ОРЕНБУРГ, 18 ФЕУРАЛ
Бұл күнде Балқанда болып жатқан істің тегіне
түсінуге аз да болса арғы түбінен хабар бергеніміз
мақұл болар. Дүниедегі адамдардың өздері де, істеген
істері де бір-біріне байласулы, жалғасулы. Бірі туыс-
қан қанымен, бірі ұстаған дінімен, бірі көретін күні-
мен байласып, матасып жатыр. Арқанның бір ұшы
мұнда жатса, екінші ұшы әлдеқайда жатқан сықылды.
Газетада сыртқы да, ішкі де хабар жазылып тұра-
тын болған соң азда болса алыстағы жұрттардың
жайынан қазаққа мағлұмат бергеніміз теріс болмас.
Жер жүзі суға һәм құрлыққа бөлінеді. Құрлық беске
бөлінеді: Азиа, Еуропа, Африка, Америка, Аустралиа.
Қазіргі уақиғаның зоры Еуропада болып жатыр. Сон-
дықтан Еуропаны қолға алып, сондағы патшалардың
жайын сөйлейміз.
Еуропада 20 шамалы патшалық жұрт бар. Олардың
аттары: Русиа, Аустро-Венгриа, Германиа, Франсиа,
Испаниа, Шуетсия, Норвегиа, Англиа, Италиа, Туркиа,
Румениа, Балғариа, Португалиа, Гретсиа, Сербиа,
Шуетсариа, Даниа, Нидерландиа, Белгиа, Қаратаулық.
Бұлардың ішінде қазірінде дәуірлеп, Еуропаға ықпа-
лын жүргізіп, басқа жерлерге де шеңгелін салып иә
жәйіп тұрған патша алтау. Осы алтауының бірінен
хабарсыз Еуропада һешкім іс ете алмайды. Төрт
ұсақ патша түрікпен соғысқанда, ұлық патшалардың
бірінің ақылымен соғысып отыр. Оның кім екендігін
төмендегі сөзден аңғаруға болады. Алты патша осы
күнде екі жақ болып үшеу-үшеуден бөлініп, таразы-
ның табақтарын тең басқандай қалыпта тұр. Русиа,
Франсиа һәм Англиа бірыңғай, Германиа, Аустриа,
216
Италиа бір жақ, (бір одақ). Екі жағы да тең болған
соң, бұлардың арасында көптен бері соғыс болған
жоқ. Бұлар бірме-бір соғыспайды. Одақ қалпынша
соғысады. Еуропадағы ең ұлық алты патша, соғыс-
қаны – күллі Еуропа соғысқанына есеп. Бұл күндегі
соғыстың шығыны, қырғыны адам айтарлық емес.
Жеңсе де қырылып барып жеңеді, жеңілсе де қырылып
жеңіледі. Адамың да, ақшаның да шығыны діңкесіне
тиіп, титықтары құрып, екі жағы да әлсіреп қалады.
Олар әлсіресе өзгелер күшейіп кетеді. Сондықтан
бұлар өзді-өзі соғыспай, өзгелерді соғыстырып, олжа-
сына ортақ болып, сыбағаларын алып, тыныш тұрға-
нын артық көруші еді. Жоғарыда аты аталған патша-
лардың бәріде христиан. Арасында басқа дінді, басқа
қанды патшалық жалғыз Түркиа. Өзгелері қандас һәм
діндес. Түркиа келіп, Стамбұлды алып, Айасофианың
кресін алып тастап, ай орнатқаны христиан жұрты-
ның есінен кетпейді. «Шарқ мәселесі» деген арала-
рында сөз бар. Оның түп мақсұты түрікті Еуропадан
қуып, Стамбұлды алып, ай орнына кресті қайта
орнатпақ. Түрік дәуірлеп тұрған уақытта мұны істеуге
қолдарынан келмейді. «Крес аттанысы» деп ат қойған
Түркиамен болған соғыстар, бәрі сол крес үшін болған
жұмыстар. Талай келіп, талай қырылып жеңе алмай
қайтқан. Түріктің бағы қайтқаннан бері христиан пат-
шалары бірауыз болса, түрікті қуып әлдеқашан мақ-
саттарына жетер еді. Бірақ түрік турасында бірауыз
бола алмайды. Бола алмайтын себебі, түріктің Еуропа-
дан қуылғаны бұл патшалардың біріне пайдалы, бірі-
не зарар. Түркиа меңгеріп тұрған жердің халқының
көбі слауиан. Олар орыспен тұқымдас, діндес. Түрікті
қуғанмен бұлар қуылмайды.
217
Бұлар түріктен құтылған соң күшеймекші. Олар
күшейсе, олармен жақын орыс та күшейеді. Орыс пен
бұлардың күшейгені жағымды тимейтін басқа патша
бар. Ол Аустриа, Аустрианың қол астындағы жұрт-
тың көбі орыспен һәм Түркиа қол астындағы слауиан-
мен қандас. Түркиадан құтылған слауиандар күшейсе,
Русиа оларды қолдаса, Аустриа слауиандарды қол
астына басып ұстап отыруы қиын. Сондықтан түрік-
пен соғыс болып, түрікті Еуропадан қуамыз деген
жерде Аустрианың крест намысын қойып, түріктің
қуылмас жағына шығады. Түрік қол астындағы
бауырларын құтқару үшін деп орыс түрікпен талай
соғысты, бәрінде де Аустриа түрік жағында болды.
Осы Балқан соғысында балғар патшасы христиан
жұртының намысын қоздыру үшін «Ай мен крест
соғысы» деп айқайлап крест ұранды шақырса да, оған
қызбай түбіндегі бар зарарын көздеп Аустриа крест
намысына шаппады, түрікке тілектес болды. Түрікпен
соғысқан патшалармен соғыспаққа Аустриа әскерін
де жиып еді, басқа патшалардың ыңғайына қарап тоқ-
тады. Осы уақытта Еуропа патшалары қару-жарақта-
рын сайлап, әскерлерін дайындап тұрғандары газета-
ларға жазылады. Еуропаның қазіргі күйі мылтықтың
дәрісі сықылды. Ұшқын түссе лап беруге тұр.
Балқан соғысының отынан аман еді. Румыниа менен
Балғарианың жер дауы күшейіп тұр. Бұл дау соғысқа
айналса, оның отынан Еуропа дәрісі тыныш қалуы
қиын.
Еуропа жайын осымен бітіреміз. Басқа жерлердің
жайынанда қысқалап мұнан былай хабар берерміз.
«Қазақ» газеті, №3. 17 феурал 1913.
218
Достарыңызбен бөлісу: |