Халыққа қызмет көрсету орталығына барсам, «Қуаныш Шонбайдың
қолынан түк келмейді» деген анықтама бермейді ғой. Бұл анықтаманы сен
өзіңе-өзің бергенсің, демек,
оны өзгерте аласың, ол сенің қолыңда.
Əлеуметтік желіде жүргізген сауалнамада адамдардың 90%-ы орыс
тілін жетік білмейтіндігін комплекс санап, оны мақсатқа жету жолындағы
кедергі деп қабылдайды. Бетіне безеу шықты, көйлегіне кофе төгіп алды,
аузынан
иіс шығады, бойы кішкентай – бұның барлығы комплекс. Жеке-
жеке қарастырсақ, болмайтын нəрсе. Бірақ, адамдар бұл мəселенің шешімін
іздестірмей, əдемілеп шетелдің сөзімен «комплекс» деп айтады да, қояды.
Комплекстерге белшесінен батқан адам басқа нəрсе
туралы ойлай
алмайды. Көзбен көріп, қолмен ұстатар себеп болмаса да, өзін кем санайды.
Ұлы адамдардың бəрінде комплекс болған. Бірақ олар сонысымен
күрескен, жеңген. Ұлы адамның бəрі бай мен бағланның,
граф пен
патшаның баласы емес. Ұлы адамның бəрі Эйнштейндей
10
ақылды емес.
Олардың бəрі Майкл Джордандай
11
спорт жұлдызы емес жəне олардың
бəрі Голливуд əртісіндей сұлу емес. Бірақ, олардың есімдері ұлы тұлға
ретін де тарихта қалды. Өз комплекстерін жеңе
білуі оларды ұлылыққа
жеткізді.
Ең қызығы, комплексі көп адамдардың жетістікке жету рейтингі көп.
Сенде де кемшілік бар, менде де бар. Өйткені, комплекс кемшілікке
қарағанда көзге көрініп тұрады. Менің комплексім орысша акцентпен
сөйлейтінім еді. Ауылда өскенмін. Нина
деген магазин сатушысы бар,
жалғыз орыс адам. Оның өзі қазақша сөйлейді. КВН, кино, орысша
əңгіменің бəрін түсінемін. Бірақ сөйлей алмаймын. Акцент ұрып тұр.
Ұяламын.
Колледжде оқығанымда, бəрі орысша зyылдап тұр, менің тілім ойқы-
шойқы. Жазғанда да сауатым жетісіп тұрған жоқ. Қате жазамын.
Содан
қалай да орысшамды түзетуге бел будым. Ол үшін не істемедім десеңші.
Жалғыз кетіп, орысша мəтіндерді айқайлап оқыдым. Оны тағы
тығылып істейсің. Біреу естіп, көріп қойса ұят. Қате жазбау үшін бір емес,
екі кітапты қатар көшіріп шықтым. Шамиль Аляутдиновтың дəрістерін
тыңдайтынмын.
mp3-те музыка болмайтын, тек қана Шамильдің лекциялары.
Бір жағы
рухани демеу, екінші жағы орысшамды байытуға əсері болды.
Əрине, бұл мен ойлап тапқан əдістер емес. Бенджамин Франклин
12
, он
алты балалы отбасында өскен, он жасында мектептен шығып кеткен адам
ғой. Жазушы, журналист, əлем таныған тұлғаға қалай айналды?
Өмірбаянын оқысаң, мынаған көзің жетеді. Ол,
сауаты шамалы
болғандықтан, өз бетімен білімін жетілдіре бастайды. Грамматикасын түзеу
үшін «Көрермен» («The Spectator») журналының мақалаларын көшіріп
жазады. Одан кейін осы əдісті өзінің стилін түзеу үшін пайдаланады.
Өлеңді прозаға, прозаны өлеңге айналдырып, тіл ұстартады. Солай сауаты
мен жазу машығын шыңдайды.
Брайан Трейси кітап оқу аздық ететінін, кітапты оқуға мүмкіндік жоқ
кезде «тыңдау» керегін айтады. Осындай тұлғалардың қолданған əдістері,
өзін дəлелдеген, сүйенуге тұратын тəжірибе.
Достарыңызбен бөлісу: