Екінші том маса астана, 2022 ахмет байтұрсынұЛЫ



Pdf көрінісі
бет37/67
Дата03.10.2024
өлшемі6,35 Mb.
#146744
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   67
Байланысты:
А.Байтұсынов Маса жинақ

ҚАЗАҚША ОҚУ ЖАЙЫНАН
Қазақ ішінде әр жерде бала оқытатын адамдардан 
бала оқытуға програсы (жосық) көрсетілсе екен де-
ген өтініштер келеді. Бұл күнде қазақ арасындағы оқу
жосықсыз һәм жосық жасауға болмайды да. Үйткені 
қазақтың бастауыш мектебінде оқитын кітаптар бел-
гіленбек түгіл, әлі шыққан да жоқ. Жаңа ғана әліфба 
шыға бастады. Оның да қайсысы оқылары белгілен- 
ген жоқ. Әліфбаден әрі оқытатын кітаптар әлі шыққан 
да жоқ. Дін жайынан оқытатын, есеп оқытатын,
жағрафиа һәм тарихтан қысқалап хабар беретін кітап-
тар әлі жоқ. Сондықтан програм деген сөз әзір ертерек. 
Әуелі бала оқытатын кітаптарымызды түзеп, сайлап 
алып, сонан соң неден бастап, неге шейін оқытатыны-
мызға жосық белгілеуге дұрыс.
Бұл сөзді қойа тұрып, мұнан бұрынырақ ескерте-
тін бір жұмыс бар. Ол мынау: бір нәрсені істегенде 
сол істі істей білетін адам істесе шапшаң да, жақсы да 
істейді. Бұл жалғыз қол ісі емес, ми ісінде де солай. 
Мал бағатындар мал бағуын жақсы білерге керек, 
ел бағатындар ел бағуын жақсы білуге керек. Бала 


244
оқытатындар бала оқытуын жақсы білерге керек. Бала 
оқытуын жақсы білейін деген адам әуелі балаларға 
үйрететін нәрселерін өзі жақсы білерге керек, екінші, 
баланың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам 
боларға керек. Оны білуге баланың туғаннан бастап, 
өсіп жеткенше тәнімен қатар ақылы қалай кіретін 
жолын білерге керек. Баланың ісіне, түсіне қарап, 
ішкі халынан хабар аларлық болу керек. Ол үшін бала 
турасындағы
1
... керек. Бұл күнгі ғылымды жұрттарда 
бала оқыту жұмысы бала оқыту ғылымын оқып 
шыққан адамдардың қолында. Сол ақылға да дұрыс. 
Содиа содиалық ғылымды оқығаннан болғанда, доқтыр 
доқтырлық ғылым оқығаннан болғанда, мұғалім 
мұғалімдік ғылымын оқып шыққан адамдардан болуы 
тиісті.
Біз болысымыз, басқа жұрттың болысындай, елді баға 
алмайтын мінін айтып жатырмыз, билерімізде содиадай 
әділдік жоқ, мінін айтып жатырмыз, дәрігерлеріміз, 
бақсыларымыз доқтырдай ауруды емдей алмайтын 
мінін айтып жатырмыз, халқымыздың басқа жұрттай 
білімді емес, надандық мінін де айтып жатырмыз. 
Бұлардың мінін айтқанда бала оқытуымызда қандай мін 
барын да айтып, әуелі біз елді түзеуді бала оқыту ісін 
түзеуден бастау керек. Неге десек, болыстық та, билік 
те, халық та – оқумен түзеледі. Қазақ ісіндегі неше 
түрлі кемшіліктің көбі түзелгенде оқумен түзеледі. Бұл 
күндегі үлкендердің біздің жаңалық ісімізді жатыр- 
қап, жаңалық пікірімізді түсінбей, айтқанымызды 
тыңдамай, істегенімізге қосылмай отыр. Олар өтіп, 
кейінгі жастарымыздың да заманы жетер. Жаңалыққа 
жастар мойнын бұрып қайырылар, халық түзелуінің 
1
Оқылмаған (өшкен, жыртылған) жерлерге көп нүкте қойылды.


245
үміті жастарда. Сондықтан жастардың қалай оқып, 
қалай тәрбиеленуі бәрінен бұрын ескеріліп, бәрінен 
жоғары қойылатын жұмыс. 
Қазақтың оқу жұмысы бұл күнде школда: қазақ 
балаларының бір парасы русша оқып жүр, бір парасы 
ескі молдалардан оқып жүр, бір парасы соңғы заман- 
дарда ғана жаңа жолмен оқи бастады. Русша оқыған- 
дарды оқыту һәм тәрбиелеу ғылымы оқыған адамдар- 
дың қолында. Русша оқу орыс қолтығында тұрған 
жұртқа керек, керек болғанда қазақша оқығанның 
үстіне керек. Қазақша оқи, жаза білген соң, шама келсе 
русша да білу қажет. Ескі жолдың оқуын сөз қылып, 
қозғамаймын. Бүгін бар, ертең жоқ болатын нәрсе. 
Дүниа тегеріші кейін айналмайды. Ескі мен жаңа- 
ның оқытуға шыдамдылығы бірдей емес. Ескі әлі-ақ
тозып, жыртылып, пара-пара болып тұтынудан шығады.
Жаңа жолдың оқуы жаңа оқып шыққан жас мұғалім- 
дердің қолында. Бұлардың күштері тың, білімдері
соны, пікірлері жаңа. Ниеті – жұртына қызмет ету.
Бұлар білгенін, тапқан-таиәнғанын жұртынан аиәр 
қалатын емес. Қазақтың бастауыш мектебіндегі жұмы- 
сын қолдарына алуға лайық адамдар. Әр жайдан 
хабардар, дүниада не істеліп, не қалыпта тұрғанынан 
бұлардың мағлұматы мол. Қысқасы, қазақ арасына 
білім нұрын жайуға нағыз қолайлы адамдар. 
Бұлардың бір кемшілігі сол: бала оқыту ғылымын 
оқығандары ішінде кем болады. Сондықтан көбіне 
бала оқытуында кемшіліктері – қазақ мұғалімдері 
түгіл, ноғай мұғалімдерінің көбі дыбыс айыру жағы- 
на шорқақ көрінеді. Дыбысты жақсы білмей, усул 
сотие жолыменжақсылап бала оқытуға болмайды. 
Менің көрген медресе «Ғалиа», медресе «Хұсиниадан» 


246
шыққандардың азы болмаса, көбі қазақ тілінде қанша 
һәм қандай дыбыстар бар екенін жақсы білмейді, көбі 
қазақ тіліндегі дыбысты араб харыфына қарап есеп- 
тейді. Араб харыфы дұрыс келмейтін дыбыс қзақ 
тілінде де бар болса да, жоққа санайды. Қазақ тілін- 
дегі дыбысты жақсылап білмей, қазақ балаларын усул 
сотие жолымен жақсылап оқытуға болмайды.
Екінші кемшілігі – қазақ мұғалімдері де, қазақ ішін- 
де бала оқытатын ноғай мұғалімдері де оқуды дыбыс- 
пен жаттықтырудан бастамайтын көрінеді. Ол дыбыс- 
пен жаттықтырудың оқуды, жазуды жеңілдетуге 
пайдасы көп екенін иә білмегендік, иә білсе де істеп 
көрмегендік. Дыбыспен балаларды жаттықтыру – оқу 
мен жазу үйретудің негізі. Істің басы түзу басталса, 
барысы да түзу болмақшы.
Осы айтылған кемшіліктерін түзеу мұғалімдерге 
қиын емес. Қазақ тіліндегі дыбысты қазақ сөздері- 
нің ішіндегі дыбыстарды айырып байқаумен білуге 
болады. Дыбыспен жаттықтыруды олай оқыта білетін 
адамдардың оқытқанда істеген ісінен көріп үйренуге 
болады иә білетін адамдардан 10-15 күн сабақ алып 
үйренуге болады. 
Бұлардың бәрі де балаларды қинамай оңай оқытуға 
керек нәрселер. Қиналмай оқыса, оқуға балалар қызық- 
пақшы, балалары тез хат білсе, ата-аналары балала- 
рын оқытуға ықыластанбақшы. Ата-анасы баласын 
оқытуға ықыластанса, оның оқуына керек расходты 
шығынсынбас еді. Сүйтіп, мұғалім жақсы оқыта 
білгені қазақ ішіндегі оқушыларды көбейтіп, оқу ісінің 
шапшаңырақ ілгері басуына күш берер еді.
«Қазақ» газеті, №14. 16 май 1913.


247


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет