Пайдаң тисін демекші, Би- ата мазарын тұрғызуға кәсіпкер Махмұт мырза алты



Pdf көрінісі
Дата30.12.2016
өлшемі404,55 Kb.
#795

пайдаң тисін» демекші, Би- ата мазарын 

тұрғызуға кәсіпкер Махмұт мырза алты 

миллион теңге бөліпті. Бабасын ардақтап, 

аруағын сыйлаған казақ перзенті осын-

дай болса керек. Үзеңгілес досы Жидебай 

батыр : «Бақыт деген не? Байлық деген 

не? Бала деген не?»-деп сұраса, Би-Ата 

кідірместен: «Бақыт деген- басқа  қонған 

құс емес пе, байлық деген  қолға  ұстаған { 

мұз емес пе, бала деген артта  қалған ' 

із емес пе»,-деп жауап  қайырыпты. 

Абылайдың сенімді  қолбасшысы болған, 

«Ақжол  Қарқабаттап» ұрандап, көкдауыл < 

атымен жау шебіне атой салған  қазақ 

батыры Ер Сеңкібай баба - елдің пірі, 

ұрпақтың мақтанышы. 



Жанат ЖАҢҚАШҰЛЫ. 

белгілі журналист Төрехан Майбастың 

«Сеңкібай» жинағы болса, екіншісі 

- шежіреші, өлкетанушы Жұмажан 

Нұртайұлының «Қара-Шордың көсемі» 

атты кітабы. Би- Атаның : «Келдің 

дүниеге кетпек керек, бар ақылың жеткен-

ше, өмір гүлін екпек керек»- дегеніндей, 

екі кітап та келер  ұрпақ санасына егілер 

гүл болмақ. 

Нұр үстіне нұр жауып, Тәңірісі 

мейірін төккен күн болды. Би-Ата 

кесенесінің ақ мазары мемлекет қамқор-

лығына өтті. Биіктігі үш метр, дулыға 

пішіндес ақ кесене 2006 жылдың он 

бірінші  қарашасында салынып біткен. 

Бұл орайда Жұмажан Нұртайұлының 

еңбегін, Махмұт Әліппергеновтің жо-

марттығын айта кету керек. «Батыр бол-

саң жауға найзаң тисін, бай болсаң елге 

Қыркүйектің 11-і - ораза айының 

жұма күнімен түйіскен күн. Нақ сол күні 

Қара-Шор  ұрпақтары Шет ауданының 

Талды аулында бас  қосып, дуалы ауыз 

қазақ батыры Сеңкібай бабаға ас берді. 

«Өлі разы болмай, тірі байымас» де-

ген. Батырдың  ұрпақтары бірліктің 

туын желбіретіп, аталы елдің баласы 

екенін анық байқатты. Кесенеге  қарсы 

орналасқан шырақшы үйінде баба 

мұрасы, болат сауыты ілініп тұр. Өткен 

ғасырлардан сыр шертіп, тылсымнан 

келіп  ұлы рух кеудеге орнағандай. Өзен 

бойын жағалай қонған киіз үйлер, ондағы 

сабылған жұрт, бәрінде де өткен ғасырлар 

көрінісі бар. Бейне бір басқа кеңістік, 

басқа уақыт. 

Осы асты  ұйымдастырушылардың 

атынан ел ағасы Төлеутай Шахарба-

ев Алматыдан келген  қонақ,  Қазақстан 

теміржолының бұрынғы басшысы Те-

мірбек Ырымбек, көп жылдар басшылық 

қызметте болған, еңбек ардагері Миха-

ил Шаекин, Кеңес Одағының Батыры, 

Қазақстанның тұңғыш ғарышкері, Халық 

Қаһарманы, генерал Тоқтар Әубәкіров 

және ядролық физиканың білгірі, баба 

ұрпағы Совет Исатаев сияқты қонақтарды 

төрге шақырды. Әрқайсысы ел алды-

на шығып сөз сөйлеп, жиналған жұртқа 

ұжым-бірліктерін ажырамасын деген-

ді білдірді. Тоқтар Оңғарбайұлы  ұлта-

рақтай жер үшін жанкештілікпен соғыс-

қан батырлар ерлігін айтып, баба алдын-

да бас иіп, тағзым жасады.  Қазақ халқы 

батырын ардақтап, сыйлай білген елміз. 

Бүгінгінің батыры ғасыры озған батырды 

құрметтеп бас июі ата жолы емес пе. 

Қазақ ежелден сөз өнерін жақсы 

меңгерген. Осы жиында батыр аруағы-

на сан түрлі мадақ айтылды. Ақиқаты 

сол, өзі батыр, өзі шешен, өзі би, әулие 

Сеңкібай осының бәріне лайық еді. Осы 

жиында батырдың өмірінен сыр шертетін 

екі кітаптың тұсауы кесілді. Біріншісі -

Орталық Қазақстан.- 2009.- 17 қыркүйек (№141).-6 б. 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет