Екінші болма



Pdf көрінісі
бет38/127
Дата17.05.2022
өлшемі2,78 Mb.
#34727
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   127
Біріншіден,  сыртқы  факторлар,  қоғамдағы  қасаң  қағидалар  мен
стереотиптерден ойыңды босат.
Бізде  балалардың  көбі  əкімшілікте,  Министрлікте  қызмет  істегісі
келеді.  Бірақ  оның  арғы  жағында  қандай  ауыртпашылық  жатқанын
білмейді.  «Акимат»  деген  аты  ғана  емес,  мемлекеттік  қызметтің
құндылықтары  үшін  бармаған  адам,  ол  жерде  бақытты  бола  алмайды.
Немесе  заңгер,  экономист  болам  деу  мода  болды.  Талай  мектеп  түлегі,
ешбір  ойланбастан  «юрфак»  пен  «экономфактарға»  лап  қойды.  Сол
қаптаған  экономистер  мен  заңгерлердің  біразы  дипломдарын  алған  соң
таксист  пен  күзетші  болып  кетті.  Солардың  ішінде  қаншама  археолог,
дизайнер, шаштараз не тігінші «өліп» кетті...
Мəселе  мынада,  болашағын  таңдайтын  кезде  ол  балалар  «не  нəрсеге
икемім  бар?»,  «не  нəрсе  маған  қуаныш  сыйлайды?»  деп  ойланған  жоқ.
Қазір  менеджер  деген  «жақсы»  сөз  бар,  «менеджментті  оқып  жатырмын»
деп мақтан көріп айтады. Бірақ менеджментті оқыдың екен деп саған ешкім
отырған  орнын,  атқарып  отырған  қызметін  бере  салмайды.  Қай  салада
менеджер болғың келеді? Ненiң менеджері болғың келеді? Ең бастысы, ол
саған ұнай ма? Менеджерлік сені бақытты қыла ма?
Соны  анықтап  алып  қана  алға  жылжуға  болады.  Таңдау  жасаған
кездегі ұран, «престиж үшін» емес, «маған ұнайтыны үшін» болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет