Екінші болма


ГЕОРГИЙ  ЦУРЦУМИЯНЫҢ  ОЛИМПИАДАДАҒЫ  ФИНАЛЫ



Pdf көрінісі
бет61/127
Дата17.05.2022
өлшемі2,78 Mb.
#34727
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   127
Байланысты:
Екінші болма 2

ГЕОРГИЙ  ЦУРЦУМИЯНЫҢ  ОЛИМПИАДАДАҒЫ  ФИНАЛЫ:
БАРЬEP VS AДЫРАСПАН
Жеңіс  жолында  жүріп,  үйренуді  үйрендік,  тырыспайтын  болдық,
жасаймыз,  қабілетімізді  анықтадық  делік.  Бұның  барлығын  бизнес
жолында  жүргендер  кəсібін  дамыту  үшін,  мамандар  біліктілігін
арттырып, мансабын жоғарылату үшін істейді. Бірақ мен адыраспандар
мен  барьерлерді  (кедергілерді)  ерекше  атап  өткен  себебім,  адамдар
қаншама  жерден  білікті  маман  немесе  мықты  кəсіпкер  бола  тұра,
өздерінің  адыраспандары  мен  барьерлерінен  жеңіліп  қалады,  демек,  өз
жеңісінен алыстайды.
Менің  командамда  керемет  мамандар  жұмыс  істейді,  бірақ  қырсық
мінезі  мен  эгосының  салдарынан  кейбіреулерін  қызметтен  босатуға  тура
келді.  Өз  ісінің  нағыз  маманын  командамнан  шығару  мағанда  да  оңайға
соқпайтын. Біз жеңіс жолында жүріп, көптеген құрбандыққа барамыз, білім
жинаймыз,  шыңдаламыз,  өзгереміз.  Бірақ,  аяғымыз  адыраспандарға
келгенде шалынады.
Спортта  да  дəл  солай,  осыған  қатысты  мысалым  да  бар.  Еліміздің
еңбек сіңірген спорт шебері Георгий Цурцумия 2004 жылы Афинада грек-
рим күресі бойынша финалға шығып, ресейлік палуанмен күреседі. Күрес
екі раундтан, əр раунд үш минуттан тұрады, жалпы алты минут жүреді.
Екi де нөл есебімен жеңіп келген Цурцумия жекпе-жектің аяқталуына
бір минут қалғанда, күрестің ең қарапайым «подсечка» деген əдісіне түсіп
қалып, ұтылады.
Əрдайым  күрестің  ең  қиын  əдістерін  үйренген,  соларға  қарсы
əрекеттенуге дайындалған ол, қарапайым əдіске ұсталып, жеңіліс тапқан.
Өмірде  де  бұндай  жағдайлар  орын  алады.  Өзіміздей  қарсыласымыз
ретінде  өмір  жолымызды  көрсек,  оны  жеңу  үшін  мықты  əдіс-тəсілдерді


үйреніп,
оларды
пайдаланамыз.
Алайда,
өкініштісі,
90%-ымыз
«подсечкадан»  жеңіліс  табамыз.  Бұл  дегенім,  адыраспандардан  арыла
алмаймыз.
Адыраспандармен  күресу  оңай  емес,  бірақ  күн  сайын  өзіңмен  жұмыс
жасау  арқылы,  сенің  оларға  төтеп  беруге  мүмкіндігің  бар,  əрине  ол  үлкен
күшті  талап  етеді.  Əрдайым  олармен  алысасың.  Негізінде,  бізді  екінші
қылатын,
біздің
идеалды
нұсқамыздан
алыстататын

осы
адыраспандарымыз.  Кей  кезде  қырсықтығын  ұстап,  эгоң  ойнап  жатса,
əрдайым  ойыңда  ұста:  «Сен  қазір  не  екінші  боласың  немесе  бірінші
боласың». Сондықтан да, екінші болмай, адыраспандарымызды жеңуге аса
мəн берейік.
Осы  QR  кодты  сканерлеп  Георгий  Цурцумияның  олимпиададағы
жекпе-жегін көре аласың


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет