Екінші болма


ЖЕҢІСКЕ БАСТАЙТЫН НƏPCE – ЖАСАУ: ЗАТОК



Pdf көрінісі
бет58/127
Дата17.05.2022
өлшемі2,78 Mb.
#34727
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   127
Байланысты:
Екінші болма 2

ЖЕҢІСКЕ БАСТАЙТЫН НƏPCE – ЖАСАУ: ЗАТОК
Кез  келген  жұмысты  істегенде,  кəсіп  бастау,  тұсаукесер  жасау,  кітап
жазу болсын, оны ЗАТОК модель бойынша жүзеге асырамыз. Ол үшін ісің
мынадай бес мəселені қамтуы керек:
Нені жəне Қалай жасау?
Заң бойынша
Аяқталған
Тəртіп бойынша
Ойластырылған
Көрікті (Əдемі)
ЗAҢ  БОЙЫНША.  Өкініштісі,  біздің  азаматтар  үшін  барлығын  заң
бойынша  жасау  үлкен  қиындық  тудырады.  Олар  əрқашан  алдауға
тырысады,  жалпы  заңға  қайшы  жүргенді  ұнатады.  Бір  сөзбен  айтқанда,
өздерін  көрсеткісі  келеді.  Дəмхана  ашады,  СЭС-тың  талаптарын
орындамайды,  адамдар  уланады;  бағдаршамның  қызыл  түсінде  жүріп
кетеді,  жаза  берсең,  аз  емес.  Бірақ,  бұның  барлығы  өзімізді  көрсету  үшін
жасалады ғой, шын мəнінде, эгоңды жұбатып қою үшін, мəртебеңді көтеру
үшін. Өз басымда болған жағдай:


Үлкен  генерал  ағам  бар,  Ішкі  істер  департаментінің  бастығы,  бірде
соның  көлігіне  отырдым.  Ызғытып  кетіп  барамыз.  Қауіпсіздік  белдігін
таққан жоқпын. Енді ағам мықты генерал болса, ол белдіктің не қажеті бар,
келісесіз бе? Көлік жүріп келеді. Ағам маған анықтап бір қарады.
Сезіп тұрмын бірдеңе айтуға оқталып тұрған сияқты.
–Қуаныш, сен сонда, қауіпсіздік белдігін тақпайсың ба? Мен, мысалы,
əрдайым тағамын, – дейді ағам.
Амал жоқ, жағдайдан шығу керек:
–Генерал ағаңыз жоқ шығар сіздің, деп қалжыңдап құтылдым.
Негізінде, сол кезден-ақ түсінгенім, басқа бəле тілемей, барлығын заң
бойынша жасау керек.
Сен заңды алдасаң, өзіңнің ісіңнің де берекесі болмайды.
АЯҚТАЛҒАН.  Біздің  адамдарға  кез  келген  істі  бастау  қиын  емес,
аяғына дейін жеткізу қиын. Олар кəсіпті оңай бастап кетеді, бірақ бастаған
ісін  аяғына  дейін  бітірмей  жатып,  бір  жұмыстан  келесі  жұмысқа  оп-оңай
ауыса  береді.  Мен,  өз  басым,  осы  жасыма  дейін  28  түрлі  хоббимен
айналысып  бастаған  екенмін.  Аяғына  дейін  жеткізгенім  біреу-ақ,  ол  –
маркетинг.
Аяқталған  дегеніміз  –  туындаған  мəселенің  шешімін  табу,  яғни
нəтижемен аяқтап, нүктесін қою деген сөз емес пе?
Ал,  бізде  қалай?  Өздері  қандай  да  бір  айла  ойлап  табады.  Əсіресе
үнемдеп  ұту  үшін  сылтау  іздейтіндер  көп.  Соңында  шығынға  бататын  да
өздері.  Сондықтан  қандай  жағдай  болса  да,  кез  келген  істі  соңына  дейін
жеткізу, яғни аяқтау аса маңызды.
ТƏРТІП  БОЙЫНШA.  Орысшасы  «по  закону  жанра».  Автокөлік
моторының  майын  он  мыңдық  болса,  он  мыңдыққа  ауыстыру  керек
екендігін  барлығы  біледі.  Кейбір  көліктердікі  сегіз  мыңдық,  кейбіреуiнiкi
он  екі  мыңдық  болады,  бірақ,  əйтеуір  өзінің  бір  нормасы  бар.  Ешкім  оны,
он мың десе, он екі немесе он бес мыңдыкiне ауыстырмайды, себебі тəртіп
сондай.  Ал  егер  дұрыс  ауыстырмасаң,  моторы  бұзылады,  ол  қымбатқа
түседі.  Бұл  қағиданы  кез  келген  көлік  жүргізушісі  біледі.  Дəл  сол  секілді,
əр нəрсенің өз тəртібі бар: бизнестің тəртібі бар, кітап жазудың тəртібі бар.
Бізді  ерекшелендіретін  нəрсе  –  біздің  ақыл  қосып,  тəртіпті,  қағиданы
(орысша  айтқанда  закон  жанра)  бұзғанымыз  емес.  Сол  қағиданы  біздің
клиентке,
сатып
алушыға,
бізді
қоршаған
адамдарға
əдемірек,
ұсынылғанын,  оларға  ыңғайлы  болуын  ойластыру.  Сондықтан  да  осы


ЗАТОК-тағы  «Тəртіп  бойынша»  деген  осыдан  шыққан.  Мысалы  кітап
жазудың өзіндік бір тəртібі бар, бірінші кіріспе немесе алғы сөзін жазасың,
логикалық құрылымын сақтайсың.
Адамдардың  басым  бөлігі,  қажетінше,  тəртіп  бойынша  жұмыс
жасамайтындықтан, кейінірек опық жейді.
Өз ойын қосады, қалауын айтады. Ал, негізінде, Б.Момышұлы атамыз:
«Тəртіпке  бас  исең,  құл  болмайсың»,  –  деп  бекер  айтпаған.  Сондықтан  да
бастағалы отырған істің өзіндік қалыптасқан заңдылығы бар делік, егер бар
болса,  сол  жолмен  жүр.  Басқа  жолды  іздеудің,  жаңадан  велосипед  ойлап
табудың қажеті жоқ.
Мысалы, бізде палау басудың тəсілі бар. Ал өзбек ағайындарымыздың
жүзжылдықтар бойында келе жатқан рецептураcы жеткілікті. Алматыға сол
рецептурамен  келген  кезде,  ішінде  зирасы,  бұрышы  көп  деп  адамдар  сын
айтады  да,  тағамның  рецептурасын  өздері  өзгертіп  алып,  одан  соң:  «Түф,
Ташкенттің палауы дəмдірек еді», – деп мінейді.
Ал  негізінде,  бар  заңдылықты  сақтасаң,  бұл  палау  да  дəмді  болар  еді
ғой.  Дайындалу  заңдылығын  өзгерттің  бе,  демек,  палаудың  да  дəмі
бұзылады.  Бізге  де  осы  палауға  байланысты  талай  сын  айтылды,  бірақ  біз
рецептурасын өзгерткен жоқпыз.
Əр  нəрсенің  өзінің  бір  тəртібі  бар.  Маркетингтің  өз  тəртібі,  сатудың,
кітап  оқудың,  мейрамхана  ашудың,  резюме  жасаудың  да  өз  тəртібі  бар.
Айтпақшы,  досым  Əлішер  Елікбаев  жазған  резюме  жасау  жəне  берудің
тəртібіне  байланысты  қызықты  мақаламен  бөлісіп  отырмын.  QR  кодты
скрин жасап, оқып ал. Өте пайдалы мағлұмат көп.


Əлішер ЕЛІКБАЕВТЫҢ
мақаласына сілтеме QR код
Мен жоғарыда айтып кеткен пікірді өшіру мен ақылды қосуды дəл осы
жерде  пайдалану  керек.  Бұл  жағдайда  ешқандай  пікір  қоспаймыз.  Сенің
көмекшің Google, маман жəне кітап.
ОЙЛАСТЫРЫЛҒАН.  Барлық  жасайтын  нəрсені  ойластыр.  Мысалы,
тренинг  жүргізген  кезде,  екі  жерден  led-экран  қою  керек  пе,  соны  алдын
ала  ойластырып,  заң  жəне  тəртіп  бойынша  екеу  болғандықтан,  жалдап
алып,  əкеліп  қоясың.  Міне,  сол  кезде  тренингің  де  жақсы  өтеді,  келген
адамдар да экрандағы мағлұматты жақсы көре алады.
КӨРІКТІ.  (Əдемі).  Əр  жасаған  жұмысың  аяқталған  болса,  көзге  де
көрікті  жəне  жағымды  болуы  керек.  Есіңе  саламын,  тауардың  сапасы  ғана
емес,  визуалды,  эстетикалық  маңызы  да  зор.  Ал  енді  сызбаға  назар  аудар.
Көп жағдайда ЗATOK қолданыста қалай жүретінін айтып берейін.
Əдетте, адамдар күш-қуатының 10%-ын заңды айналып өтуге, алдауға;
20%-ын істі қалай болса да, əйтеуір бастап кетуге, туындаған мəселелердің
шешімін  таппай,  жұмыс  жасай  беруге;  60%-ын  өз  пікірін,  ойын  қосып,  өз


дегенінше  жасауға  жұмсайды.  Ал  соңында,  нағыз  ойланатын  жерде,  жай
ғана  оның  энергиясы  жетпей  қалады  да,  ұсынған  тауарының  сыртқы
көрінісіне,  көріктілігіне  назар  аудармайды.  Бұндай  жағдайда  нəтиже
болмайды.
Сондықтан өз ойымызды, пікірімізді қоспаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет