Әкімшілік-аумақТЫҚ ҚҰрылыстың жаңа жүйесінің енгізілуі. Империяның жергілікті атқарушы өкіметі ұйымдарының ҚҰрылуы



Дата12.04.2023
өлшемі62,91 Kb.
#81786
Байланысты:
ӘКІМШІЛІК АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС-2


ӘКІМШІЛІК-АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫСТЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІНІҢ ЕНГІЗІЛУІ. ИМПЕРИЯНЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ӨКІМЕТІ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ. Хан билігі жойылғаннан кейін Қазақстанның Ресейге бағынышты аймақтарында Ресейдің саяси-әкімш ілік жүйесін енгізуге накты мүмкіндік туды. Мұнда жаңа аумактық құрылыс енгізіліп, соған орайластырылып, бүкіл Ресей империясындағыға ұксас басқару органдары құрылды. XIX ғасырдың 30-жылдарында үкімет билікті одан әрі орталықтандыруға және жергілікті органдарға бақылауды күшейтуге күш салды. Сенатқа жарлықтүрінде 1838 жылғы 6 сәуірде қабылданған «Сібір қазактарын жеке баскару туралы ережеде» 1822 жылы мемлекеттік құрылысты «сібір қазақтары арасына біртіндеп енгізу» үшін құрылған Омбы облысының өз рөлін орындағаны айтылды. Енді «Сібір казақтарын ш екаралық басқару деген атаумен жеке басқару құрылатыны» жарияланды.58 Оның орталығы, енді Тобыл губерниясының құрамына кірген Омбы каласында болды. Омбы облысыныңөзі таратылды, Петропавл каласы Тобыл губерниясының Есіл уезіне, ал Семей мен Өскемен Томск облысының Бийск уезіне берілді.59 Іс жүзінде Омбы облысы 1839 жылғы 1 қаңтардатаратылды. Н ақсонда ашылған Ш екаралық баскарманың басына полковник М. В. Ладыженский қойылды, ол «сібір қазақтарының шекаралық бастығы» деп аталды.60 Жалпы алғанда бұл әскер күшін қолданудың күшейтілуін білдірді, мұны қазак халқының ұлт-азаттық күресінің өрістей түсуі туғызған еді. Қ азақ халқынан жергілікті өкімет өкілдерінің сайлануы енді іс жүзінде шекаралық бастықтың бақылауында болды. Ал оған «тәуелсіз казақтарды жалпы тәртіпке бағынуға көндіру» немесе оларды өзіне бағынышты аумақ шегінен аластау міндеті жүктелді.61 1854 жылғы 19 мамырда кабылданған «Сібір комитетінің сібір казақтарына империяның жалпы зандарын тарату туралы ережесі» жергілікті ұйымдардың жұмыс істеуіне одан өрі өзгерістер енгізді.62 «Ереже» Сібір ведомствосында жалпыресейлік зандардың орныкканын жариялады. Мәселен, билер сотының қызметі едәуір қысқартылып, оған қарама-қарсы округтік приказдар әрекетінің сот саласы кеңейтілді. Би атағы сол кызметті атқарып келгендер үшін сақталды, бірақ болашақта ол «тек сұлтандарға, кемінде алты жыл қызмет еткен ауыл старшындарына және жалпы алғанда асқан мархабатпен бір нәрсемен марапатталған немесе қандай да бір қызмет аткарған адамдарға» беріле алатын болды.63 Егер бұрын 1822 жылғы Ж арлық бойынша би деп осы атақты шын мәнінде халықтан алуға лайықты адамдар танылса, енді оларды қауым сайлағанымен, бұл атаққа түпкілікті тағайындау округтік приказдың құзырында болды. Осы арқылы патша өкіметі қазақ қоғамындағы ежелден келе жатқан дәстүрлі жергілікті басқару институттарын бақылауға алуға ұмтылды. Шынына келгенде, үкімет сұлтандар жөнінде де осындай бағыт ұстады. М. М. Сперанскийдің реформаларын дайындау кезінде үкіметоргандарының казак қоғамындағы неғұрлым пәрменді билік санатын аныктауға ұмтыла отырып, сұлтандарды өзінің дала өңіріндегі саясатын жүргізудің әлеуметтік тірегі етіп, тандап алғаны белгілі.64 Алайда хан билігіне оппозицияда бола отырып, іс жүзінде сүлтандардың қауым өмірінде пәрменді рөлі болмады. Аға сұлтандарды тек кана ақсүйектердің өкілдерінен сайлау принципінің өзі оларды халы қтан қол үздірді. С үлтанны ң жағдайы оны патша әкімш ілігінің қолдауына тәуелді болды, сондықтан 1822 жылғы жарғы қолданысқа енгізілгеннен кейін сұлтандар институты, оларға берілген өкілеттіктерге қарамастан, өзінің коғамдағы бұрынғы әлеуметтік маңызы мен билігінен айырылды.65 Бірак шенеуніктік сословиеге айналған сұлтандар ресей шенеуніктеріне койылатын талаптарға сай келмеді. Оның үстіне аға сұлтандар өз билігін пайдаланып әр түрлі қиянат жасады және Н. И. Красовскийдің айтуынша, халықалдында бөрі үшін орыс әкімшілігін кінәлауды бетке тұтты.66 Е. Б. Бекмаханов халық арасында сұлтандардың беделі болмағаны туралы көптеген мұрағаттық дәлелдер келтіреді, соның ішінде мыналарды да айтады: «Ресей тарапынан қолдау жасалғанына қарамастан, билеуші-сұлтандардың қазақтар арасында жөнді беделі болмады... Бүлікшіл қазақтар сұлтандар билігін құрметтемегенімен тынбай, тіпті оларды өлтіріп те тастайтын...».67 Халықтан заңсыз алым жинау сұлтандар баскаруы ны ң дағдылы ісі болды. 8 Сондыктан заңнан аттап, сұлтан қызметіне шыққан тегі аксүйек емес адамдар — қазақтардың көшпелі қауымында, дегенмен де, нақты билігі бар билер мен старшындар сайланып отырды.69 Қ азақ даласында құрылып жатқан билікті орталықтандыру жүйесінде сүлтандардың өздеріне берілген рөлді аткара алмайтынына көз жеткізген үкімет сұлтандардың билік ету міндеттерін біртіндеп жоюға көшеді. 1854 жылғы «Ережеде» «аға сұлтандар кызметіндегілердің бәрі бірдей сұлтан сословиесінен шықпағаны» ресми түрде мойындалды.70 Ол былай тұрсын, енді аға сұлтандар мен кеңесші билер сайлауына ақсүйектердің өкілдерімен қатар заң жүзінде шендері мен медальдары бар адамдар, сондай-ақ «құрметке ие» қазактар да жіберілді. Нақ сол 1854 жылы Сібір ведомствосының қазақтарын басқару туралы ереже Қазакстанның империяға қосып алынған жаңа аудандарынан құрылған Семей облысына таратылды. Алайдасыртқы округтерде кабылданған заң ережелері бойынша, аға сұлтан қызметіне кандидаттар ендігі жерде сайланбай, оларды әкімшілік тағайындайтын болды.71 Сұлтандардың пұрсаттылығын жоюға бұлайша күш салушылықты 1855, 1861, 1862, 1865 жылдардағы заң актілерінен үнемі кездестіруге болады.72 Сонымен қатар заң бойынша болыс билеушілері мен аға султан қызметінен үміттене алатын адамдар аукымы кеңейе түсті. Оларға офицер шеніндегілер, үкімет марапаттаған жөне «ордалықтар арисынан шыққан, ешқандай ерекшелік белгілерін алмаса да,халықтың ерекше құрметіне бөленген» адамдар жатқызылды.73 Әр түрлі билік дөрежелеріне сайланған кандидатуралардың бәрі әскери губернатордың немесе генерал-губернатордың шешімімен бекітіліп отырды. Сонымен үкіметсұлтандар міндеттерін шектеп, қазақтарды жергілікті басқару органдарынатартудың әлеуметтік базасын кеңейтті. Мұндай саясат Казақстанның бағындырылған аудандарында әкімш ілік-аумакты к жүйе орнату кезінде билік органдарының казак коғамынан берік тірек табуға ұмтылғанын дәлелдеді. Бір ерекшелігі, бастапқыда алкалылык негіздері бар, «жұмсак» жүйе ретінде ойластырылған сібір баскару жүйесі бірте-бірте катаң әскери-әкімш ілік құрылыс жағына ойыса берді. Аумақтык-әкімш ілік бөліністерді одан әрі кұру кезінде Сібір ведомствосы шенеуніктерінің қазак руларын коныстандыруға көзкарасы осылайша — жұмсактыктан катандыкка қарай өзгерді. 1822 жылғы жарғыға сәйкес казак жерлерін әкімшілік бөлудің негізіне жергілікті түрғындардың рулық құрылысы ұстанымы алынғаны мәлім.74 Қазактардың көшпелі тұрмыс салтында бұлайша бөлудің шартты екені анык. Ол былай тұрсын, өмір тәжірибесі мұндай әкімшілік кұрылыстардың бүкіл жасандылығын көрсетті, соның нөтижесінде қазакхалкы тарапынан Ш екаралык баскару әкімшілігіне көптеген талаптар койылды. М әселен, 1843 жылы Баянауыл округі казған руының казақтары Көкшетау округіне жатқызылған өз руластарымен бірге жеке болыс күруға тілек білдірді.75 Ш екаралык баскарма олардың бұл өтінішінен бас тартты, ол мұны «бір атпен аталатын және өздерінің шыққан руы бойынша бір тайпа бола отырып, козғандар сиякты әр түрлі округтерге бөлінген және осылайша берілетін өтінішінен аңғаруға болады. 1844 жылы олар өздерін бір болыска біріктіруге өтініш жасаған кезде бастыктар «бұл шараны міндеткерлікті ж әне баскаларын орындау жөнінен халық үшін пайдалы деп білген» еді.77 Ж аңа болыс Ж апар-АткыМүлтік-Сары-Қарауыл деп аталды. Сібірдің баскару жүйесіне карама-қарсы әкімш ілік-аумакты к кұрылыс Орынбор өлкесінде баскаша жүргізілді. Қазакстанның батыс аймактарының әскери-стратегиялык маңызы Орынбор өкімет орындары ішкі саясаты ны ң ж азалау, қуғы ндау ш аралары басым неғұрлы м катаң жүргізілуіне себеп болды.78 Екі жүйе — Орынбор және Сібір жүйесінің баска бір айырмашылығы Орынбор ведомствосын баскару жөніндегі заңдык актілердің ұзак уакыт бойы әзірленбеуі болды. 1824 жылғы 31 каңтардан бастап мұнда Азия істері комитетінің аякталмаған сипаттағы каулысы қолданылды. Қазактарды басқару туралы заңның анық болмауы Орынбор Ш екаралык комиссиясы міндетінің де айкын түжырымдалмауына өкеп соқты. 1838 жылы ғана Сырткы істер министрлігі Орынбор әскери губернаторы В. А. Перовскийдің алдына: «Орынбор Шекаралык комиссиясы ның іс-қимыл ауқымы, оның міндеттері, бағыныштылық реті, бекіністі шептер бойындағы және басқаларындағы істер бойынша баска жерлерге көзкарасы, оның ішкі құрамы, қандай да болсын істерді бөлу және жүргізу төртібі және басқалар дәл әрі айқын анықталсын», — деген міндет қойды.79 Кейініректе бұл міндет кеңейтіліп, сайып келгенде Орынбор ведомствосының қазақтарын баскару принциптерін тәртіпке келтіру міндеті етіп қойылды, бұл үшін бірнеше жоба әзірленді. Қорытындысында, 1844 жылғы 14 маусымда Мемлекеттік кеңес «Орынбор қазақтарын басқару туралы ереже» қабылдады.80 Сыртқы істер министрлігінің жаңа «Ереже» туралы түсіндірме жазбасында былай делінген: бұл занды енгізу, біріншіден, «орданы баскарудың өзін ж ақсырақ етіп құру, алайда түбегейлі өзгертпей, осы кезге дейін болған тәртіптің басты негіздерін қалдыру; екіншіден, сол қазақтарды басқаратын Орынбор Ш екаралықкомиссиясына Шекаралық басқарма бойынша барлық істердің ойдағыдай жүруін қадағалап отыруға көп каражат беру» үшін қажет болды.81 Осының салдары ретінде, комиссияның штаты және олардың ақшамен жабдықталуы көбейді. Шекаралық комиссияның өсіп кеткен штатына ақы төлеуді үкімет казак халқы ның өз мойнына артты. Ш енеуніктердің жаңа кұрамына кажетті күміспен есептегенде 64 454 сом мөлшеріндегі жалпы сомадан Мемлекеттік казынашылык бүрынғы штатты ұстауға кететін шығын — 18 579 сомды ғана төледі, ал күміспен есептегенде 45 875 сом болатын зор айырмасын Сырткы істер министрлігі «орынбор казактарынан алынуға тиісті алым есебіне жаткызуға болады деп тапты». «Сонымен, — деп қорыткан әлдебір каржы маманы, — К ом иссияны ң казіргі, осынш а ж еткіліксіз қараж атын... Мемлекеттік казынашылыкка ешкандай ауыртпалыктүсірмей-ак көбейтуге болады»
1844 жылғы «Ереже» бүрынғы күжаттарға карйғанда нақты тұжырымдалған айкындамасы бар заң актісі болды. Онда былай деп мәлімделді: «Орынбор казактары орналаскан жерлер Ресей империясының бөлігі болады және Сырткы істер министрлігінің қарамағына кіреді. Ж ергілікті жерде жалпы баскаруды Орынбор Ш екаралык комиссиясы жүзеге асырды. Комиссияға кіргендер: төраға, оның серігі (яғни орынбасары), төрт кеңесші, қазақ халкынан терт заседатель, ерекше тапсырмалар шенеунігі, дәрігер жөне мал дәрігері. ІІІекаралық комиссияның мүшелерін — Сырткы істер министрлігі, ал заседателдерді Орынбор әскери губернаторы тағайы ндады . К ом и сси я ж алп ы р есей л ік м ем лекеттік м екем елерге теңестірілді, бірак губерниялык баскарманың билігі мен міндеттерін коса аткаратын және қазына, мемлекеттік мүліктер палаталарының, азаматтық ж әне кылмыстык соттың билігі мен міндетін біріктіретін барынша аукымды орган болды.83 Алайда комиссияныңтөрағасы облыстыкбаскарманың, яғни «өлкенің еңбасты бастығы» күкығы бар орынбор әскери губернаторының араласуынсыз әрекет жасай алмады. Іс жүзінде бүкіл баскару жүйесі губернатор тікелей бағынатын Сырткы істер министрлігінің бакылауында болды. Орынбор ведомствосы баскару құрылымының төменгі буыны «жеке басқару» дейтіннен тұрды, ол билеуші-сұлтандардан, дистанция бастықтарынан ж әне казактар арасынан тағайындалатын ауыл бастыктарынан кұралды. Әрбір билеуші-сұлтанныңжанында үнемі саны 100-ден 200 адамға жететін казак отряды, ал одан да баска — көмекші, хатшы, іс кағазда рын жүргізуші және бес шабарман болды. Билеуші-сүлтандардыц еңбисТЫ міндеттерінің бірі кадағалап отыру болды, олар сол аркылы «оз халКЫН төртіпті етіп, үкіметке адал ж әне айтқанынан шыкпайтын етіп* үстауға тиіс еді. Дистанция және ауыл бастықтарын тағайындауды «лайыкты және сенімді адамдарды тандап алу үшін» бірте-бірте жүргізу үсынылды.84 Ш екаралык комиссияның Ш. Бақтыгереев сұлтанға жауабында «жергілікті бастыктар әлсіз, тіпті сенімсіз адамдарды таңдауы мүмкін ордалықтардыңтандауы бойынша емес, бастыктардыңтағайындауы бойынша анықталады» деп турасынан мәлім делген.85 Мұндай нұсқамалар ресей өкімет орындарының қазақ қоғамында жоғары басш ылықтың мүдделеріне бағынған қызметші топ құру жөніндегі жалпы саясатын көрсетті. 1844 жылғы «Ережеде» ресей әкімшілігінің қазақ қоғамында өз билігін жүзеге асыру үшін әлеум еттік тірек орнатуға күш салғаны айқын суреттеледі. Бұл, ең алдымен, ж ергілікті халықтың өкілдері үшін жаңа орындардың құрылуы. М әселен, бұрын Орынбор ведомствосының БаТыс, Орта жөне Шығыс бөліктерін баскарып келген үш билеуші-сұлтанға тағы да бір, төртінші сұлтан косу ұсынылы.86 Бұған коса казак дистанция бастықтарының саны көбейтілді, олардың саны 75 адамға дейін жетуге тиіс болды. Сыртқы істер министрлігінің шенеуніктері бұл шараны ТІкелей былай деп түсіндірді: «олар келтіретін пайданы тәж ірибенің өзі делелдеп отыр, өйткені кейбір жерлерде қазақ старшындарынан сайлап КОЙылатын дистанция басты ктары тағайы н далған кезден бері ол Жерлердегі казақтар тәртіпті барынша сақтап, бағыныштылықтан шыкпай келеді».87 Н аксол максатпен, атап айтқанда «жаксылап кадағалау» үшін казактарды ң ауыл басты қтары ны ң саны көбейтілді, олар өз Міндеттерін, баска шенділерден айырмаш ылығы әсте де жалакы үшін емес, «өз міндеттерін орындауда ынталылығымен және іскерлігімен ерекціе көзге түсетіндерге уакытша берілетін награда» үшін орындайтын. Шекаралык комиссия жөнінен «үкіметке кызмет көрсеткен немесе ерекше адалдығымен көзге түскен казактарға сондай зейнетакылар мен бір жолғы жәрдемакылар төлеу» үшін арнаулы «зейнетакы капиталын кұруды да сондай шараларға жаткызу керек.89 Айта кеткен жөн, үкімет кордың акша каражаты көздерінің бір бөлігі катарына, «ондай алымды «Ережеде» ең жаксысы еске алмау керек деп танылған», казактардың өздерін жатқызды.90 1844 жылғы «Ережеде» билер сотының міндеті едәуір қыскартылды, оларға онша маңызды емес істерді карау ғана калдырылды. Ал негізінен алғанда бүкіл сот ісін жүргізу әкім ш ілік ұйымдарының сот үкіміне жүктелді. Үкіметке карсы шығу, кісі өлтіру, тонау, барымта мәселелері өскери соттың қарауына түсті. Үрлықты, алаяқтыкты, 50 сомнан астам мүліктік талап-арызды Ш екаралык комиссия жанындағы азаматтық кылмыстық сот карады. «Ереженің» мәтінінде іс жүзінде Орынбор әкім ш ілігінің практикасында сол кезде-ак болған шындық орнықтырылғанын, олар нактылаНЫП, заң арқылы бекітілгенін атап өткен жөн. Ш екаралы к комиссия жанынан шептік бекіністер бойындағы казақтар үшін камкоршылар институты ны ң құрылуы мүлде жаңа іс болды. Қамкоршыларға «казактарды олардың шеп тұрғындарымен әр алуан түрлі ш аруалары жөнінен корғау мен сақтау» міндеті ж үктелді.91 Ж ергілікті казактардың малын тебіндетіп жаю үшін ішкі ж акка өткізу кезінде шеп бойындағы казактармен арада болатын көптеген кактығысулар қамқоршылық қадағалауды енгізудің басты себебі болды. Берілген арыздардың көп болғаны, ал Ш екаралық комиссияда соттың іс қарауының тым баяу жүргізілгені сонша, сыртқы істер министрі граф К. В. Нессельродтың айтуына Караганда, «қырғыздар мен қазақтардың наразылықтары мен шағымдары, олардың арасындағы әр түрлі даулар мен келіспеушіліктер» көп қордаланып қалған. Бұдан әрі министр «осының бәрі туралы шеп бойындағы казактардың бастыктарына да тиісінш е ескерту жөн болар еді» деп косуды каж ет деп тапты.92 Ішкі істер министрлігінде әзірленген нұскауларға сәйкес камқорш ылардың міндетіне қазактар мен казактар арасындағы шеп бойынша сот істерінің мейлінше тез және дұрыс өтуін кадағалау жүктелді. Тергеуш ілер жұмысын қадағалауды жүзеге асыра отырып, олардың өздері тергеу жүргізуге кұкығы болды. «Қамкоршылар бір жерге байланып калмай... кайта барлыкжерде өзініңкөзі болып, мүмкіндігінше бәрін де кадагалап отыруы керек еді». Олардың басқа бір маңызды міндеті «бекіністі шеп бойы тұрғындарының шептен тыскары жердегі әлдебір ш абындық немесе басқа да жерлерді әсте де қайтадан басып алмауын үнемі бакылап отыру» болды. Алайда «шеп сыртында болып жаткандардың бәрі олардың міндеттеріне ресми жатқызылмауға, сол сияқты олар казақтардың өз арасындағы ешкандай да істеріне араласпауға тиіс еді».93 Сонымен орталык өкімет орындарының ойлауы бойынша, қамқоршылык институтының енгізілуі сол аймакта калыптасқан дүмпу қаупі бар жағдайды бәсеңсітуге тиіс болды. Ө йткені «Ереже» жобалары ның бірінде турасынан тәж ірибе деп атанған мұндай экспериментті «қазақтардың шеп тұрғындарымен кактығыстары шынында дд бәрінен жиі болатын О рынбор ш ептерінің бірінде» өткізуге ұйғарылғаны тегін емес, «ал олар Орал ш ебінде Ж айы қты ң арғы бетіндегі қазактар мен казактар арасында істер (сот істері жайында айтылып отыр. — Ред.) кездеспейді деуге болады».
Мұндай әрекеттердің сипаты үкіметтің қазак даласының халык толкулары пайда болып, наразылык пісіп-жетілген шектерінде неғұрлым икемді ішкі саясат жүргізуге үмтылғанын дәлелдейді. Санкт-Петербургтің ұсынысы бойынша, 1844 жылғы «Ережені» бастапкыда бес жылға арналған тәж ірибе түрінде Орынбор ведомствосында енгізу көзделгені наксонды ктан. Осы уақыттың ішінде Орынбор Ш екаралык комиссиясының барлык шен иелері қазақтарды баскаруды кадагалап, оны жетілдіру туралы түжырымдар жасауға, ол жөнінде әскери губернаторға жеткізуге тиіс болды.95 Орталык Орынбор әкімш ілігіне өлкеде кез келген іс-ш аралар жүргізу кезінде нак сондай ұкыптылык пен сақтық корсету ұсынылды. М әселен, 1846 жылдың маусымында Орынбордың әскери губернаторы М. В. Ладыженский Ішкі істер министрлігінің кеңсесінен кұпия нұскама алды, онда жаңа бекіністерге қамқорш ылар тағайындау туралы оның жіберген сауалына былай деп көрсетілген: «алыс ішкі жақтан бекіністер салу әзірге жаңа іс, мұның калай жүретінін, казактардың және т.б. өздерін калай ұстайтынын байкап көріп, сонда ғана уакыт пен тәж ірибенің калай көрсететініне карай одан арғы кимылдарға кірісу керек», — деп көрсетілді.96 Ал Ш екаралык комиссияға Қ азак даласында «казактар арасында салмағы бар және кұрметті адамдардан сенімді дистанция бастықтары» аркылы өзіне тірек жасауға, мұның өзі комиссияның «солар арқылы барлық мәліметтері жөне алуға қажет болған жағдайларда солар арқылы әрекет жасауына» мүмкіндік туғызатынына, «сол бекіністер маңайында көшіп жүретін қазақтар жөнінде шын мәнінде қандай шаралар қажет болатынын көбірек ойластырып, одан кейінгі мәнжайларды түйіндеуге уақыт беретініне» өкім етілді. Қазақтармен катынастарды ушықтырып алмау үшін жергілікті өкімет орындарына олардың «қазақтардың өз арасындағы істеріне» ешқандай да араласпауға тиіс екені тағы да ескертілді. Ж инақтап алғанда, Ішкі істер министрлігінің Орынбор әкімшілігіне ұсынған қазақ тайпаларымен катынас тактикасы мынадай өсиеттерден құрылды: «Қарапайым қазақтар мен адал бодандарға кішіпейілділік, мейірбандық және әділдік көрсетілу керек, бірақ ешқашанда сақтық та үмытылмауға тиіс. Ресей үкіметіне адал болуға толқулы қазақтарды... Біздің Үкіметке бағыну борышына кішіпейілділік шараларымен келтіругетырысу керек. Мейірімділікпен жөне өділдікпен қамқорлық жасай отырып, Ресейге сол сияқты бейбіт бағыныштылық және адалдықсезімдерін нығайту, оларды ертелі-кеш ең жаман зардаптары болатын бүлікш ілерм ен ауы з ж аласуды ң қанш алы қты зиян өкелетініне иландыру керек...».
Сібір және Орынбор ведомстволарында үкімет қүрған екі басқару жүйесінің арасындағы айырмашылықтарды айта келіп, оларды үксастыратын мән-жайларды да атап өткен жөн. Екі жүйе де тым жайылып кеткен және оншатиімді болмады. Қарауда жатқан істер баяу орындалды, кейде бірнеше жыл бойына созылды. Кадрлар мәселесі шешімін таппады, олардың жетіспеуі немесе көпшілігінде мүлде болмауы барлық деңгейдегі өкімшілік органдардың өз міндеттерін орындауына тікелей өсерін тигізіп отырды. Іс жүзінде хатшының немесе заседателдің міндеттерін қатардағы тілмашка беру үйреншікті шаруаға айналды.98 Ш енеуніктер арасында парақорлық етек алды. Мысалы, шенеуніктер де, Сібір округтік приказының казактары да Қ азақ даласына іссапарға шыккан кезінде ауыл старшындарынан есебін тауып «олар осында болғанда, қазактарға ешкандай қысым және қоқан-лоқы жасаған жоқ» деген квитанциялар алып жүрді. Осыдан соң әлгі шенеуніктер осындай құжаттар арқылы өздерін қандай да болсын жауапкершіліктен қорғалған деп санап, енді өздерінің заңсыз қылықтарының мөлшерін білмеді».99 Ресей империясының қазақ жерінде орнатқан әкімшілік-аумактық басқару жүйесінің өзі көшпелі кауымның ішкі өміріне қол сүғу, қазақ үшін мүлде жат және бүлдіруші болып шықты.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет