219
бәріне де су толып, тасқын себебінен әскердің жүруіне
бөгет болып тұр. Балғарлар осындайдан пайдаланып,
Сербиадан солдат, мылтық зеңбірек келтіріп, күшін
жиып жатыр. Сербиадан жуырда және 56 зеңбірек
жіберіліпті.
Газеталардың жазуына қарағанда, қазір Едірне
күйлі, ішінде 40 000 түрік
әскері бар, азығы мол деп
айтады. Анда-санда қамалдан шығып балғар әскері-
менен соғысып, көбін қырып, бірсыпырасын тұтқын-
ға алғыштап тұр.
Ашқудра (Скутари) жанында Қаратау әскері қыры-
лып болған соң қалған әскеріне жәрдем үшін Сербиа
хүкіметі 35000 әскерменен 40 зеңбірек жіберіп еді.
Сербиа әскерініңде өндірген еш нәрсесі көрінбейді.
Жақын арада болған бір соғыста Сербиадан 1200
әскердің қырылғандығы расталды.
Сербиа менен Қаратау қосылып Ашқудра шаһарын
алмай қоймақ емес. Өйткені, Сербиа хүкіметі
әскер
һәм соғыс құралын тасып жатыр. Салуниктен Ашқу-
драға және 27000 әскер жіберіліпті.
Соңғы телеграммаларда Ианиа шаһарын қамаған
иунан әскері түріктерді жеңіп, шаһарды алды деген
сөз бар. Ианиадағы 32000 түрік әскері тұтқынға түсіп-
ті. Түріктердің 132 топтарын иунан әскері олжа қылып-
ты. Соғыс басталғаннан бері иунанға тұтқын болған
түрік әскерінің саны 80000 бар дейді.
«Қазақ» газеті, №4. 1 март 1913.
220
НАУРЫЗ
Наурыз қазақша жыл басы, бұрынғы кезде әр елде
наурыз туғанда мейрам қылып бас асып,
қазан-қазан
көже істеп ауылдан-ауылға, үйден-үйге жүріп кәрі-
жас, қатын-қалаш бәрі де мәз болып көрісіп, арала-
сып қалушы еді. Бұл кезде ол ғұрып қазақ арасында
қалып бара жатқан секілді. Наурыздың қай айда,
қай күні болуы хақында әртүрлі сөйленеді.
Біреулер
наурыз марттың 1-де, екіншілер тоғызында келеді
деседі. Әр жұрттың белгілі күнде жаңа жылы туады.
Ескі жыл бітіп, жаңа жыл басталғанда: «Жаңа жыл
қайырлы болсын! Жаңа бақыт нәсіп болсын!» деп
құттықтасады, ол күнді мейрам қылып шаттықпен
өткізеді.
Орыстың жаңа жылы қыс ортасында, нағыз сақыл-
дап тұрған суықта келеді. Біздің жаңа жылымыз наурыз-
марттың басында болсын, ортасында болсын,
әйтеуір
мартта келетін болса, шын мағынасымен Жаңа жыл
деп айтуға лайық. Күн жылынып, қарайып, жан-
жануар жаздың жақындағанын сезіп көңілденген кез.
Шаруа адамдарының бейнеттен қолы шешіліп, алты
ай қыс баққан арықтарын үмітті күнге жеткізіп, дем
алып отырған кез. Ағаш, шөптер қар астынан сілкініп
шығып гүлденіп, жасаруға даиәрланып, күнде қыстай
бір бүйірлеп жүруін қойып, жоғары көтеріліп бүтін
ғаламға нұрын шашып, үйсізді үйлімен теңгеріп,
баймен жарлыға бірдей сәуле беруге тұрған кез. Міне,
табиғаттың осындай көңілді
өзгерісінің кезеңінде
біздің жаңа жылымыз – наурыз туып, ата ғұрпымызды
ұмытпай белгілі бір күнді жыл басы қылып алсақ,
ұнамды іс болар еді.
221
Осы туралы білетін адамдар «Қазаққа» жазса екен,
біздің жаңа жыл – наурыз анық жылдың қай айында
һәм қай күнде басталады.
Біз оқушыларымызды жаңа жылмен құттықтауға
наурыздың анық қай күні туатынын біле алмадық,
ғафу өтінеміз.
«Қазақ» газеті, №5. 9 март 1913.
Достарыңызбен бөлісу: