Екінші болма



Pdf көрінісі
бет52/127
Дата17.05.2022
өлшемі2,78 Mb.
#34727
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   127
Байланысты:
Екінші болма 2

МИНУСТЫ ПЛЮСКЕ АУЫСТЫРУ
 Алғашқы  рет  «минусты  плюске  ауыстыру»  дегенді  естігенімде  өз
басым  қатты  қиналғанмын.  Себебі,  бойым  басқалардыкіндей  ұзын  емес,
басым  қазандай,  қалай  мен  өзімнің  осы  минусымды  плюске  ауыстыра


аламын?
Адамдардың көбісі «бізде бизнес дамымаған, сервис жоқ» деп, қызмет
көрсету  саласына  қатысты  бір  идея  айтсаң,  оны  қабылдамайды.  Сылтау
іздеп,  тек  минустарын  тізбектей  береді.  Ал  бұл,  керісінше  плюс  қой.
Себебі,  ол  сала  дамымаған,  ешкім  ештеңе  жасамаған,  ал  сен  қадам  жасап,
оны  өзгертіп,  бірінші  болсаң,  сол  салада  монополист  атанасың,  бұл  саған
жақсы қаражат алып келеді.
Неге  өмірде  кездесетін  осындай  минустарды,  сылтауларды  плюске
айналдырмасқа?  Кез  келген  нəрсеге  екінші  жағынан  қарап  көрсең,  оның
өзің үшін ұтымды жағын табасың.
Егер  өміріңде  қандай  да  бір  кедергіге  жолықсаң,  оны  өзіңе  оңтайлы
болатындай етіп пайдаланып, плюске айналдырып ал.
Мысалы,  көп  сөйлейтінмін  деп  айттым.  Ол  менің  үлкен  минусым
болды, ал мен оны плюске айналдыру үшін мұғалім болдым. Нəтижесінде,
Тараздағы  қазақ-түрік  колледжінде  оқыған  менің  студенттерім  ең  үздік
атанды.  Себебі,  көп  кітап  оқып,  жақсы  есте  сақтау  қабілетім  бар,  оның
үстіне  көп  сөйлегенді  жақсы  көремін,  əйтеуір,  барлығын  дұрыс  пайдалана
отырып,  жақсы  жақтарымды  дамыттым.  Қазіргі  таңда  да  істеп  жүргенім
осы.  Бизнесімді  дамытамын,  бірақ  білгенімді  бөліскенді  жақсы
көргендіктен, тренинг өткіземін. Өзімнің компаниямда да қазір мұғаліммін,
заманауи  тілмен  айтсақ,  коуч.  Мен  əр  бөлім  басшысын  шақырып  алып,
оның ойын тыңдап, оған жол сілтеп отырамын. Осыған дейін бетіме басып
келген  кемшілігімді  артықшылығыма  айналдырдым,  қазір  мейрамхана
бизнесіндегі мықты компаниялардың бірінің тізгінін ұстап отырған, негізін
қалаушыларының  бірімін.  «Versus»  қолданбалы  жеңіс  академиясының
негізі  қалануының  себебі  де  осы  шығар.  Сол  себепті  өзіңнің
кемшіліктеріңді артықшылығыңа, ерекшелігіне айналдырудан қорықпа.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет