6
СӨЗ ИЕСІНЕН.
Ызыңдаб ұшқан мынау біздің маса:
Саб-сары,
айақтары ұзын маса;
Өзіне біткен түсі өзгерілмес
Дегенмен қара йаки қызыл маса.
Үстінде
ұйықтағанның айнала ұшыб,
Қаққы жеб, қанаттары бұзылғанша,
Ұйқысын аз
да болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызыңдаса?!
ЖАЗУШЫНЫҢ ҚАНАҒАТЫ.
Бұл сөзді біреу алмас,
біреу алар,
Құлағын біреу салмас, біреу салар.
Теб-тегіс
көбке ұнау оңай емес,
Кейіне жарамаса, кейіне жарар.
8
Қайсысы
ықыласын салыб тыңдаб,
Жаратбай қайсыбірі, теріс қарар.
Дүниаде сүйгенім бар, күйгенім бар
Солардан аз да болса белгі қалар.
ТҰУЫСЫМА.
Болармын нағыб риза тұуысыма?
Тұуыббын таршылықдың ұуысында.
Шамам жоқ,
жан жағыма қол созарлық,
Тар көрдің тығылғандай қуысына.
Айта алмай шын сөзіңді қорғалайсын,
Тұуғаның бүйтіб хор боб құрысын да!
Бар
пайдаң өз басыңнан артылмаса,
Мал ғұрлы мағына жоқ тұрысыңда.
ЖАДОВСКАЙАДАН.
Мінсіз таза меруерд
Сұу түбінде жатады;
Мінсіз
таза асыл сөз
Ой түбінде жатады;
Сұу түбінде жатқан зат,
Жел
толқытса шығады,
Ой түбінде жатқан сөз
Шер толқытса шығады.