Екінші болма


ПІКІРДІ ӨШІРІП, АҚЫЛДЫ ҚОСУ



Pdf көрінісі
бет50/127
Дата17.05.2022
өлшемі2,78 Mb.
#34727
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   127
Байланысты:
Екінші болма 2

ПІКІРДІ ӨШІРІП, АҚЫЛДЫ ҚОСУ
Түріктің  атақты  комигі  Джем  Йылмаздың
39
«Бұлардың  ақылы  жоқ,
пікірі  бар»  деп  айтқаны  бар  еді.  Сол  сияқты,  кез  келген  жағдайда,  істе,
бастапқыда  «менің  ойымша  солай  болу  керек  еді»  деген  сияқты  біз
өзіміздің  пікірімізді  қосамыз.  Əрине,  егер  сен  ел  мойындаған,  кəсіби  орта
мойындаған  шебер  маман  болсаң,  сенің  пікірің  үшін  ақша  төлейді,  оған
құлақ  асады.  Ал  қазір  кітапты  қолына  алып  отырған  адамдардың  басым
бөлігі  –  енді  ғана  жеңіс  жолына  тұрған  адамдар.  Сондықтан  бұл  жерде
маңыздысы  –  пікірді  өшіру.  Мысалы,  мейрамхана  бизнесін  ашқысы  келген
жігіт осы салаға байланысты өз пікірін білдіреді. Бірақ əлі мейрамханасы
жоқ, демек, бұл жігіт əлі «шикі».
Мейрамхананы  ашу  барысында  қалыптасқан  тəртіпті  өзгертіп,
өзінің ойынша, өзінің қалауынша жасайды, яғни пікірін қосады.
Мысалы,  біздің  «Rumi»-де  палаумен  бірге  ең  көп  сатылатын  тағам  –
манты. Оны мəзірге қосу «Палау жемейтіндерге не ұсынуға болады?» деген
сұрақ
туындағанда
келген
ой.
Бұған
дейін,
«Rumi»-ден
басқа
мейрамханаларда да манты ұсынылатын, бірақ біз айына қырық мың манты
сатамыз,  біздегі  мантылардың  дəмді  екенін  көбі  айтады,  мойындайды  да.
Біздің
«Rumi»-дің
мантылары
үйдегідей
түйілген,
ал
басқа
мейрамханаларда  шет-шеті  өрнектеліп,  дұңғанша  түйілген.  Сонда  «неге
шеттен түйілу керек?» деп сұрадым, аспаздар «енді, барлығы солай істейді
ғой» деп жауап берді.


Бірақ,  «барлығы  солай  істейді»  деген  –  ол  пікір.  Ал  миды  қосатын
болсаң,  барлығымыздың  ең  жақсы  көретін  мантымыз,  үйде  түйілген,
аналарымыздың  жасаған  мантысы.  Демек,  барлығы  жақсы  көретін,  өз
үйіміздегідей  манты  жасау  ақылға  қонымды  ғой.  Сол  кезде  мен  пікірді
өшіріп, ақылды қосуға ұсыныс тастадым.
Кейін  білгенім,  үйдегідей  мантының  жасалуы,  шетінен  түйілген
мантыларға қарағанда ұзағырақ, яғни көбірек уақыт алады екен. Дегенмен,
біз  «барлығы  солай  істейді,  оған  қоса  азырақ  уақыт  алады»  деген  пікірді
өшіріп,  ақылымызды  қостық.  Есесіне,  қазір  айына  қырық  мың  манты
сататын, бізге бəсекелес бола алатын мейрамхана жоқ.
Кітап оқығанда да, «Жатып оқығым келіп тұр» деу – қате пікір. Себебі,
кітапты жатып оқуға болмайды. Ол миға қонымды емес. Оған қоса, жарық
сол  жақтан  түсуі  керек,  арқан  тік  болуы  керек,  таза  ауа  кіріп  тұру  керек
дегендей, өзінің ережелері бар.
Колледже  сабақ  беріп  жүрген  кезімді  еске  түсіріп,  «Алғашқы  «Rumi»
біздің  қазақ-түрік  колледжінде  жасалған»  деп  күлемін.  Колледжде  буфет
болатын, оның бір күндік саудасы – бес мың теңге. Мен маркетингтен сабақ
беремін,  бірде  буфеттегі  қызметкерлерден  «неге  мəзіріңіз  кішкентай?»,
«неге жұмыс жүрмейді», – деп сұраймын.
«Осылай  болып  қалыптасып  қалған»  деп  жауап  береді,  бұл  да  пікір.
«Мəзіріңізде  кофе  болу  керек,  мерчендайзинг  болуы  керек»  деп  түсіндіріп
ақылды  қосып  жатсам,  ешкім  мойындамайтын.  Ал  біз  студенттерімізбен


сауалнама  жүргіздік,  студенттер  колледжге  қанша  ақшамен  келетінін  біліп
алдық.  Біздің  анализ  бойынша,  студенттер  аптасына  бес  жүз,  мың  теңге
алып  келеді  екен.  Ал,  сол  кездегі  буфеттегі  қызметкерлер  «студенттердің
ақшалары жоқ» деген қате пікірде болды. Нарық бар, бірақ нарыққа дұрыс
өнім берілмеді. Ақылды қосу арқылы біз студенттермен бірге буфеттің бір
күндік саудасын отыз бес мың теңгеге, яғни жеті есе көтердік.
Досың  келіп,  бірге  бизнес  жасауды  ұсынды,  сен  келістің.  Уақыт  өте
келе,  ішіңде  критикалық  (сыни)  ойлану  пайда  болады.  «Егер  жүрмей
қалса»,  «ақшамнан  айырылсам»  деген  күмəн  пайда  болады.  Осындай
жаман  ойға  берілудің  əсерінен,  жақсы  идеяң  құрдымға  кетеді,  сөйтіп,
ештеңесіз қаласың,
Біреудің жасап жүрген ісіне, бастамасына міндетті түрде өз ойымызды
қосамыз.  Бұл  жеңіске  жету  жолында  бізге  қатты  кедергі  жасайды.  Себебі,
тек  қана  сырттан  тон  пішетін,  сынға  ғана  жарайтын  адам  болып  қала
береміз.
Үнемі біреуге ақыл айтамыз, ал өзіміз еш нəрсе жасауға талпынып та
көрмейміз. Ал сен сынаған адам, пікіріңе қарамастан жеңіске жеткенде, сен
əлі бір орында қалып қойған адам болып отыра бересің. Бірдеңені болса да
қорықпай  іс-əрекет  жасаған  адамда  прогресс  болады,  опық  жеп  қалса
тəжірибе жинайды. Ал сен қандай болдың, сол күйіңде қаласың. Негізінде,
өмірді  көрген,  кəсібін  дөңгелетіп  нəтижеге  жеткен  азаматтар,  біреудің
ойын,  идеясын  жамандамайды,  адамдардың  бетін  қайтарып,  ешқашан
еңсесін  түсіруге  жол  бермейді.  Олар  «істеп  көр»  деп  айтады.  Себебі,
ертеңгі күні ұтылып қалса, минусқа кірсе де, ол адамның көзқарасы, ойлау
қабілеті  өзгеретін  тəжірибе  жинайтыны  біледі  жəне  оны  дұрыс  санайды.
Кезінде оларға да ешкім сенбеген, ал пікірін қосып, сынағандар көп болған.
Ақыл заңға негізделеді, біліммен жұмыс жасауды талап етеді, ал біздің
«менің  ойымша»  деп  айтқан  пікіріміздің  99%-ы  қате.  Оған  қоса,  пікір  көп
жағдайда  субъективті  болады,  ал  бізге  объективті  нəрсемен  жұмыс  жасау
керек.  Сондықтан  біз  де  ойлануымыз  керек,  өмір  бойы  біреудің  əрекетіне
сын айтып, жаңсақ пікірге сеніп отырамыз ба, əлде ақылды пайдаланып, өз
өмірімізді  өзіміздің  қолымызға  алып,  оны  өзгерте  аламыз  ба?  Мəселе
осында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет