу.
Алынған деректерді таблицаға түсіру.
А-ның проценттік құрамы
Гомогендену температурасы
Гетерогендену температурасы
Орташа ерігіштік температурасы
А-ның %-тік көлемі
А-ның %-тік салмағы
Жүйенің ерігіштік температурасының құрамына тәуелділігі графигін салу.
Алексеевтің жарты диаметр әдісі бойынша жүйенің кризистік температурасы мен кризистік құрамын табу. Алынған эксперименттік деректерді әдеби деректермен салыстыру.
1-сурет. Төменгі кризистік еру температурасы бар жүйенің өзара ерігіштігіне температураның әсері.
2-сурет. Алексеев әдісі бойынша кризистік температура мен кризистік құрамды анықтау.
3-сурет. Қоспаның бастапқы құрамы өзгергенде қабаттар массаларының өзгеруі.
4-сурет. Жоғарғы кризистік еру температурасы бар жүйенің өзара ерігіштігіне температураның әсері.