Меншік иесі: Ахмет Байтұрсынов атындағы



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата02.03.2017
өлшемі13,56 Mb.
#5112
  1   2   3   4   5   6

C

M

Y



K

МЕНШІК ИЕСІ: 

Ахмет Байтұрсынов

атындағы  

Қостанай мемлекеттік 

университеті.   

Ректор Хұсайын ВАЛИЕВ

АҚЫЛДАСТАР АЛҚАСЫ:

Төраға

Кенжеғали САҒАДИЕВ 

Төлен ӘБДІКОВ

Хұсайын ВАЛИЕВ

Алмас ӘБСАДЫҚ

Гүлнар БЕРКЕНОВА

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:

Бас редактор

Ақылбек ШАЯХМЕТ

8(705) 650-65-51

шығарушы редактор

Қымбат ДОСЖАНОВА

8(702) 514-14-03

менеджер-дизайнер

Айтолқын ҚАПАН

Журнал ҚР Мәдениет, 

ақпарат және  

қоғамдық келісім

министрлігінде  

2002 жылы 

18 қарашада тіркеліп,

№3386-Ж куәлігі берілген.  

Екі айда бір рет шығады.

Редакцияға келіп түскен 

хаттар әдеби өңделеді, 

қысқартылады, 

ойы сақталып түзетіледі. 

Көлемі үш компьютерлік 

беттен асқан материалдар 

қабылданбайды.

Журнал 2003 жылғы 28 қаңтардан шыға бастады

5(84) қыркүйек-қазан, 2016 жыл  

«Мен еңбекқор, сабырлы және әрдайым 

сенімді  Қостанай  халқын  ерекше 

бағалаймын.

Сіздерге әрдайым ерекше алғысымды 

білдіріп, денсаулық пен бақыт тілеуден 

жалықпаймын.»

   

 

 

 

 

                                                        Н.Ә. Назарбаев



      Қостанай  облысы  өзінің  сексен  жылдық  мерейтойын 

атап өтуде. Айтулы мерейтой өзінің жасампаз еңбегімен 

облыстың  экономикалық  іргетасын  қалап,  өндірістік 

кәсіпорындарын көтерген, жаңа қалаларды тұрғызған, тың 

игеріп,  сол  арқылы  республиканың  астықты  астанасы 

мәртебесін алып берген бірнеше  ұрпақ өкілдерінің басын 

біріктіреді.

    Осының барлығы Қостанай жеріне бауыр басқан әртүрлі 

ұлт  пен  ұлыс  өкілдерінің  бірлігі  мен  жарасымдылығының 

арқасында мүмкін болды.

   Бүгінде қостанайлықтар Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы 

Назарбаевтың саясатын қолдай отырып, жаңа тарихты 

–  Тәуелсіз  Қазақстан  жылнамасын  жазуға  ат  салысуда. 

Облыс аграрлық өңірден аграрлық-индустриалдық аймаққа 

айналды, біз экономиканың жаңа салаларын игере бастадық, 

ел болашағы үшін жауапкершілікті жүк еткен жас, келешегі 

зор басқарушылар толқыны өсіп келеді.

     Облыс тарихының негізін қалауға ат салысқан жандарға 

лайықты  құрмет  көрсете  отырып,  жаңа  белестерді 

белгілеп, болашаққа сеніммен қараймыз.

C

M

Y



K

                                                    

Жақсы жаңалық

А . Б а й т ұ р с ы н о в 

атындағы  Қостанай 

м е м л е к е т т і к 

университетінде әскери 

кафедра  ашылды.  Оқу 

жылының басында уни-

верситетте  қабылдау 

комиссиясы  жұмысын 

бастап  кетті.  Болашақ  

офицерлерге  талап 

қатаң. 


Студенттер  әскери 

кафедраға 4 талап бой-

ынша  қабылданып  жа-

тыр. Олар медициналық 

комиссиядан өту, кәсіби 

психологиялық  іріктеу, 

дене  дайындығы  бой-

ынша  нормативтер 

т а п с ы р у   ж ә не   б і р 

жылдағы  үлгерімінің 

орташа  балы.  Әскери 

кафедраның  негізгі 

мақсаты: Қазақстан Республикасының әскери-

оқытылған қорын дайындау, әскери патриоттық 

тәрбие  беру.    Оқу  мерзімі  2  жыл.  Кафедрада 

230 адам білім алады деп жоспарлануда, оның  

80-і  бюджеттік  негізде.  Сонымен  қатар,  бұл 

кафедраның студенттері  бес  әскери –есептік 

мамандықтар бойынша оқытылады.

1. “Мотоатқыштар бөлімшесінің жауынгерлік  

қолданысы” ;

2.  Құрлықтағы  әскерде  тәрбиелік  және 

идеологиялық жұмыстарды ұйымдастыру;

3.  Құрлықтағы  әскерде  байланысты 

ұйымдастыру ;

4.  Азық  –  түлікпен  қамтамасыз  етуді 

ұйымдастыру;

5. Психологиялық жұмысты ұйымдастыру;

Кафедра түлектері запастағы офицер де бола 

алады.  Сондай – ақ, әскери кафедрада студент 

қыздардың  оқуына  мүмкіндік  бар.  Олар  “бай-

ланыс құралдарын жөндеу және пайдалануды 

ұйымдастыру” мамандығы бойынша білім алады.    

        Теориялық  білімнен  басқа  болашақ 

офицерлерді  тәжірибелік  дағдыларға  оқыту 

көзделуде. Қару – жарақтан оқ ату және бротех-

никаны басқару. Алдағы 3 жылда кафедраға тех-

никалар мен қару – жарақтар әкелінеді. Әзірге 

университет  әскери  бөлімшелердің  кадрлық 

құрамынан профессорлық – оқытушылық құрам 

жасақталмақ. 

   Оқудың әзірге қай тілде жүргізілетіні белгісіз. 

Ол оқуға  түскен студенттер құрамына байла-

нысты. 


   Қорғаныс министрлігі басшылығының шешімі 

бойынша  әскери  кафедраның  меңгерушісі 

болып  полковник  Болат  Болатұлы  Токин 

тағайындалды.  Болат  Болатұлы  Қазақстан 

Республикасы Қорғаныс Министрлігінің  әскери 

бөлімдерінде әскери қызмет атқарған. 

      Әскери  кафедраның  грант  иегерлерінің 

бірі  гуманитарлық  әлеуметтік  факультетінің 

журналистика мамандығының  2-курс студенті 

Сираж  Дәуренбектің  айтуы  бойынша,  бүгінде 

грантқа үміткер 80 студенттің аты белгілі болған. 

Әзірге ақылы бөлімге түскен студенттердің саны 

белгісіз.  Сонымен қатар,  әскери кафедраның 

сабақ режимі аптасына 1 рет 8 сағаттан болады 

деп  жоспарланған.  Егер,  студент  16  сағаттан 

артық себепсіз сабақтан қалар болса, оқудан 

автоматты түрде  шығарылады. 

      Әскери  кафедраны  аяқтаған  студенттер 

өздерінің  мамандықтары  бойынша  оқуларын 

жалғастырып төртінші курстан кейін мемлекеттік 

емтиханды жақсы тапсырса, оларға лейтенант 

шені мен әскери билет беріледі. 

    Г р а н т   и е г е р ле р і н   ш ы н   ж ү р е к т ен 

құттықтаймыз!!!!

Перизат ОҢАЙБЕК 

ГӘФ журналистика

 мамандығының 2-курс студенті.

    Әскери кафедра ашылды

4


C

M

Y



K

Ұлағат

  

Жанболат КЕНЖЕҒҰЛ



ГӘФ журналистика 

мамандығының 4-курс студенті.

 

Біз  ұлы  ағартушы,  педагог  -  ұстаз,  ақын, 



алғаш  қазақ  мектебін  ашушы  Ыбырай 

Алтынсаринның  мазарына  барып  тазалық 

жұмыстарын  жүргіздік.  Сол  жерде  сту-

денттер  ақынның 

өлеңдерін жатқа айт-

ты.  Алдымен  құран 

бағыштап,  тарихи 

тұлғаның  кесенесі 

жайлы  ақпаратқа 

қанықтық... 

Осы қалада үш жыл 

бойы оқып келіп, әлі 

күнге Ы.Алтынсарин 

сынды  тұлғалардың 

ескерткіштері  мен 

ертеде  тұрған  не-

м е с е   ж е р лен г ен 

жерлеріне  барып 

көрмеген  екенмін. 

Ал  гуманитарлық-

ә л е у м е т т і к 

ф а к у л ь т е т і н і ң 

қызметкері  Анар 

Барсақбаеваның 

а р қ а с ы н д а   ой д а 

жүрген ісіміз жүзеге асты. Сонымен қатар Ыбы-

рай  атамыздың  аруағына  құран  бағыштап, 

кесенесіне күтім жасап, келесіде біле жүру үшін 

келген әрбір студенттің ісі құптарлық деп білеміз. 

Журналистика  мамандығы  студенттерінің 

бастамасын  естігенде  ниет  білдіріп,  келгісі 

келгендердің көп болғандығын айта кету керек. 

Өйткені,  көптеген  мамандықтың  студенттері 

үшін  емтихан  уақытымен  сәйкес  келуі  және 

"Студенттік  көктем-2016" 

іс-шарасының  алғашқы 

күнімен  тұспа-тұс  ба-

сталуы  студенттердің 

таңдау  жасауына  ықпал 

етті.  Дегенмен  авто-

бус  толы  студенттер 

бардық.  Қатарымызда 

ФИТ,  ФВиТЖ  және  ГСФ-

ның  студенттері  болды. 

Бұл  сапар  олардың  да 

көңілдерінен  шықты  де-

ген  сенімдеміз.  Біз  үшін 

сәті  түскен  экскурсия 

болды  деуге  де  бола-

ды.  Сондай-ақ,  Анар 

Барсақбаева  мен  журна-

листика  мамандығының 

3-ші курс студенттері кура-

торы Саян Телманқызына 

ү л к ен   а л ғ ы с ы м ы з ды 

білдіреміз. 

 

 

               



    

Ұлы ағартушы мазары басында

5


C

M

Y



K

Атақоныс

Санкт-Петербургтегі Кунсткамерада ұзақ уақыт 

сақталған  Кейкі  батырдың  бассүйегі  жақын 

күндері Қазақстанға қайтарылады, - деп хабар-

лайды «Хабар 24» арнасы.

Қуанышты  хабар  ҚР  Мәдениет  және  спорт 

министрі  Арыстанбек  Мұхамедиұлы  мен  Ресейдің 

Мәдениет министрі Владимир Мединскийдің Мәскеу 

қаласындағы кездесуінде белгілі болған.

Қазақстандық тарихшылар Петербургтегі музейде 

Кейкі батырдан өзге, қазақтың тағы жеті батырының 

бассүйегі сақталып тұрғанын айтады. Оларды да елге 

қайтару жоспары қойылып отыр.

«Бұл  бассүйектердің  қазақ  халқы  үшін,  қазақ 

тарихы  үшін  аса  маңызды  екенін  ескере  отырып, 

олардың ендігі тағдыры не болатынын ойластыруды 

ғалымдырымызға мұқит тапсырдық», - дейді Ресейдің 

Мәдениет министрі.

Арыстанбек  Мұхамедиұлы  бассүйектің  алдағы 

екі апта ішінде Қазақстанға қайтарылатынын айтты. 

«Венгр  ғалымдарымен  келіссөздер  жүргіздік.  Олар 

бассүйектің Кейкі батырға тиесілі ме екендігін ДНҚ 

арқылы сараптап жатыр», - дейді  ҚР Мәдениет және 

спорт министрі.

Айта кетсек, Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Кейкі 

батырдың бассүйегін елге қайтару туралы бастама 

көтеріп, Ресей Үкіметінің басшысы Дмитрий Медве-

девке ұсыныс айтқан болатын.

    

 

Абай-ақпарат

Ресей Кейкі батырдың бас сүйегін

   


        қайтаратын болды

Туған жер! Атамекен! Атақоныс! Не деген ыстық 

едің! 

  «Кіндік  қаны  тамған  жер»  деген  сөз,  меніңше 



қазақтан  басқа  еш  халықта  жоқ.    Менің  балалық 

шағым  Рудный  қаласында  өтті.  Мен  бұл  қалада 

балабақшаға  бардым,  мектеп  табалдырығын  атта-

дым, орта білім алдым. Менің туып өскен қалам аты 

айтып  тұрғандай,  алып  «ССКӨБ»  АҚ    орналасқан 

қала. Біреу білер, біреу білмес бұл қаланы.  Рудный 

қаласы жалғыз Қостанай облысының емес, қуатты 

Қазақстанның    алып  кәсіпорны  орналасқан  қала.  

Мен моноқалада туып өссем де,  өз қаламды мақтан 

тұтамын. Менің қаламның жастары да, Қазақстанның 

дамуы үшін оқуларын жақсы оқып, елі үшін талмай 

еңбек етіп жүрген жастар. Салауатты өмір салты да, 

тыс қалмаған. Біздің қаладан Рио  Олимпиадасының 

жүлдегері былғары қолғап шебері  Иван Дычко, «Аят» 

хоккей командасы шыққан. Бұл біздің мақтанышымыз. 

Қазір  мен  А.Байтұрсынов  атындағы  Қостанай 

мемлекеттік  университетінде  оқимын.  Бірақ  апта 

сайын өз туған қалама барып тұрамын. «Серпін-2050» 

бағдарламасы бойынша  біздің университетте оқып 

жатқан  курстастарым  маған:  «Сымбат,  Рудный 

мен  Қостанайдың  арасы  таяқ  тастам  жер  ғой,  сен 

бақыттысың,  апта  сайын  ата-анаңды,  достарыңды  

көріп тұрасың» деп, қызыға да қызғана да айтады.  

Иә, мен оларды түсінемін. «Туған жер» бұл сөзді 

айтқанда кеудеңде  сағыныш, қуаныш сезімі пайда бо-

лады. Көңілің ерекше рақатқа бөленеді. Мен енді ғана 

ақын-жазушыларымызды түсіне бастадым, өз туған 

жерінен жырақта жүргенде өз туып-өскен жері туралы 

түйдек-түйдек жырлар мен кесек-кесек шығармалар 

жазатынын.    Ал  менің  арманым,  келешекте  үлкен 

ғалым  болып,      туған  жерімнің  табиғатын  зерттеп, 

маңызы бар ғылыми еңбектер жазу.

Әр  жасқа  айтарым,  шетел  асып,  білім  қуып 

кетсең де, өз еліңе пайдаңды келтір. Қазақстанның 

өсіп  өркендеуі  жүрегі  елім  деп  соққан  біз  сияқты 

жастардың қолында!

Туған  елдің  туының  астын  бірігіп,  туған  жердің 

тұғырын биік ету біздің қолда!

С. Байділдина

  2-курс студенті

      Туған жердің тұғыры  биік

6


C

M

Y



K

Өлең өлкесінде

 

21 қазан күні  А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ– 



дың аграрлық – биологиялық факультетінің био-

логия және химия кафедрасының ұйымдастырумен 

жас  ақын,  журналист,  республикалық  жас 

ақындар    әдеби  конкурсының  жүлдегері,  «Ша-

быт»  халықаралық  сыйлығының  жүлдегері, 

«Өр Торғай - ерлік мекені» атты экспедицияның 

мүшесі      А.Маудановтың  қатысумен  әдеби 

кеш    өткізілді.    Әдеби  кеш    А.Мауданов  жайлы 

бейнефильммен  ашылды.  Бұл  кешке  арнайы 

қонақ  ретінде  Е.Өмірзақов  атындағы  Қостанай 

облыстық филормониясының «Ұлы Дала» квартеті 

шақырылған болатын.  

О с ы   к е ш т е   с т у д е н т т е р   а қ ы н н ы ң 

шығармашылығымен  етене  танысты.  Бұл  кеште 

тек  А.Маудановтың  шығармашылығы  жайлы 

айтылды. Балалық шағынан бастап, білім жолы, 

өмір баспалдақтары  туралы сөз етілді. Балалық 

шағында басынан кешкен қызық оқиғаларды естіп 

білдік. Соның бірі, мектепте болған қызық жайт: 

«Кітапханаға  барғанда,  маған  кітапханашы  кітап 

бермейтін,  сынып  жетекшім  Маудановқа  кітап 

бермеңдер, кітапханадағы бүкіл кітаптарды оқып 

тастады деп, мені үйге қайтарып жіберетін. Үйге 

құр қол кітапсыз келетін кездерім де болған » деп 

еске алды.

Студенттер А.Маудановтың өлеңдерін  оқыды.  

Әсіресе,  Құлымбетова  Айдана  «Торғайша 

сені  сүйемін!»  өлеңін  нақышына  келтіріп  оқып, 

көрермендер  көзайымына  айналды.  Ақын  ұлы 

Абайға  еліктеп,  жыл  мезгілдеріне  де    өлеңдер 

арнаған екен.  Соның бірі Есімсеит Ақерке оқыған 

«Күз суреттері»  өлеңі еді.  А.Маудановтың поэзия-

сында киелі Торғай мен Қостанай қаласы көп жыр-

ланады. А.Маудановтың да өлең – жинақтарында 

әзіл  –  сықақ  өлеңдері  де  бар.  Оның  «Қадыр 

Мырзалиевтің ізімен «Қазақ осы», «Қызыл Аққу» 

атты пародиялық өлеңдері бар.

    Ақын  Торғайдың  тумасы  болғаннан 

кейін,  «Торғайым»  әні  де  айтылды.  Бұл  өлең 

көрермендердің көз алдына дархан Торғай  дала-

сын  елестетті.

    А.Мауданов  тағы  да  жастардың  кітап 

оқымайтыны  туралы  айтып,  қазіргі  жастарды 

кітапқа  қызығышулығы  болу  керек,  адам  кітап 

оқымаса оның сауатсыз екенін білдіретінін айтып 

өтті.  М.Шахановтың,  Т.Әбдіковтың  кітаптарын  

оқуға  кеңес берді. Әдеби шығармаларды оқыған 

дұрыс деп санап, айына бір кітап оқысаң, ой-санаң 

сергіп, бір түйсік кіреді деп атап өтті.  

Төреғали Төрәлінің орындайтын «Тотыдайын» 

әні А.Маудановтың өлеңі екенін біреу білер, біреу 

білмес.  Ақынның «Тотыдайын» әнін инженерлік 

– техникалық факультетінің 2-курс студенті Теми-

ралиев  Тойшыбек  шырқады.  Осы  өлеңнен  кейін 

ақын бір марқайып қалды.

А қ ы н,   ж у р н а л и с т   ә р и не ,   « Т і л д е р д і ң 

үштұғырлығы» жайлы да айтып өтті. «Өзім орыс 

тілін жақсы білмеймін, бірақ ЖОО  оқып жүргенімде 

«Қазақстан  –  Қостанай»  арнасында  «Тілашар» 

бағдарламасында орысша сөйлеуге ұялатынмын, 

ұжымда  10  өзге  ұлт  өкілдері  жұмыс  істейтінбіз, 

бір – бірімізді ымдап орысшалап мен қазақшалап 

түсіндіретінбіз.  Орыс  тілін  үйренуге  тырысамын, 

орысша кітаптарды көп оқимын, өзге тілді де оқуға 

талпынамын»- деп айтып кетті.  

Бізге  ұнағаны  жүргізуші  С.Байділдинаның 

«Ашық микрофон» айдары  болды, көрермендер 

Абылай ақынға оның шығармашылығына қатысты 

сұрақтар қойды. Осы кезде  3-курс студенті Жар-

маханова Нурия Абылай Маудановқа арнап өлең 

де оқыды. Ақынның өзі де «Қыз баланың ақынға 

өлең арнауы, ерекше екен» деп таң тамаша болды. 

  Кеш  соңын    аграрлық  –  биологиялық 

факультетінің  агрономия  кафедрасының 

доценті,  профессор  Аманжол  Зұлқарнайынұлы  

А.Маудановты  шығармашылығымен  құттықтап, 

зор  табыстар  тіледі.  Торғай  жерінің  тумалары 

өнерлі  болатынын  айтып,  сол  жердің  ақындары 

Төлен Әбдік, Серік Тұрғынбеков, Қонысбай Әбіл 

т.б атап кетті.    

Әдеби  кеш  биология  мамандығының  3-курс 

студенттері «Туған жер» әнімен аяқтады.

С.МАҚСҰТҚЫЗЫ

  Туған жердің түлегі

7


C

M

Y



K

Тағлым

Жанкелдин  ауданының 

Қызбел  ауылында  туған 

қазақтың  аса  көрнекті 

жазушысы,  ақын,  қоғам 

қ а й р а т к е р і   М і р ж а қ ы п 

Дулатовқа  ескерткіш  орна-

тылды.  Биіктігі  төрт  метр 

болатын  ескерткіш  алаш 

арысының  есімімен  атала-

тын мектептің алдынан бой 

көтерді.


Бұл игіліктің істі Жақаңның 

ұрпақтары  жүзеге  асырды. 

Баба ұрпақтары бұның сыр-

тында Бидайық ауылындағы 

М.Дулатовтың кесенесі мен 

мұражайына күрделі жөндеу 

жұмыстарын жүргізіп берген. 

Мүсінді жасаған – осы елдің 

тумасы, облыс өңіріне белгілі 

мүсінші,  суретші,  Қостанай 

қаласының тұрғыны Мұқаш 

Рахалиев. Бұл кісімен жүзбе-

жүз кездесіп, әңгімелесудің 

сәті  түспеді.  Тек  теле-

фон  арқылы  әңгімелестік. 

Өзінің  айтуы  бойынша,  ол 

бұған  дейін  қолөнермен 

айналысқан екен. Домбыра, 

қобыз, күбі, бесік, сандықтар 

жасап,  тұтынушылар  тара-

пынан  мол  сұранысқа  ие 

болған. 


С о ң ғ ы   т ө р т   ж ы л 

көлемінде  мүсін  жасаумен 

шұғылданып,  қосымша 

кәсібінің  арқасында  ел 

алғысына  бөленіп  келеді. 

-Міржақып  бабамыздың 

мүсінін жасау мен үшін үлкен 

бақыт  деп  білем.  Өзім  де 

қаржылай  үлес  қосып,  үш 

айдың ішінде мүсінді жасап шықтым. Жасаған 

еңбегіме  ешқандай  еңбекақы  талап  еткен 

жоқпын. Себебі мен де осы ауылдың тумасымын. 

Перзенттік  борышымның  бір  бөлшегі  өтелсін 

деп, тегін қызмет еттім. Биыл күзден қалдырмай 

ескерткіш, мұражай, кесенелердің айналасына 

көшет ағаштарын отырғызбақшымыз.

Сондай-ақ, келер жылы бабамыздың атындағы 

мұражайдың ішіне жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. 

Жас буын осындай тарихи ескерткіштерге тағзым 

етіп,  қазақтың  рухын  асқақтатса  екен  деймін, 

—  дейді  Мұқаш  Тоқтарбайұлы.  Ескерткіштің 

ашылу  салтанатында  сөз  алған  ауыл  әкімі 

Елдос  Едіресов  Тәуелсіздіктің  25  жылдық 

мерейтойы  қарсаңындағы  жасалған  тамаша 

тартуға ризашылығын жеткізді. Сонымен қатар, 

М.Дулатовтың  ұрпақтарына  және  мүсінші 

М.Тоқтарбайұлына  ауыл  тұрғындарының  аты-

нан  шексіз  алғысын  білдіріп,  қазақтың  салт-

дәстүрі  бойынша  иықтарына  шапан  жауып, 

сый-сияпат жасап, құрмет көрсетті. Баба рухына 

құран бағышталып, ас берілді. Ауыл қариялары 

М.Дулатов туралы деректер келтіріп,  әңгімелер 

айтты. 

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ,



 Жанкелдин ауданы.

М і р ж а қ ы п   Д у л а т о в қ а 

ескерткіш орнатылды 

8


C

M

Y



K

Дәріс

           

Әсерлі тренинг

  

  «Турист» мейрамханасында Қазақстан Ұлттық телерадиохабар таратушылар Ассоциа-



циясы ұйымдастырған семинарлық-тренинг өтті. Тренингтің негізгі тақырыбы: «Журналистің 

құқықтық сауаттылығы», ал мақсаты: журналистердің, редакторлардың жалпы БАҚ-тың заңдық 

біліктілігін көтеру. Тренингдің жүргізушісі «Лучший адвокат СМИ» жүлдесінің лауреаты Сергей 

Власенко болды. Бұл қонақтарымыз сонау Алматыдан Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай 

мемлекеттік университетінің студенттері үшін ат терлетіп келген болатын. Тренингте «Алау» 

телеарнасының журналистері, «Қазақстан-Қостанай» телеарнасының заңгерлері мен ҚМУ-дың 

студенттері болды. Семинар жалпы жоспар бойынша сағат таңертенгі 10:00-де басталып сағат 

16:00-ге дейін созылды. Іс-шарада тест тапсырмалары үлестіріліп, журналистер мен болашақ 

журналистердің құқықтарын қаншалықты деңгейде  білетіндігі тексерілді. Белгілі тақырыптар 

бойынша пікірталас та өтті. Түскі астан кейін тренинг қайта жалғасты. Пікірталас өте қызықты 

өтті. Сергей мырза заңның әрбір баптарын оқып, әрі мысал келтіре отырып түсіндірді. 

  Журналистер мақала жазғанда нақтылықпен жазып, қоғамдық жерлерде сурет түсіргенде 

кадрға  басқа  адамдардың  тап  болмауын  қадағалауы  қажет.  Осы  айтылған  ережелер 

сақталмаса  журналистің  бұл  қылығы  сотқа  жетуі  мүмкін.  Сотқа  жетсе  журналистің  беделі 

түседі.  Журналистің қоғамда болып жатқан барлық мәселелерге, қылмыстық істерге, тіпті өрт 

пен өлім болған жерлерде де бірінші болып баруына құқығы бар.  Осындай мәселелер бола 

қалған жағдайда журналист  құқығын қорғай білуі қажет. 

    Тренинг  соңында  барлық  қатысушылар  сертификатпен  марапатталды.  Сертификатты 

Сергей Власенко  табыстады.

 

 



 

 

 



            

  

 



Алмагүл ТАЛҒАТҚЫЗЫ,

  ГӘФ журналистика мамандығының

 3-курс студенті

9


C

M

Y



K

  Шетелде білім алған студент



Абдырғалиева  Әйгерім 

Тұрсынқызы  1995  жылы 

Костанай облысы Жітіқара 

қаласында дүниеге келген.

Орта  мектепті  аталмыш 

қалада  үздік  аяқтап,  2013 

жылы  Ахмет Байтұрсынов 

а т ы н д а ғ ы   Қ о с т а н а й 

Мемлекеттік Университетіне 

аймақтану мамандығы бой-

ынша  оқуға  түседі.  Осы 

мамандықтың  3-курсын-

да  оқып  жүргенде  Еуропа 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет