Екінші кітап алғАШҚьі сынақ



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата30.03.2023
өлшемі366,43 Kb.
#77466
1   2   3   4   5   6
СҰҢҒЫЛА СОҒЫС 
− Директормен ӛзім келістім. Оқуыңды уайымдама. Сегізінші класқа ӛттің, – деді 
жездем. 
– Енді екеуміз қауындықтың жерін аударып, баптаймыз. Зиба әпкеңмен қоштас. Ол 
қаладағы емшіге қаралатын болды. 
«Қоштас», – деді. Зиба қалаға кетпекші. Мен осында қалмақшымын. Жалғыз жанашыр 
ол да кетеді. 
Зиба әпкем мені кӛргенде ажары кіріп, кӛңілденіп кеткен сияқты кӛрінді маған. 
Ішімнен қуанып қалдым. Әпкем жазылады, екен-ау деген үміт сәулесі жүрегімді 
жылытқандай болды. 
− Мырзагелді маған бәрін айтты. Екеуің бір іс бастапсыңдар. Сәтімен болсын, Барсхан. 
Еңбек етсең – емесің. Осында қалсаң, қал. Күзде жиын-теріннен соң, ӛзіңді қалаға 


Taraz.aiman@mail.ru. 
алдырамын. Біздің қолымызда тұрып оқисың. Тәңір қош кӛрсе, мен де жазылып 
кетермін... 
Әпкем әдеттегідей ып-ыстық алақанымен басымнан сипап отырып, осыны айтты. Жүзі 
жарқылдап, даусы саңқылдап айтты. Бұрынғыдай буынып, жӛтелген де жоқ. 
Күзге қарай алдымнан арсалаңдап бір жақсылық күн туатындай, мен де кәдімгідей 
қанаттанып қалдым. Ұнжырғам түсіп кірген едім, қайратқа мініп, қоштасып, есіктен 
шығып бара жатып, артыма бұрылып қарап едім, әпкем түсі бұзылып, кӛзін орамалымен 
сүртіп отыр екен. Кідіріп, табалдырықта тұрып қалдым. Әпкем қолын бұлғап: 
− Бара бер, Барсхан. Әшейін кӛзіме бірдеңе түсіп кетті, – деді даусы бұзылыңқырап. – 
Тәңірім сені тағдырдың тәлкегінен сақтасын. Азаматсың ғой, азып-тозба. Жақсы адамның 
баласы жабыққанын білдірмейді. Жабықсаң – дұшпандарың табалайды. Тәңірім саған 
абырой беріп, достың күлкісінен, дұшпанның табасынан сақтасын. Бар, бар енді! – деп 
қату айтты. 
Кете бардым. 
Сол күні жездем екеуміз Молотов пен Қаракемер арасындағы ұзын арықтың бойынан, 
қамысы мен қарасорасы, бидайығы, түйежантағы қалың, құмдақтау жерге күрек салып, 
қауындықтың топырағын баптадық. Екі-үш күнде едәуір егістікті тақтайдай тегістеп, 
ирек-ирек атыз салып, тұқымды отырғызып тастадық. 
Бір апта шамасында топырақты түрткілеп, жұмыртқаны жарып шыққан үрпек балапан 
сияқтанып, үшкірленіп, қауынның белгісі біліне бастады. Күннің кӛзін кӛрді болды, 
құлақтанып, жапырағы да кӛрініп қалды. Балапан басып шығарған күрке-тауықтай болып, 
әлгінің қасынан айналшықтап кете алмаймын. Арасындағы арам шӛбін жұламын, 
топырағын қопсытамын. Кәдімгі кәнігі диқан болдым да қалдым. Мырзагелді қалаға 
кеткен. Басыма қамыстан шалаш тұрғызып алғанмын. Тӛсенішім де қалың қамыс. 
Робинзон Крузо сияқтымын. Робинзон Крузоны оу баяғыда-ақ, Мыңбұлақ кітапханасынан 
алып оқып қойғанмын. 
Сонда, мен де елсіз аралда жалғыз қалып кӛрер ме едім деп бала қиялға кетуші едім. 
Сол қиял шындыққа айналды. Шалаштың бір бұрышында бір дорба жарма, тоң май, 
аздаған ет, тамақ пісіретін котелок, қалайы қасық, табақ тағы басқа бірдеңелер тұрады. 
Бәрін жездем әкеп тастап кеткен. Бір матрас, одеялым да бар. Интернаттікі ғой. 
Үлкен арықтың аржағында аулақта қой баққан қарашайдың шайласы тұрады. Тағы да 
болса сол медеу. Әйтпесе, айдала. Қалың қамыс пен шеңгел ғана ызындайды. 
Айтпақшы, шеңгел гүлдеді. Тікені ызғарлы болса да, гүлі әдемі. Шеңгел есіре гүлдеген 
түннің бірінде Зиба әпкем түсіме кірді. Қос ақбоз ат жеккен, қоңыраулы пәуескеге мініп 
алған екен деймін. «Мен де мінейінші. Пәуескеге жегілген аттардың божысын мен 
ұстайыншы», – деп айқайлаймын. Бірақ әлдеқалай әлгі аттар пәуескемен бірге аспанға 
кӛтеріліп, арқырап бара жатады. Әпкем менің даусымды естімейді. Назарын да салмайды. 
«Мұнысы несі, мені танымай қалды ма»... – деп жатып оянып кеттім. 
Түсте ақбоз ат мінген жақсы деуші еді Айша. Бір емес, қос ақбоз. Сірә, әпкем емделіп, 
жазылып кеткен шығар дедім. 


Taraz.aiman@mail.ru. 
Ұйқым қашып кеткен сияқты. Түннің қай мезгілі, шамалай алмадым. Жұлдыздар 
самсап тұр. Мүлгіген дүние. Тек шекшек шырылдайды. Әсіресе қазір бәрі қосыла 
шырылдап, қандай бір зарға салған сияқты. Әлгі түстің әсерінен айыға алмадым. Бойым 
тоңазыды. Ақбоз аттар жеккені жақсы. Бірақ аспанға ұшқаны қалай... 
Үміт пен күдік арпалысында жатып, қайтадан ұйықтап кетіппін. Оянсам, күн сәске 
болып қапты. Тура салып, канал сияқты үлкен арықтағы суға бір сүңгіп алып, 
қауындықты араладым. Қауын гүлдеді. Ширатылып, шырмауықтай болып, желі тартыла 
бастады. Бұйырса, енді түйнек тастайды. Қылаудай бір арамшӛп жоқ. Егістігім тап-таза. 
Мақтау сӛзге сараңдау Мырзагелді жездем әнебір күні мені кӛкке кӛтере мақтап кеткен. 
Арамшӛпті ертеден тұрып кешке дейін жұлып тазалағаннан алақандарым кӛк нілденіп, 
қасаңданып, құммен ысқылап қанша жусам да кетпей, есіл еңбегімді растаушы мӛрдей 
басылып қалды. 
Сӛйтсем... бірде-бір арамшӛп жоқ деп жүрсем... Қауындықта миядай кӛкшіл, кӛк те 
емес, сұр да емес, сол екеуінің арасынан жаратылған дүбәра сияқтанып, мен бұрын 
кӛрмеген бір ӛсімдік түртиіп-түртиіп шығып келе жатты. 
Оның залал екенін де, пайдалы екенін айыра алмай, жұларымды да, жұлмасымды да 
білмей, аңтарылып қалдым. Кімнен сұрарымды да білмеймін. Айналада сұрайтын адам да 
жоқ. Мен Робинзонмын ғой. Жалғызбын. Сонау аулақтағы қойшы қарашай Біләлдан 
барып сұрайын деп бір оқталдым. Қойшы кісі диханшылық жағдайын қайдан білсін деп 
бір ойладым. 
Оның үстіне Мырзагелді жездем айтқан: 
− Қауындықты бейсеубет, бӛтен адам араламасын, – деген. 
Бӛтен кезден, әлдеқалай жайылып келген малдан сақтасын деп қауындықтың бұрыш-
бұрышына «қарауыл» қойып қойғанбыз. Онымыз орыстардың зират басындағы крештері 
сияқты кәдімгі айқыш таяқ. Үстіне «шапан кигізіп», басына ескі-құсқы малақай кигізіп 
қойғанбыз. Қалбайып-қалбайып тұрады. Соны да кәдімгідей қара тұтамын. Менің 
үндемес, қимылсыз «достарым» солар. 
Жездемнің тапсыруымен бір мезгіл пішен шабамын. Жүзіне күн шағылысып 
жарқылдаған шалғы орағы да бар. Қайрақ тасым да бар. Оратыным нар қамыс емес, құрақ 
қамыс, бидайық, жабайы жоңышқа, түйе жантақ. 
Сӛйте-сӛйте кәдімгідей бір мая шӛп те тұрғыздым. Егер нар қамысты да жыға берсем, 
бұл мая баяғы Мыңбұлақтағы Молдарайым атам жиған маядай үлкен болар еді. Бірақ нар 
қамыс мал жеуге жарамайды. Әрі десе, оны бұзғым да келмейді. Ӛйткені арасында бірлі-
жарым қырғауыл жүреді. Қазір балапан басып шығарған да шығар. Олай дейтінім, алғаш 
мен осында келгенде қырғауылдың қоразы мен мекіші түні бойы бірін-бірі іздеп, бірін-
бірі шақырып, зарлап шығатын. А, бәлкім, ол махаббат әні болар, оны мен қайдан білейін? 
Қырғауыл екеш қырғауыл да менен гӛрі бақыттырақ, атасына нәлет. Жалғыз емес. 
Енді балапандармен тіпті кӛбейеді. Әлбетте, біреу атып кетпесе. Дегенмен, қырғауылдың 
да жауы коп. Әсіресе адамдар. Мыңбұлақта қазір шыбынсыз жаз. Маса дегенді білмейді. 
А л мұнда масаға жем болған басым-ай десеңші. Қайран Мыңбұлақтың қадірін сонда 
білесің. Маса талағанда бәрін де талақ тастап, шілдеде басында қар жататын Тәңіртауға 
тартып кеткім келеді. Бірақ қол-аяғым байлаулы. Аяқ-қолымда кісен жоқ, шідер де жоқ. 


Taraz.aiman@mail.ru. 
Бірақ ит тіршіліктің бұғалығынан босана алмаймын. Сол. Босана алмаймын. Неге екенін 
ӛзім де түсінбеймін. 
Сӛйтіп жүргенде жездем келді. Маған қаладан алма, кәдімгі бӛлке нан, бауырсақ, 
пісірген ет әкеліпті. Жап-жаңа мәйкіні кӛргенде қуанып қалдым. Денеме жаңа кӛйлек 
тимегелі қашан. Қашан екені есімде жоқ. Жездемнің жүзі сынықтау кӛрінді. Отыра қалып, 
махоркасын тарта береді. 
− Зиба әпкем доқтырға қаралды ма? – дедім ӛзімді-ӛзім зорлап. Бетіме қарап тұрып, 
кӛзін тайдырып әкетті де: 
− Әпкең тәуір, – деді. 
Әуелі қауындықты кӛзбен шолып, жақындағы бірер түйнекті түртіп кӛрді. 
− Енді кӛп кешікпей пісіп те қалар. Аман-есен жинап алсақ, қалаға тасып сатамыз. 
Шыда, – деді. 
Мен оған әлгі бір бейтаныс шӛпті кӛрсеттім. Ӛзі де зәлім болар, қауын 
жапырақтарының арасынан кӛрінбей, бұғып, жасырынып жатады. 
Жездемнің түсі бұзылыңқырап: 
− Бұл бәле қайдан жүр? – деді. 
− Аға, ол не? 
Басын шайқады. 
− Бұл сұңғыла. 
− Сұңғыла деген не? 
− Сұңғыла деген – еңбегің еш, тұзың сор деген сӛз. 
− Неғып? 
− Қауының енді ӛспейді. 
− Неғып? 
− Неғып, неғып! Соғып! – Мырзагелді түнерді. – Арам ғой, арам! Лаң! Әп-әдемі егінді 
лаңдапты ғой. Бұл енді қауынды сорып қояды. Қауын боп-боз болып, піспей қалады. 
Асқабақ сияқты кіртілдек болады. 
− Жұлып тастаса қайтеді? 
− Жұлсаң қайтып шығады. 
− Тағы да жұлса ше? 


Taraz.aiman@mail.ru. 
Оқшия қарап тұрды да: 
− Мейлі. Жұла бер. Жұла бер, жұла бер! 
Жерге бір түкірді де, сылти басып Молотов жаққа кетіп қалды. Сылтып басып барады. 
Соғыста аяғына оқ тиген шығар. Бұрын білдірмеуші еді. Енді шынымен ақсаңдап барады. 
Мына сұңғыла оған фашистің оғынан да жаман тиді ме? Не болды? 
Аңқиып тұрып-тұрып, әлгі сұңғыла деген иттің біреуін жұлып алдым. Иісі мия сияқты 
жағымсыз, ащы екен. 
Тағы еңкейіп, тағы жұлдым. Ендігі зәлім жауым осы деп екілене жұламын. Бұл енді 
менің қиян-кескі соғысым. 
Айтпақшы, соғыс аяқталыпты. Оны айдалада жатып мен қайдан білейін? Әнекүні 
Біләл қойшының үйіне барғанда сол айтты. 
− Гитлер капут! Құрлық фашист құрыды, – деді. – Енді бізді Кавказға қайтаратын 
шығар, – деп қойды. 
Кейін-кейін білдім. Жеңіс күні деп елдің бәрі той тойлапты. Қуанышы мен жылап-
сықтауы аралас орасан думан болыпты. Мен оның бірін де білмеймін. 
Тек Біләл қойшы айтқан соң, бірінші ойыма сап ете қалғаны: енді Нәметқұл кӛкем, 
Махан кӛкем, Сейсенбай кӛкем... Орха мен Ноха кӛкелерім елге қайтатын шығар. Бізді 
Мыңбұлаққа қайтадан кӛшіріп алатын шығар деген бір иненің жасуындай нәзік үміт 
ішімде жылт ете қалды. 
Біләл қойшы Кавказ тауға қайтуды армандайды. Мен Тәңіртауға қайтуды аңсаймын. 
Екеуміз де таулықпыз. Сірә, таусыз ӛмір сүре алмайтын болармыз. Бізді таулар тартып 
тұратын қандай құдірет – білмеймін. 
Сонымен, соғыс бітіпті. 
Ал менің соғысым енді басталды. Сұңғыламен соғыс. Күн батып, қас қарайғанша 
талайын жайраттым-ау деймін. Алақандарым күлдіреп ойылып, ақжем болып кетті. Сасық 
иіс қолқаңды қабады. Суға салып жудым, жудым. Алақаным ашиды. Ашиды. 
Сілейіп, қатып ұйықтап қалыппын. Масайраған масалардың шаққанын да сезбеппін. 
Сӛйтсем, ұйықтамауым керек екен. Таң ата тұрып қарасам: кешегі жұлған сұңғылам 
андыздап қайтадан түртиіп, түртиіп тұр. Бұл не бәле?! 
Тамырын күрекпен отайын десем, қауынның тамыры қоса кетеді. 
Түбіріне тақап жұлсам, түйежантақтың тамырындай болып, боп-боз шұбалшындай 
шұбатылып, резіңкедей созылып кете береді, кете береді... 
Бірақ мен арпалыстым. Отаудай-ақ отадым. 
Қайта шығады. Тағы да жұламын. 


Taraz.aiman@mail.ru. 
Қайдағы бір зәрлі ӛсімдікпен арпалыстырып қойған Құдай! 
Есіме түсті. Мектепте Досмырза директор ӛткен қыста тарихтан бір аңыз айтып беріп 
еді. Ертеде-ертеде, Грекия деген елде, Зевс құдайдың қаһарына ұшыраған Сизиф дейтін 
сорлы, дәу тасты таудың етегінен басына қарай домалатады екен. Тасты таудың басына 
шығара берген кезде, тас қайтадан етекке қарай қаша жӛнеледі екен. Қайтадан шынға 
қарай итереді, қайтадан... Қайтадан. Қайтадан. Қайтадан! Атасына нәлет! Сизиф сорлы 
Зевстің бұйрығымен сол тасты әлі домалатып жүрген кӛрінеді. 
Сизиф сол дәу тасты таудың басына шығарып, әбден нықтап орнықтырып, енді 
қайтадан еңіске қарай домалап кетпестей етіп бекітіп, «уһ» деп демін алған сәтте заман 
түзелмек. 
Заман бұзылған ғой. Бұзылған. Әйтпесе, Сизифті аяса қайтеді? Аяныш деген қайда, 
атасына нәлет! Аяныштың жоқтығынан дүние бұзылмақ. Адамдар азбақ. Табиғат тозбақ. 
Зәрлі сұңғыла тамырын мен суырып болған күні қауын да піспек. Піскен қауынды 
Мырзагелді екеуміз қаладағы Атшабардың базарына апарып сатып, байимыз, атасына 
нәлет! Біз де байимыз. Тапқан ақшаға ең алдымен Айшаны киіндірем. Масатыдай жасыл 
кӛйлек, аппақ шәйі орамал, әміркен кебіс-мәсі алып беремін. Үстіміздегі қомыт кӛйлекті 
лақтырамыз. Бар жоқшылық, жаманшылық осымен кет деп отқа жағамыз. Қарындасым 
мен інімді де мұнтаздай киіндіріп қоямын. Нәметқұл кӛкем бізді кӛшіріп елге барғанда, 
басқаны былай қойып, Тасбеттің ӛзі мені танымай қалады. Шырыштай болып киінемін. 
Басыма Едігенің кепкесіндей жап-жаңа, сегіз қырлы, түрлі-түсті кепкені қисайтыңқырап 
киіп аламын. Аяғымда сықырлауық әміркен етік болады. 
Тасбеттің алдынан олай бір ӛтіп, былай бір ӛтіп, етігімнің ұлтанын әдейілеп сықыр-
сықыр, шиқ-шиқ еткіземін. 
Шұбар мұғалім апайдың тәмпіш мұрын тәлпіш қызы да мені танымай... жоқ, танып: 
− Ой, Барсха - а - ан! Қалай ӛзгеріп кеткенсің! – деп алақандарын сарт еткізіп, иегін 
таянып, сұқтана қарап тұрып қалады. Егер болса... Кӛшіп кеткен шығар. 
Солай, Барсхан. 
Таңның атысы, күннің батысы сұңғыламен соғысамын. Осы бірсыдырғы сұрапыл 
соғыстан басым айналады. Сірә, күл түстес сұңғыла улы шығар. Бұл соғыс ӛмірі 
бітпейтіндей кӛрінеді. Тәңір, тағдыр қанша ғұмыр береді, соның бәрі осы сұңғыла 
соғыспен ӛтетіндей болады. Торығамын. Сӛйте тұра, қайтадан сүліктей сүлесоқ, сұрықсыз 
тамырды жұла беремін. Жұла беремін. 
Бұл не? Жазмыш па? 
Сӛйте-сӛйте, ара-тұра, қауынның кейбір қарны томпайып, пісігі де білінейін деп 
қалды. Кәдімгідей қош иісі бар. Түгі түсе бастады. Бұл енді сұңғыладан сау қалғандары. 
Ал сұңғыла сорып қойғандары баяғы бала күнімде, Таласбай бұлақтың әуітінде ӛзім 
тепкен жыланның шала жұтқан кӛкқасқа бақасындай сӛлсіз. Бозарып жатады. Реңсіз. 
Тумай жатып қартайған ауру баладай. Беті әжім-әжім. Құрысқан. Сұңғыла шӛп әлі де 
есіріп тұр. Кеше жұлып тастағаным бүгін қайтадан сұр жыландай басын қақшитып 


Taraz.aiman@mail.ru. 
тұрады. Біртүрлі кектеніп алдым. Қаным қараяды. Жау кӛргендей жұлқына жұламын. 
Еңкейе-еңкейе белім талады. 
Анда-санда белімді жазып, жан-жаққа қараймын. Нар қамыс түскиіздей тұтасып 
тұрады. Шеңгел гүлін тӛгіп, қауашақ шығарып қалыпты. Шеңгел екеш шеңгел де 
тұқымын қамдайды. Осы қауашақ піскенде іші дәнге толады. Сонда сәл жел соқса, шеңгел 
қауашақтары кішкентай жез қоңырау сияқты сыңғырлайды. Бірақ біртүрлі мұңды сыңғыр. 
Шарасыздың, әлде Сизифтің мұңы сияқты. 
Сизиф менің кӛкем ғой. Туысқанбыз. Ол тау басына түйедей тас домалатады. Ӛмір-
бақи, дүние-дүние боп қанша тұрады, сонша домалатады. 
Мен, Сизифтің туысқаны, ғұмыр бойы таусылмайтын сұп-сұр, күлбет сұңғыланы жұла 
беремін, жұла беремін. 
Екеуміз де қаһарға ұшырағанбыз. 
А, бәлкім, сол Сизиф мен ӛзім шығармын. Алыстағы ертегілер елі Грекиядан адасып 
келген шығармын. 
Бірақ Сизиф тауға тас домалатқанда ұдайы кӛзін аспанға қадайтын... Кӛкке... 
Ал мен болсам үнемі жерге қараймын. Кӛзімді жерге, топыраққа, күлбет жалмауызға 
қадаймын. Белім де содан бүкшиіңкіреп барады. Соны жазып алу үшін, анда-санда бой 
жазу үшін сіресіп түрегелемін. Сонда бір сот аспанға да кӛзім түседі. Боз топырақтан 
құрғаған кӛзім сонда шайдай ашылып, аспанның кӛгіне суарылып, қайралып, ӛткірленіп 
қалады. 
Сонда деймін-ау, ӛмірі аспанды кӛре алмайтын, кӛруге мойыны бұрылмайтын шошқа 
қайтіп күн кӛреді? 
Аспанға телміріп қарап-қарап, түк кӛрінбеген соң жан-жаққа кӛз саламын. 
Серейіп біреу келе жатыр. Селк ете түстім. Мен екі аяқты адам кӛрмегелі қашан. 
Кісікиік болып бара жатсам керек... 
Әлгі адам серейгеннен серейіп, таяп келеді. Маған одырайып біраз қарап қалды. Содан 
соң қауындыққа кӛз салды. Қайта маған бұрылып: 
− Неге сәлем бермейсің? – деді. 
− Танымай тұрмын. 
− Танымасын – сыйламас. 
Әрине, менікі әдепсіздеу болды. Әп-әжептәуір киінген кісі екен. Сірә, мұғалім шығар. 
Құдайдың ыстық күнінде галстук тағып алыпты. Ішім қылп ете қалды. Бұл Молотов 
мектебіне жаңадан келген мұғалім болды ғой. Әлде директор ма екен. Досмырза қартаң 
кісі. Кемпірі Зүбаржат: 


Taraz.aiman@mail.ru. 
− И - и, қалаға китәргә кирәк, – деп отырушы еді. Кӛшіп кеткен болар. Зибаны 
«пәдүрішкәм» деп еді. «Пәдүрішкәсі» Әулиеатаға кетіп қалған соң, о да кӛшкен ғой. Мына 
кісі біреу-міреуден естіген шығар: «Анау айдалада бір жабайы бала бар. Мектептен қашып 
кеткен», – деген-ау. Содан мені іздеп келген ғой. Мектепке қайтармақшы ма? Жақында 
оқу басталады. 
− Қалай, қауының пісейін деді ме? 
− Жоқ әлі. 
Жасырдым. Әйтпесе, ішінара сарғайып қалғандары бар. Оларды түйежапырақпен 
жауып қоямын. 
Мырзагелді сияқты махорка емес, папирос шекті. Махоркадан гӛрі иісі жұғымдылау. 
Отырып-отырып: 
− Осы сен Зибаның інісісің бе? – деді. 
− Иә, – дедім жұлып алғандай? Зибаны біледі екен. Біртүрлі сүйкімді кӛрініп кетті әлгі 
кісі. 
− Зибаны қайдан білесіз? 
− Ертеден білемін. Қаракемерде тұрған. Ой, шіркін жалған-ай, әйел біткеннің 
ажарлысы еді. 
Мұңайған, сағынған сияқты. 
Ішіме мұз қатқандай тұлабойым бірте-бірте суынып бара жатты. «Ажарлысы еді» 
дегені несі? 
− Әпкеңнің Құдай иманын берсін. 
Қарақұрт шаққандай ыршып түстім. Қалшиып тұрып-тұрып, кеудемнен жаным шығып 
бара жатқандай шыңғырып жіберіппін. 
− Не боп қалды? – деп ана кісі де орнынан атып түрегелді. Мені, сірә, ұстама ауруы 
бар деп ойлады ма, қос қолымнан қарыстыра ұстап алды. Түсім адам шошырлық, 
әлемтапырық болса керек: 
− Су, су қайда? – деп мені арыққа қарай сүйрей жӛнелді. Енді қарсыласа алмадым. 
Ӛнбойым былқ-сылқ. Былқ-сылқ етіп, буыным ұстамай, тізем бүгіліп, бетімді шеңгел 
тіліп, суға да жеттім. Бетіме су бүркіп, басымды арыққа батырып-батырып алды. 
Су-су болып, дел-сал халде отырмын. Әлсіреп: 
− Қа - ша - ан? Қа - л - ай? – дедім білем. 
− Ойбу, байғұс бала, сен білмеуші ме едің? Кешір, айналайын. Біледі екен деп едім. 
Апырай ә, қашан - а - ан, осы шеңгел гүлдегенде ғой деймін. Мырзагелді саған айтқан жоқ 
па? 


Taraz.aiman@mail.ru. 
Жай ғана басымды шайқадым. Мойнымда буын жоқ. Ӛзінен-ӛзі шайқала береді. 
Кӛзімнен жылжып, жып-жылы жас аққан сияқты. Мен жыламаған сияқты едім ғой. Ыстық 
жас ӛзінен-ӛзі жылжып ағады. Сүртпедім. Ӛзегім ӛртеніп, соның жалыны кӛзімнен шығып 
жатқандай. Мен жылаған жоқпын. Тек ішім ӛртеніп жатыр. Ӛрте - ені - і - іп... 
− Қой, бекем бол, жігітсің ғой. 
Жаңа кӛргендей бетіне бағжия қарадым. Жалын атқан, жас аққан кӛз жаман шығар, 
әлгі кісі тайсалыңқырап, шегіншектеп кетті. 
− Сен мені танымайсың ғой. Мына Қаракемерденмін. Естіген шығарсың, әпкең айтқан 
шығар, менің атым Кәрібоз. Кәрібоз менің атым. Зибаның жездесімін. Мен де мұғалім... 
Иә, Зиба айтып отыратын. Айты - е - еп отыратын. Қыршынды батыр Байтанадағы 
Шотай апаның қызын алған деп отыратын. 
Зиба сӛйлейтін. Енді сӛйлемейді. Енді оның періштенің даусындай мақпал үнін 
естімеймін. Ән салатын. «Ғашық жар» деген ән. «Ғашық жар, ғашықта болған құрбыңды 
амалда да қасыңа ал...» 
Жетті арманына. Ғашығымен құшақтасты. Ғашығы қасына алды. Бәріміздің 
ғашығымыз – Қара Жер. Сол, сол ғана мәңгілікке құшақтайтын. Басқа құшақтың бәрі 
ажырасады. Бәрі баянсыз, атасына нәлет! 
Бәлкім, тағы бір баянды бар болса, ол – Аспан. Аспан – жанның ұясы. Зибаның жаны 
кӛрінбес пе екен деп жас аққан кӛзіммен аспанға қарадым. Кӛзім жастан бұлдыраған 
шығар, Зибаның жаны кӛрінбейді. Түңіліп, тас түйіліп, әлгі кісіге де қарамастан, 
қауындыққа кіріп, сұңғыланы жұла бердім, жұла бердім... 
− Жарайды, хош! – деген дауысты есіттім. Бұрылмадым. Бұрылуға мұрша жоқ. Мен 
сол сәтке ӛзімнің Сизиф екенімді ұмытып кетсем керек. 
Сизиф екеніңді ұмытпа, Барсхан! Сұңғыламен жұлыса бер. Әлдекім келді-кетті. 
Жұмысыңа кедергі болмақшы. Сәл алаң қалсаң сұңғыла кӛбейіп кетеді. Алан болма! 
Қызарып күн батты. 
Тағы да бір күн ӛтті. Ӛтті - і - і. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет