Қарақат ханымнан: «Неге оларда адам көп, ал бізде аз?» деп сұрадым.
Қарақат ханым болса: «Олардың мейрамханалары кішкентай, сондықтан
адам көп секілді көрінеді.
Ал біздің мейрамхананың аумағы үлкен. Негізінде адам саны бірдей
сияқты» деп сылтау айта бастады. Мен біздің жəне қарамағымыздағы
жаңағы мейрамхананың адамдарын санап шығуға ұсыныс жасадым.
Сөйтсек біздің «Rumi»-де
отыз сегіз, ал оларда елу адам отыр екен. Сол
кезде «неге оларда адам көп?» емес, «бізде де адамдардың санын қалайша
көбейтуге болады?» деген сұрақ туындады. Əріптесім Айдос мырза кез
келген сұрақтың жауабын таба алатын адам. «Неге оларда адам көп, біліп
келіңізші, Айдос аға» деп, сол кофеханаға оны жібердім.
Бұл жағдайда,
менің «Несіне уайымдаймын? Олардың кофеханасы 50 адамға арналса,
біздің «Rumi» 150 адамға арналған» деп өзімді ақтап алуыма болатын еді.
Негізі бұнда ешқандай «проблема» жоқ, бірақ мен оны өзіме өзім жасап
алдым. Айдос мырза 27 минуттан соң қайтып келді. «Қуаныш, біріншіден
олардың қызметкерлері баяу жұмыс жасайды, сол үшін 20
минутта шығып
кетем деген адам 40 минуттай отырады. Бірақ, ол жер жарық екен, сонысы
жақсы» - деді. Өзіміздің мейрамханаға қарадық, шынында да оларға
қарағанда қараңғылау.
Сылтау айтқан жоқпыз, мəселені шешуге кірістік.
Сол күні Қарақат ханым мамандарды шақырып, қалай болу керек деп
сұрап, қажетті жарықты қосты да, барлығын тəртіп, яғни заң бойынша
жасады. Келесі күні саудамыз өсті.
Сылтау айтудың қажеті жоқ. Жалпы,
ешқашан сылтау айтпаймын, сені
де соған шақырамын. Бұнда мен сылтау туралы үлкен трактат немесе
сылтау айтпаудың жолдарын жазбаймын. Тек бір мəселені түсінуге жəне
қабылдауға, өмірде қолдануға шақырамын, ол – сылтау айтпау.
Достарыңызбен бөлісу: