Екінші кітап алғАШҚьі сынақ



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата30.03.2023
өлшемі366,43 Kb.
#77466
1   2   3   4   5   6
ЖЕТІМ СҰРАҚ 
Қаладан жездем келді. Естіп қойыпты. 
− Оның не? –- деді. 
− Иә, ӛзі ғой... 
− Ӛзі болса, басын жара ма екен. Сотталып кетесің ғой. 
− Иә, ӛзіңіз ғой, батырсың, батырсың деген. 
− Батыр, батыр дегенде, біреудің басын жара бер деп пе едім? 
− Иә, ӛзі кӛжеме түкіріп жіберді. 
Газетке ораған махоркасын сораптап, тӛмен қарап, үндемей қалды. Шылымның 
тұқылын жерге лақтырып тастап, табанымен таптады да, басын жоғары кӛтерді. 
Күлімсіреп тұр. Дегенмен кӛркем жігіт болған кезінде.Жүзі қараторының шырайлысы. 
Зиба әпкем бекер жақсы кӛрмеген. Қап-қара мұрты да келісті. 
Қай заман екенін қайдан білейін? Әйтеуір жалғызбасты жас жігіт Қыршындыға, менің 
нағашыларымның ауылына мұғалім болып барған ғой. Зиба әпкем бойжеткен қыз. 
Бәлшібектер келіп, байлығынан байпақ та қалдырмай тонап алса да, Зиба кімнің қызы – 
Есей байдың қызы. Арыстандай азулы Рахман ағасы бар. Туған-тумалар тіреп тұрған кез. 
Сонымен не керек, тағдыр екен, бір күні осы мұғалім Зиба әпкемді алып, екеуі қол 
ұстасып қашқан ғой. Батыр байтаналар біліп қойып, ұстап алады. Сірә, Аса ӛзенінен ӛте 
бергенде. Жас мұғалімді бәрі жабылып ұрмақшы болады. 
− Тұлдыры жоқ, туысы жоқ қу кедей, – дейді. 
− Елі жоқ, қаңғырып жүрген кӛн етікті неме, – дейді. 
− Ӛзінің елі кім екен? Түп-тұқияны бар ма? – дейді. 
− Тексіз неме, хан қызындай Зиба сенің не теңің? – дейді. 
− Алдаушы, арбаушы жәдігӛй ғой, жас қыздың басын дуалап қойған ғой, – дейді. 
Іс насырға шауып тұрғанда, үстеріне қала жақтан Рахман келіп қалады. Мән-жайды 
білген соң, қарындасымен оңаша сӛйлескен соң, батыр байтананың алыпсоқ, айбынды 
жігіттеріне: 
− Қойыңдар. Жіберіңдер. Тәңір беттерінен жарылқасын! – дейді. Содан Қаракемерге 
барып, ӛйтіп-бүйтіп мұғалім болып, біреудің үйінің бір бұрышын паналайды. Екеуінде екі 
пальтодан басқа тұлдыр жоқ. Бір пальтоны астарына тӛсеп, бір пальтоны үстеріне 
жамылып, пақырлар күн кӛрісімен жүріп жатады. 
Екеуі ұлды болады. Оның атын Жанысбек қояды. Қаракемердің жаныстарының 
ортасында отырғандықтан. Жақсы мекен болды деп жорығандықтан. 


Taraz.aiman@mail.ru. 
Жанысбегі, жарқылдап туған қошқардай ұл, жер бетіне сыймай, Құдай ӛзі берген, ӛзі 
алды. 
Артынша аппақ болып, кӛкшіл кӛз Ақшагүл деген қыз бала туады. Одан соң дүниеге 
Әбілхай – Әбен деген ұл келеді. 
Сӛйтіп жүргенде соғыс басталады. Мырзагелді майданға кетеді. Арада неше қилы 
қиын заман ӛтеді. 
Ендігісі мынау. 
Екеуміз бетпе-бет тұрмыз. Ендігі тұтқа осы адам. Кешегі тӛбелес бүкіл мектепке 
жайылса керек. Бәлкім, оқудан шығарып жіберетін шығар. Осы адам ара түспесе, кім 
біледі? Досмырза директор жақсы кісі, маған бүйрегі бұрып тұратын сияқты. әсіресе 
«Абай» романын оқып болып, кітапты қылау түсірмей, ӛзіне. қайтып апарып берген соң, 
ол маған класс алдында бұл роман жайлы білгенімді, түйсігімді, ойымды айтып беруді 
тапсырды. 
Қысылып-қымтырылсам да ӛз сӛзіммен кітап мазмұнын айтып бердім. Тіпті қырық бес 
минут тез ӛте шыққан секілді. Ӛзімді ӛзім ұмытып, Абай дүниесіне сүңгіп кеткенім 
сонша, бір шексіз мұхитта жүзіп бара жатып, жағалауға жете алмай, аңсары асқан адамдай 
болдым-ау деймін. Оның үстіне оқушылар бұл әңгімені қызыға тыңдады. 
Директор мені мақтап, «бес» қойды. Бүкіл класқа осы романды оқыңдар деп тапсырма 
берді. 
Мырзагелді жездем айтса, директор мені мектептен аластай қоймас та. 
Әсіресе жас адамның тағдыры қолдаушыңа байланысты. Әрине, әуелі Кӛк Тәңір. Айша 
айтады: адамның тағдыры туа салысымен пешенесіне жазылып қойылады дейді. Сол 
жазмышта не айтылса сол болады дейді. 
Менің маңдайымда Молотовтың мектебінен шығарыласың деген жазу бар ма, жоқ па, 
білмеймін. Сол маңдайдағы жазуды ашып оқып кӛрер ме еді? 
Оны мен оқып кӛре алмаймын. Оны бір білсе, осы жездем біледі. Қағылез кісі. 
Майданнан келгеніне жарты жыл болды ма, болмады ма, алдына бір қора қой бітті. Рас, 
бір қозысын мен ӛлтіріп алдым. Шығыны сол ғана. Баяғыда батыр байтананың жігіттері 
бұған Зибаны қимай, қу кедейсің, тегің, елің жоқ, қаңғыбассың деп менсінбеген екен. 
Қазір бұл солардың кӛбінен дәулетті. 
Тек дегенде де, байтананың жігіттері қателескен кӛрінеді. Ӛйткені Мырзагелдінің 
әкесі Қалибек деген кісі тӛменгі Таластағы Ойық деген елдің беделді биі болған екен. Не 
тәркілеуде, не сол отыз екінші қырғынында болашақ жездеміз жетім қалып, әйтеуір 
тырбанып, оку оқып, мұғалім болған ғой. Еті тірі адам. 
Жетімнің жағдайын жездем жақсы білсе керек. Сондықтан мені жамандыққа қимас. 
Қимайды ғой. Ӛйткені жездем айтты: 
− Ал енді батырекесі, жағдай былай. Кӛктем болса келіп қалды. Құдай аман қойса, 
жетінші класты бітірдім деп есептей бер. Ендігі қалған күндерде мектепке бармай-ақ қой. 


Taraz.aiman@mail.ru. 
Күзде сегізінші класқа бір-ақ барасың... Екеуміз мына кӛктемнің күнін құр жібермей бір 
тірлік жасайық. Қауын егейік. Еңбегіміз жанса, оны сатып, сен табыс табасың. Қауыннан 
түскен қаржыға ӛзің шырттай болып киінесің. Сонау нағашыларыңның қолындағы 
шешеңді де, қарындасыңды да, ініңді де киіндіресің. А, бәлкім, сен қалаға барып оқырсың. 
Қанша айтқанмен қаланың аты – қала ғой. Орысша үйренесің. Сӛйте-сӛйте адам боп 
кетесің. Мұным қалай? 
Бұл енді менің миым жете бермейтін қиын сұрақ. Әрине, киінгім келеді. Мысалы, 
Едіге сияқты. Мырзагелді үйінің жанындағы кӛрші үйде Едіге деген бозбала бар. 
Шалбарының қыры қылыштың қырындай. Кӛйлек, костюм дегені шистай. Жарасып 
тұрады. Аяғындағы туфлиіне дейін жалтырайды. Петренко дейтін орыстың бойжеткен 
қыздары Едігеге шетінен ғашық... Әне сондай болсам... 
Әрине, Айша мен Құрмашқа, Батырханға жәрдем бере алсам, қандай жақсы болар еді. 
Олар сол ескі-құсқы, жамау-жамау лыпамен жүр ғой... Осы есіме түскенде жүрегім 
сыздап, соларды бір кӛруге зарығып, құр қол бармай, әлгіндей мол базарлықпен барсам 
ғой. Шетінен қуанып, Айша Тәңірге мыңда бір тәубә айтып, жетілді деген осы, азамат 
болды деген осы деп жүрегі жарыла қуанар еді. 
Айшаның нағашылары Сәли, Қали, Бӛпетай, Сатайлар баяғыдай мені бір ортаға алып: 
− Бәсе, Барсханнан түбінде бір мықты азамат шығады демеп пе едім. Міне, жалын 
тартып, атқа мінді деген осы. 
− Түбінде тұлпар мініп, ту ұстайтын осы болады. 
− Құдай ӛмір берсін. 
− Тіл-кӛзден аман бол! – десіп, бірінен бірі ӛтіп жарқылдайды. 
Сол асылдар мені сӛйтіп бағаласа арман не? Жездеме жауап бермей, үндемей тұра 
бергенге ыңғайсызданып, ықылассыздау ғана: «Мейлі», – дедім. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет