Екінші болма



Pdf көрінісі
бет104/127
Дата17.05.2022
өлшемі2,78 Mb.
#34727
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   127
Байланысты:
Екінші болма 2

Өзіңе  сену.  «Ғажайып  оған  сенгендердің  ғана  уысына  түседі.  Өз
күшіне  сене  алмайтын  адамның  жеңіске  жетуі  мүмкін  емес».  Дени
Дидроның  сөзі.  «Көп  адамның  өзі  ғажайыпқа  айналудың  орнына  сырттан
келетін  сиқырды  күтіп  жүретінін  байқаймын.  Бұл  дұрыс  емес».  Жетімдер
үйінен  шығып,  бүкіл  əлемге  танылған,  өзін  дамыту  бойынша  əйгілі
тренерлердің  бірі,  бірқатар  бестселлерлердің  авторы  Уэйн  У.Дайердің
пікірі.


Кеңестік  қыспақ  күндерді  есіне  алған  Мұхтар  Мағауин  бiрде  былай
дейді:  «Сол  тар  күндердің  өзінде  күш  берген  немене?  Сенім  болса  керек.
Өзіңді  өте  жақсы  көретін  едің.  Мен  жазбасам,  қазақ  əдебиеті  тұралап
қалады, мен күреспесем, ежелгі мұра біржола ұмытылады, атаның əруағын
арқалап жүрген – жалғыз өзім, алаштың мұратын келер ұрпаққа жеткізетін
– Мен, Мен ғана, Мен болмасам, ұлысымның ырысы ортаяды, ұрпағымның
көкіреккөзі  ашылмайды,  Мен,  Мен...  деп  ойладың.  Аз  ба,  көп  пе,  бар
жасаған  еңбегің  –  осы.  Сенімнің  көрінісі».  Бұл  –  Мұхтар  Мағауиннің
«Мен» автобиографиялық романынан үзінді.
«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Ақылыңмен еңбегің екі жақтап» дейді
Абай.
«Мен  ең  күштімін.  Менен  асқан  ешкім  жоқ.  Бұл  эго,  жалған  мақтан
емес. Күн сайын мен өзіме қайталаймын. Мен үздікпін. Менен асқан ешкім
жоқ.  Осыны  қағазға  жазып,  айнаға  іліп  қойдым.  Есіме  түсіріп  тұру  үшін.
Бүкіл  əлемнің  чемпионымын.  Ресей,  Қытай,  Жапония,  Америка,  бүкіл
əлемнің  чемпионымын.  Осылай  қайталай  бердім.  Шынымен  чемпион
болғанға дейін жəне жай ғана чемпион емеспін, өзіме дейін болғандардың
бəрінен  артықпын».  Мұхаммед  Əли,  1971  жылы  берген  сұхбатында  солай
дейді.
Ағылшындар айтады: fake it, until make it. Алдымен жеңіске жеткендей
кейіп танытасың, сосын оған жетесің.
«Мен  –  бiрiншiмiн.  Ойымда,  өз  қиялымда  мен  ылғи  біріншімін.
Басқалар  не  десе,  о  десін,  мен  бiрiншiмiн».  Криштиану  Роналду  осылай
дейді.
Жеңіске  жете  алатынына  сену  керек.  Сонда  ғана  сен  өзіңді  жеңіске
жетелейтін  қадамдар  жасайсың.  Бақыт  пен  жеңіс  заңдылық  деп  қабылдау
керек.  «Қолымнан  келеді  десең  де,  қолымнан  келмейді  десең  де  сенікі
дұрыс».
Конфуцийге
66
 телінетін  сөз.  «Егер  сіз  бірдеңе  қаласаңыз,  демек  оның
орындалуына керектінің бəрі сіздің ішіңізде бар» дейді Трейси.
Жолыңа бөгет болатын нəрсенің бəріне түкір. Наполеон Хилл айтады:
«Адам  шын  қаласа,  мақсаттарға  жеткізетін  сиқырлы  күшке  ие  болғандай
сезінеді».  Жоспарлар  іске  асқан  сайын,  сенің  өзіңе  деген  сенімің  арта
түседі. Бұл жаңа белестерге жетелейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет