56
кетуіне септігін тигізеді. Үйінде ерініп, ештеңеге зауқы
болмаған Дональд Трамп пен ерінбей отырған Дональд
Трамптың арасындағы бес секунд уақыт бар еді, сол се-
кундтар оның бар өмірін өзгертті.
Тағы да айтарым, кез келген жүйе тыныштыққа ұмты-
лады. Мысалы, біздің ағзаға да ең ұнайтын нәрсе – жата
беру. Сондықтан ұйықтағанда демаламыз. Ми – адам ағ-
засындағы энергияның 8%-ын қалыпты жағдайда өзіне
қорек етіп алып тұрады, ал егер сәл ойлансақ, 38%-ын,
яғни ағзадағы энергияның 1/3 (үштен бір) бөлігін алады.
Сәл жұмыс істесек, ойлансақ, қарнымыздың ашатын се-
бебі осында, өйткені, ағза энергияны талап етеді. Біздің
ағзаға мидың жұмыс жасауы қолайлы емес, екеуі сон-
дықтан бір-біріне әрдайым қарама-қайшы келіп қалады.
Ағзамыз энергияны сақтап қалу үшін,
миды әрдайым ты-
ныштыққа алып кетуге тырысады. Сондықтан миды ұй-
қыдан шығарып тұру үшін «momentum» – бес-ақ секунд
қажет.
Бір мысал келтірейін. Бенджамин Франклин – фи-
лософ, ғалым, мемлекет қайраткері, оның портреті жүз
доллар ақша белгісінде бейнеленген. Ол өзінің доста-
рынан «қандай жаман мінезім бар?» деп сұрайды. Олар
Франклинге он үш кемшілігін айтып береді. Бенджамин
Франклин әр апта сайын бір минусымен күресіп, он үш
апта бойы жаман мінездерін түзеп отырған.
Басқадан сұраудың жақсы жағы – минустарыңды өзің
іздегенше, басқалардың айтқаны дұрыс, себебі, «сырт
көз – сыншы».
Хэл Элрод
20
өзінің әйгілі «Магия утра. Как первый час
дня определяет ваш успех» (The Miracle Morning. The Not
SoObvious Secret Guaranteed to Transform Your Life) деген
кітабында осының тамаша жолын айтады. Ол күндердің
бір күні өзін дамытуды алға қоюды шешкенін жазады. Сол
күні отыра қалып, хат жазады.
Электронды поштасына
жиырма үш адамның адресін белгілеп барып тоқтайды да,
әрқайсысына мәселесін баяндайды. «Өзімді дамытумен
_____________
20
Хэл Элрод – жазушы, «Магия утра» кітабының авторы.
айналысқым келеді. Маған көмегіңіз керек. Мықты және
әлсіз тұстарымды белгілеп берсеңіз», – деп шынайы
пікір сұрайды. Әрине, бұл робот кұрастырған кұрғақ хат
сияқты болмауы керек, жеке адамға деген жеке қарым-
қатынасыңыз сезілуі тиіс. Бірақ ең бастысы, бұл әдіс
жұмыс істейді. Өйткені өзің туралы шындықты сұрағанда,
адамдар көп жағдайда, турасын айтады. Әрине, сын есту
ешкімге ұнамайды.
Алайда сын шын болса, дертке дауа
болатындай күші бар.
Мен де осы жолдан өттім. Хат жазған жоқпын. Таныс-
тарыма: «Мен туралы не ойлайсың? Кемшілігім мен ар-
тықшылығым қайсы?», – деп сұрау салдым.
ЖІГІТТЕР ӘДЕТТЕ БІРІН-БІРІ АЯМАЙДЫ. «Ко-
сягыңды» бетіңе жақсылап тұрып басады. Мысалы,
тез сөйлеген соң алаяқ сияқты көрінуім мүмкін. Көп
адам сенбейді екен. Бұл мен үшін ащы шындық болды.
«Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан» деген сол
болар, сірә. Мектепте де, колледжде де мұғалімдермен
жақсы араластым. Балалардың арасындағы әңгімелер
олардың құлағына жетсе, автоматты түрде бәрі менен
көретін. Қатысым болса жоқ да, бәрін жеткізетін жеңіл
ауыз мен сияқты қабылдайды екен. Соның бәрімен кү-
рестім. Жеңдім. Өзімді, ойымды,
ниетімді қай ортада да
сауатты түрде жеткізуге дағдыландым.
Кемшілік көп, комплекс болуы мүмкін, фобия болуы
мүмкін, бірақ оның жеңуге болмайтыны жоқ.
Құдайдың бізге адыраспандарды бергені анық. Олар
біздің бойымыздан бірден жоқ болып кетпейді. Сенім-
сіздікті қолданатын болсақ, «бір нәрсені істейiн бе, әлде
істемейін бе?», «бойымда ондай қасиет бар ма, жігерім
жетеді ме?» деп сенімсіздік танытпай, бір жеңіске жетіп
жатсақ, «бұл жақсылық, бұл жеңіс шынында да менен
бе, әлде Құдайдан ба?» деп сенімсіздік танытайық. Қыр-
сығатын болсақ, өзіміздің жүрмей жатқан тірлігімізге
қайсарлығымызды қайрау үшін қырсығайық. Эгомызды
қолданатын болсақ, білім, тәлім алғанда,
тек қана өзіміз
қолдану үшін, тек қана өзіміз ғана үйрену үшін, тек қана
58
өзімізге пайдалы болу үшін ғана үйренейік. Біреуге айту
үшін, біреудің аузын жабу үшін емес. Жалқаулық таныта-
тын болсақ, біреуді жамандайтын кезде, біреуді кінәлай-
тын кезде, біреумен жарысатын кезде жалқауланайық.
Егер адыраспандарды жеңбесең, сенің үйренгенің,
ақылды болғаның, барлығын дұрыс істегеніңнің құны –
бес тиын. Біз өзімізді жеңген сайын,
елдің көбі ұмтыла-
тын материалды құндылықтардың қалай келгенін өзіміз-
ақ байқамай қаламыз.
Екі қабатты үйге, қымбат автокөлікке, он бес мей
рамхананың иесі болуға емес, өзіңнің мықты, мінсіз
нұсқаңа талпынсаң, соған жетсең, жақсы бір қосымша
ретінде материалды құндылықтар өзі пайда болады.
Сонымен, минустарыңды түртіп ал, дұрыс қабылдай
біл және олармен жұмыс жаса!