Әкімшілік құқық гос сұрақтарының жауаптары Әкімшілік құқығының түсінігі мен пәні?



бет2/18
Дата07.02.2022
өлшемі49,19 Kb.
#25001
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
әкімшілік гос

2.Әкімшілік құқықтың әдісі?

 Қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің,яғни әкімшілік құқықтың әдісі болып

әкімшілік-құқықтық қатынастарға ықпал етуге көмектесетін әдіс-тәсілдер,шаралар жиынтығы саналады.Бұл жиынтықты құрайтындар:

а) құқық беру-тұлғаларға өздерінің жеке белсенді әрекеттеріне құқық беру;

ә) тыйым салу -белгілі бір әрекеттерді жасаудан тартынуды талап ету;

б) позитивті міндеттеу-тұлғаларға өздерін дұрыс ұстау міндетін жүктеу.Мемлекеттік билік

әдістері – басқару органдарының,олардың лауазымды тұлғаларының басқарылатындардың еріктері мен саналарына тікелей ықпал етудің әртүрлі тәсілдері.Мемлекеттік билік әдістерін келесі белгілер сипаттайды:барлық мемлекеттік билік әдістері мемлекеттің еркімен құрылады және одан туынды;әдетте олар мемлекеттік қызметті орындау процесінде жүзеге асырылады; Әкімшілік-құқықтың ғылым ретінде бастысы-тек қана әкімшілік-құқықтық қатынастарды зертеу емес,сонымен қатар әкімшілік құқықтың даму перспективасын белгілеу,адам мен азаматтың абсолютті және бөлінбес құқықтарын конституциялық бекіту,биліктің бөлінуі және ҚР Конституциясындағы басқа да тенденцияларды белгілеу болып табылады.Әкімшілік құқықтың пәні болып оның нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар табылады.Бірақ,әкімшілік құқық нормалары заңнаманың басқа да салаларында қолданылуы мүмкін (денсаулық сақтау,экология туралы және т.б.).Өз кезегінде,мысалы,білім беру басқармасы органдарының қызметі әкімшілік, еңбектік,қаржылық,білім беру туралы заңнамаға негізделген.Әкімшілік-құқықтық актілердің көбісінің жүйе құраушылық белгілері бар.Бір жағынан, мұндай актілер өзіндік мәнге ие,себебі қатынастардың белгіленген тобын реттейді (мысалы органдардың,лауазымды тұлғаның мәртебесі немесе құзыреті),келесі жағынан-нақты сұрақтарды шешудегі қызметтің процессуалдық шегін анықтауда сақталады(мысалы көлік инспекциясы органдармен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді өндіру бойынша нұсқау)мемлекеттік билік субъектілерімен мемлекет атынан қолданылады;мемлекеттік-биліктік құзыреттерге ие; әдетте құқықтық немесе ұйымдық нысанда болады және жан-жақты бағытта болады.Осы аталған әдістерді дұрыс қолдану мемлекеттік билікті жақсартады, сондықтан бұл әдістерді әрі қарай қолдану және жетілдіру мемлекеттік билікті жақсарту болып саналады.Мемлекеттік басқару әдістері мемлекеттік сипаттағы қызметті жүзеге асыру үшін қолданылады.Осыған байланысты олар көбінесе басқарушылық қызметтің құқықтық нысандарында көрінеді.Басқарушы ықпал ету сипатына қарай бөледі: моральды-саяси әдістер (тәрбие, агитация, пропаганда және т.б.), ұйымдастыру әдістері (координация,келісім, бақылау,инспекциялау,нұсқауландыру,алқалылық және т.б.)әлеуметтік әдістер (сұхбаттау, анкеталау, эксперимент және т.б.),

психологиялық әдістер (психологиялық сендіру, мотивация, авторитет және т.б.),әкімшілік және экономикалық әдістер.Әдістердің көп болуы басқару процесінің қиындығына және күрделілігіне негізделген.Мемлекеттік басқаруда әкімшілік және экономикалық әдістер маңызды орын алады. Әкімшілік әдістер басқарылушы еркінің басқарушының еркіне бағынуымен сипатталады.Оларда басқару қызметінің табиғаты анық көрсетілген.Әкімшілік әдістерді қолдану басқару субъектілеріне басқарылатындарға тікелей ықпал етуге мүмкіндік береді.Әкімшілік әдістер мемлекеттік қауіпсіздікті, ішкі істерді басқаруда ерекше рөл атқарады.Басқарудың әкімшілік әдістері сыныпталады: бейнелену сипатына байланысты-әкімшілік-құқықтық және әкімшілік-ұйымдастырушылық; заңдық қасиеттеріне байланысты – нормативті және жеке. Нормативтілерге нұсқаулар және т.б. басқарылатындардың қызметін реттейтін актілер жатады. Жекелерге – нақты орындаушыларға жіберілетін тікелей бұйрық түріндегі нұсқаулар. Басқару субъектілерінің тәртібіне ықпал ету тәсіліне байланысты әкімшілік әдістер бөлінеді:

а) белгілі бір әрекеттерді істеуге міндеттейтін;

ә) белгілі бір әрекеттерді істеуге құзырет беретін;

б) әлеуметтік пайдалы әрекеттерді істеуге ынталандыратын;

в) белгілі бір әрекеттерді істеуге тыйым салатын.Экономикалық әдістердің әкімшілік әдістерден айырмашылығы олар басқару объектілеріне тікелей емес,жанама түрде ықпал етеді. Экономикалық әдістердің арасында мынадай әдістер маңызды рөл атқарады:баға,табыс, сыйақылар, несие, экономикалық санкциялар.Мемлекеттік басқарудың әкімшілік және экономикалық әдістері бір бірімен тығыз байланысты.Мысалы, материалдық ынталандыру басқарманың заңды актілерін құзыретті органдардың басуы арқылы рәсімделеді. Сондықтан басқарудың әкімшілік және экономикалық әдістерін бір біріне қарсы қоюға болмайды. Әкімшілік құқық басқа да құқық салалары сияқты заңдық нормалардан тұрады. Ортақ пәнмен және әдіспен реттелетіндіктен біріктірілген әкімшілік-құқықтық нормалар институттар құрайды, ал олардың негізінде біртұтас сала жүйесі құрылады. «Әкімшілік норма» түсінігі мынадай мағыналарда қолданылуы мүмкін: заңдастырылған ереже негізінде басқару; ережелермен орнатылған көпшіліктің мүдделері үшін басқару.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет