Тек қана əрекет, саналы əрекетің сені жақсы өмірге жетелейді. Жақсылық өзінен-өзі бола қалады, бақ құсы келіп басыма қона салады деп күту əбестік. Өзінен-өзі ештеңе де болмайды. Тағдыр деген тылсым. Тағдырды жаратқан Құдай сені де жаратты.
Өмірге керектің бəрімен қаруландырды. Ақыл-ой, сана берді, тылсымның
бəрін сезетін жүрек берді, шешім қабылдап, іске кірісетін ерік берді.
Күндердің күні əкімдік үй бере салады деп күтіп жүруге болады. Сөйтіп,
қартайғанша пəтер жалдап, қартайғанда далада қалуға да болады. «Біздің
де қолымызға қарға саңғыр» деп, өмір бойы күтіп жүре беруге де болады.
Бірақ тек қана Құдайдың сəтін күтіп жүре беру аз. Оған дайындалу
керек. Əзір болу керек. Өмірдің беретіні тым көп. Алла сондай жомарт. Тек
қабылдауға дайын бол.
Осыны түсінбей, бірақ интуитивті түрде бірдеңені түртпектеп, ылғи да
алға жылжитын адамдар болады. Түсініп, саналы түрде таңдау
жасайтындарда бар. Осы екі топ дүниені алға жылжытады. Жаңалықтар
ашады. Марсқа ұшады. Өзге ғаламшардан адамзатқа мекен іздейді. Өз
бетімен жүретін көлік шығарады. Айфон ойлап табады. Фейсбукты ойлап
табады. Жеңіске жетеді.