Экология 121 э к олог и я


ЭКОЛОГИЯ                                                                                                   ISSN 1561-4212



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата14.02.2017
өлшемі0,59 Mb.
#4084
1   2   3

ЭКОЛОГИЯ                                                                                                   ISSN 1561-4212. ВЕСТНИК ВКГТУ, 

2007, № 2



 

 

128

ном IIIи несколько раз энергично встряхивают колбу. Полученную эмульсию наливают 

в  сосуд  для  определения  электропроводности  в  таком  количестве,  чтобы  она  полностью 

покрыла  электроды.  Включают  выпрямитель  в  сеть  переменного  тока  на  127  В  и  ставят 

регулятор  напряжения  на  выпрямителе  в  положении  120  В.  Поскольку  дисперсионной 

средой  эмульсии  является  раствор  олеата  натрия,  то эмульсия хорошо проводит ток, что 

обнаруживается  при  включении  выпрямителя.  Сила  тока  составляет  примерно  500-700 



мА. 

В  другой  колбе  с  притертой  пробкой  готовят  эмульсию  обратного  типа,  для  чего  к   

100 мл бензола, окрашенного суданом III в красный цвет, приливают 10 мл 5 %-ного рас-

твора  олеата  натрия  и  20  мл  10  %-ного  раствора  хлористого  бария.  Смесь  энергично 

встряхивают до получения однородной эмульсии. 

Наполняют  сосуд  для  определения  электропроводности  эмульсией  обратного  типа  и 

включают  выпрямитель.  На  этот раз дисперсионная среда - бензол - не электропроводна 

и миллиамперметр показывает отсутствие тока в цепи. 

Эмульсия  обратного  типа  малоустойчива,  поэтому  опыт  нужно  проводить  быстро  и 

перед  включением  выпрямителя  еще  несколько  раз  встряхнуть  сосуд,  иначе  произойдет 

расслоение  эмульсии,  выделится  водная  фаза,  содержащая  соли  и  хорошо  проводящая 

ток. 


 

 

Список литературы 



 

1. Сычев М.М., Неорганические клеи. - Л.: Химия, 1986. 

2. Бурков Л.А. Проблемы современных координационных соединений. - Л.: ЛГУ, 1978.  

   


Получено 04.06.07 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

KUТТЫKТАЙМЫЗ! 

ПОЗДРАВЛЯЕМ!   

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЗДОРОВЬЯ, СЧАСТЬЯ, УСПЕХОВ, ДОРОГОЙ ЮБИЛЯР! 

 

МЕРЕЙТОЙ ИЕСIНЕ МЫKТЫ ДЕНСАУЛЫK, ТАУСЫЛМАС БАKЫТ,  

ТВОРЧЕСТВОЛЫK ТАБЫС ТIЛЕЙМIЗ! 

 

 

 



ТУРГАНБАЕВА 

МУКСУНА АХМЕТЖАНОВИЧА,

 

доцента ВКГТУ кафедры высшей матема-



тики

 

 



ISSN 

1561-4212. 

ВЕСТНИК 


ВКГТУ, 

2007, 


№ 



                                                                                                  



ЭКОЛОГИЯ 

 

129



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 



 



 

 


ЭКОЛОГИЯ                                                                                                   ISSN 1561-4212. ВЕСТНИК ВКГТУ, 

2007, № 2



 

 

130

УДК 821.512.122.09.01 

 

Қ.Т. Сапаров 

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті 

 

ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАР ЖҮЙЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН  



ГЕОГРАФИЯЛЫҚ АТАУЛАР 

 

 Ландшафтыларды  қорғаудың  ең  жоғарғы  формасы  қорықтар  ұйымдастыру  болып 



табылады.  Бүкіл  дүниежүзілік  тәжірибелерге  сүйенсек,  жер  шарының  жекелеген 

елдерінде  қорық  ұйымдастыру  XIX  ғасырдың  басқы  кездерінен  бастап  жүзеге  аса 

бастағанын  көрсетеді.  Қазіргі  уақытта  жер  шарында  қорықтарға  қарағанда  ұлттық 

бақтардың  саны әлдеқайда көп. Оның себебі шетелдерде қорықтар аймақтары шектелген 

табиғат  қорғау  жүйесі  болғандықтан,  табиғатты  қорғау  үшін  ұлттық  парктер  (бақтар) 

ұйымдастыру әлдеқайда ұтымды екенін дер кезінде түсіне білді. Мысалы, Канада, АҚШ, 

Австралия,  Англия  т.б  өркениетті  елдерде  мемлекеттің  барлық  аумағы  ұлттық  байлық 

ретінде  қорғауға  алынған.  Мәселен,  Англияның  кішкене  ғана  жерінде  189  ұлттық 

қорықша,  10  ұлттық,  81  корольдік  қорықтар  болса,  ал  Германия  жерінде  735  қорықша, 

400-ден  астам  ландшафтылық  қорықшалар  (қорыққор),  9100  табиғат  ескерткіштері  бар. 

Бұрынғы  Кеңес  үкіметі,  қазіргі  ТМД  елдері,  бойынша  141  мемлекеттік  қорық,  2700 

қорыққор,  12  ұлттық  парк,  бірнеше  мың  табиғат  ескерткіштері    болған.  Әрине, 

шетелдермен салыстырғанда бұл өте аз екенін ұмытпауымыз қажет. Біздің елімізде қазіргі 

таңда  9  мемлекеттік  қорық,  66  қорыққор  (оның  44  зоологиялық,  20  ботаникалық,  2 

палеонтологиялық),  6  ұлттық парк  (бақ) және 24-тен астам табиғи ескерткіштер бар [1]. 

Қорғалатын  жерлер  барлық  жердің    3  пайызын  қамтиды.  Дегенмен    республикамызда 

қорықтар ұйымдастыру соңғы жылдары қолға алына бастады. Мәселен, еліміз тәуелсіздік 

алғаннан  кейін  Батыс  Алтай  мен  Алакөл  қорығының  ұйымдастырылуы,  сонымен  қатар 

Алтынемел,  Ордабасы,  Қарқаралы,  Іле  Алатауы,  Қатонқарағай  ұлттық  парктерінің 

құрылуы  осының  айғағы  екенін  аңғартады.  Қазақстан  жеріндегі  экожүйелердің 

антропогендік  өзгерістері  байырғы  табиғатты  пайдалану  үрдістері  мен  тәжірибесіне 

ғылыми  ізденістер  мен  арнайы  жобаларды  кеңінен  енгізу  ісін  жеделдетуді  талап  етеді. 

Зерттеу  аймағында  табиғат  қорғау  шараларын  ұйымдастыру  идеяларының  қазақ 

қоғамында  ертеден  болғандығы  жер–су  атауларында      (Ханқорық,  Кеңқорық  т.б) 

сақталған.  А.Н  Бернштам  қола  дәуірінің  Андронов  мәдениеті  кезеңінде  Орта  Азия  мен 

Қазақстанда  өмір  сүрген  көшпелі  тайпаларда  алғашқы  тыйым  салынған  өңірлер  –  

«қорықтар  пайдаланатын  жер»  деген  ұғым  пайда  болды  деп    жазады  [2]  М.Қашқари 

«қорық»  сөзін  кез  келген  қоршалған  аумақ,  жеке    пайдаланушы  адамның  «тыйым 

салынған  жайылымы»  ретінде  қарастырады  [3].  Орта  Азия  мен  Қазақстан  өңірінде 

арнаулы  қорыққа  айналдырылған орындар көне дәуірлерден бастап болғандығына дәлел 

боларлық  дәйекті  мәліметтерді аңыз-әңгімелерден, жер–су аттарынан және тарихи жазба 

деректерден  кездестіруге  болады.  Е.М.Массонның  зерттеулеріне  қарағанда,  Х  ғасырда 

Бұхара  жерінде  Шамсабад  қорығы  болғандығын,  оның  айналасы  топырақ  дуалмен 

қоршалып, ішінде көптеген жабайы жануарлардың ұсталғандығын ортаазиялық тарихшы 

Мұхаммед  Наршахи  баяндайды.  [4].  В.В.Бартольд  VI-VII  ғасырларда  Жетісу  жерін 

мекендеген  үйсін  тайпалары  шұрайлы,  көк  шалғынды,  салқын  жерлерді  қорыққа 

айналдырып,  ретсіз  мал  жайылмайтындығын,  мезгілсіз  аң  ауламайтындығын  жазды. 


ISSN 

1561-4212. 

ВЕСТНИК 


ВКГТУ, 

2007, 


№ 



                                                                                                  



ЭКОЛОГИЯ 

 

131

Бинюй  VII  ғасырда  Талас  өңірінде  болып,  Мыңбұлақ  деген  жердің  табиғат  әсемдігі  мен 

Ханқорығындағы  мүйізді  бұғыларды  көргендігін  жазып  кетті.  Осы  өңірде  «Құлан 

қамалған», «Құланқорық» деген жерлер бар [5]. Жерұйық іздеген Асанқайғы (ХV ғ.)  жол 

үстінде  келе  жатып  «Ханқорығы»  деп  аталатын  көлемді  жайылымды  кездестіріп,  оны 

күзететін  жендеттерді  көргенін  жазады  [6].  Археолог  В.Каллаур  1897  жылы 

«Құланқорық»  деген  жерде  болып,  қорықтан  қалған  дуал  іздерін,  төңірегіндегі  қоныс 

орындарын аңғарған. Атап айтсақ, Арқарлы, Арыстанды, Бөріойнақ, Құлантау, Құлансу, 

Құланасу,  Бала  Құлан,  Құланды,  Қасқа  Құлан  т.б.  топонимдер  қорықтар  жөнінде  мол 

ақпарат  береді.  Сонымен  көшпенді  және  отырықшы  халықтың  екінші  шаруашылығы  аң 

аулау  болды.  Мұндай  жерлерді  әсіресе    құсбегілікпен    айналысатын,    қақпан      құрушы   

аңшылар   ерекше   бақылауға   алып жүрді [5]. Мұндай аңшыларды осы күндері Алтай, 

Сауыр, Тарбағатай, Баянауыл, Шыңғыстау, Қалба жотасында, Семейдің таспалы қарағай 

ормандарында  (реликт)  кездестіруге  болады.  Бұл  өңірде  жабайы  аңдардан  бұлан,  марал, 

бұғы, қарақұйрық, құлан, арқар, аю, қасқыр, сілеусін, ілбіс, терісі бағалы құндыз, бұлғын, 

орман  сусары,  түлкі,  қоян,  дуадақ,  ұлар,  қырғауыл,  құр  т.б.  кездеседі.  Кезінде  байлар, 

хандар,  сұлтандар  қыран  бүркіт,  ителгі  салып  аңшылық  құрған  және  олар  сол  жерлерге 

аңшылық  құруға  басқаларға  рұқсат  бермеген.  Ертеде  қорғалатын  аймақтардың 

болғандығын  қазіргі  кездесетін  топонимдерден  байқауға  болады.  Қорық  -  қоныс  (6),  тау 

атауы (ҚХР – мен шекарада, Тарбағатай ауд.), елді мекен, өзен атауы (Аягөз ауданының 

Қалыбай  және  Ақтомар  өзендерінің  қиылысқан  жерінде  орналасқан  және  Сандықтас 

тауының  оңтүстік-батыс  бөлігіне  жетпей  құрғап  қалады).  Қорықшар  -  атауын  Шар 

өзенінің  (Жарма  ауд.)  маңында  қорғауға  алынған  аумақ  деп  топшылауға  болады. 

Шыңғыстауда  Қорықбол  жайлауы  атауын  кездестірсек,  Қорымжайлау  өзені  өзінің 

жайылым  ерекшелігі  жөнінде  мол  экологиялық  ақпар  береді.  [7].  Сондықтан  табиғат 

қорғаудың  халықтық  түрі  қазақ  жерінде  әлдеқайда  ертеде  қалыптасқанын  аңғаруға 

болады. Аңшылық құру кезеңдері, уақыты, орманда аң аулау ережелері болған [8]. Қазақ 

халқында табиғат пен оның нысандарын қорғау идеялары ертеден қалыптасып, ұрпақтан-

ұрпаққа мұра болып беріліп, экологиялық мәдениеттің қалыптасуына біршама ықпал етті. 

Көшпенді  елдің  өмірінде,  шаруашылығында  табиғаттың  тепе-теңдігін  сақтауға 

маңызды  кеңес  беретін  салт-дәстүрлер  де  қалыптасқан.  Олар  қыстаудан  жайлауға  көшу 

барысында,  төрт түлік малды өріске жайып бағуда ерекше бір жүйеге келтірілген тәртіп, 

реттілік сақтап отырған. Соның өзі қоршаған ортаға, оның ішінде өсімдіктің көп түрлерін 

сақтау, топырақ эрозиясын болдырмау әрекетін қалыптастырады. [9]. 

Қазақтың  жер  шаруашылығын  зерттеу,  анықтау,  мәлімет  жинау  жұмыстарын 

жүргізген  Ф.А.Шербинаның  басқаруымен  жинақталған  13  томнан  тұратын  ғылыми  

зерттеу    еңбегінің  маңыздылығын  атап  кету  орынды  [10].  Экспедиция  жұмысы 

барысында  Ә.Бөкейхановтың  қазақ  қоғамындағы  жүріп  жатқан  әр  алуан  өзгерістерді 

жетік  білетіндігі  айқындала  түсті.  Қазақтардың  талай  ғасырлық  жинақталған 

тәжірибелерінің  құпия  сырларын  зерделеп,  ауылшаруашылығының  қазақи  ұғымдарын 

тұңғыш  рет  ғылыми  түсінікке  енгізіп,  «қыстау»,  «жайлау»,  «күзеу»,  «шаңырақ  меншігі», 

«қой  бөлік»,  «ата  бөлік»  тағы  басқа  қазақша  төл  ұғымдарымызды  экономикалық 

категорияларға  жіктеді.  [11].  Қыстау  маңындағы  шөбі  шүйгін  жерлерді  ауыл  болып 

қорғаған,  сондықтан  мұндай  жерлер  «қорық»  деп  аталып,  әлсіз  малдар  үшін 

пайдаланылған.  Ф.А.  Шербина:  «Әрбір  рудың  өздеріне  тән  жылдың  әрбір  мезгілдерінде 

қоныстанатын жеке жайылымдары (мысалы, қой жаятын «қой түлік» немесе «ата түлік») 


ЭКОЛОГИЯ                                                                                                   ISSN 1561-4212. ВЕСТНИК ВКГТУ, 

2007, № 2



 

 

132

қор  (ресурс)  ретінде  саналып,  мұндағы  шөп  қоры  әртүрлі  жағдайда  қажеттілік  үшін 

сақталатын»,  -  деп  жазады  [12].  Бұл  жерден  қорық  сөзінің  шығу  тегі  қоршалған 

жайылымды,  шабындықтар  мен  аң  аулайтын  жерлерді  қорғау  әрекетінен  туындаған  деп 

топшылаймыз. 

Сонымен, жергілікті жердің ландшафт сипатын анықтайтын қорық сөзі, биогеноцездің 

қасиеті  мен  құрылысы  жайында  мол  ақпарат  береді  деуге  болады.  Бір  сөзбен  айтқанда, 

қорық  ұйымдастырылатын  жердің  табиғаты  сол  аймақтың  ландшафтылы  географиялық 

белдеуінің  үлгісі  ретінде қорғалуы қажет. Қорықтарда тек саны азайып, жойылып кетуге 

жақын  тұрған  жануарлар  мен  сирек  кездесетін  өсімдіктер  ғана  қамқорлыққа  алынып 

қоймай,  сонымен  қатар  өлкеміздің  көрікті  табиғат  ландшафтылары,  жалпы  табиғат 

кешендері сол қалпында сақталады [1]. 

Геоэкология  ғылымы  адамзат  қоғамы  мен  табиғат  арасындағы  қарым-қатынас 

туындайтын  заңдылықтарды  зерттейді  десек,  осы  әрекеттердің  нәтижесі  табиғи  ортаның 

антропогендік  әрекеттерге  жауабы  (экологиялық  дағдарыс,  апат  т.б.)  болып  табылады. 

Осы  тұрғыдан  алып  қарағанда,  Шығыс  Қазақстан  облысы,  Қазақстанның  солтүстік-

шығыс  өңірлерінде  ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтар  жүйесін  құрудың  маңызын 

геоэкологиялық  тұрғыдан  қарастыру  қажеттілігі  туындайды.  Бүгінде  ШҚО  аумағында  2 

қорық,  1  ұлттық  табиғи  парк,  1  табиғат  ескерткіші  және  1  табиғи  резерват,  8  қорықша 

(қорыққор)  бар,  атап  айтсақ:  Құлыджы,  Тарбағатай-Қаратал  құмы,  Төменгі  Тұрғысын, 

Рахман бұлағы, Әділет,  Әскер сайы, Ұржар (Ұрыжар)  т.б. орналасқан (1 - кесте) [1].   

Шығыс  Қазақстан  облысында  ең  алғаш  ашылған  Марқакөл  қорығына  биыл  30  жыл 

толып  отыр.  1976  жылы  4  тамызда  ұйымдастырылған  Марқакөл  мемлекеттік  қорығы 

Күршім  мен  Азу  (Азутас)  жоталарының  аралығында  жатыр.  Осы  екі  қыратпен 

көмкеріліп,  айдыны  күн  бетіне  шағылысқан  Алтайдың  ару  көлі  –  Марқа  адам 

қамқорлығына алынды. Қорықтың аумағы 75 мың га. Шалқып жатқан Марқаның жағасы 

жасыл  желек  жамылған  ну  орманға  тұнып  тұр.  Ақ қайың, тал, көктерек, үйеңкі, долана, 

мойыл тау етегінде өссе, оның баурайында көкке тік шаншылған балқарағай бой түзейді  

[1]. Қорықта өсімдіктің 721 түрі, дәрілік өсімдіктерден аралий мен алтын тамыр кездеседі. 

Көлде балықтың бірнеше түрі бар, атап айтқанда: жергілікті тұрғындар «қызыл қашаған» 

деп атап кеткен майқан, мөңке немесе қаяз балығы, хариус, талма, теңге балық (пескарь) 

ойнақ  салады.  Қорықтың  хайуанаттар  дүниесі  де  сан  алуан:  сүтқоректілердің  58  түрі 

мекендейді, оның ішінде аю, сілеусін, бұғы, архар, қасқыр; құстың 260-қа жуық түрі бар, 

оның  ішінде  қарақұтан,  аққу,  суқұзғындары  кездеседі.  Сондықтан  қорықтың  құстары 

облыстағы құс фаунасының 66 пайызын құрайды  [13]. Биологиялық өнімділігі жағынан 

біздегі  тау  көлдерінің  бірде-бірі  Марқакөлге  тең  келе  алмайды.  Өсімдіктер  мен 

хайуанаттар  дүниесінің  ерекшелігімен  қатар  ол  жергілікті  ауа  райын  реттеп 

(микроклимат) отырады деуге болады. Сондықтан Алтайдың таулы тайгалық зонасының 

ландшафтысын  қорғау  үшін  құрылған  қорықтың  келешегіне  мол  үміт  артуға  болады. 

Батыс  Алтай  қорығы  Риддер  және  Зырян  аудандарының  аймақтарын  қамтиды.  Еліміз 

тәуелсіздік  алғаннан  кейін  алғаш  ашылған  қорықтың  (1992  ж.)  жер  көлемі  56,7  мың  га, 

қазақстандық  Алтайдың  Линей,  Қалзың  (Холзун),  Көксу  тау  сілемдерін  алып  жатыр. 

Қорық аймағында Ақ және Қара Уба (Үбі) өзендері мен Кедрово және Щербакова көлдері 

т.б. кішігірім су жүйелері бар. Қорық негізінен табиғат белдемдерінің тау етегінен бастап 

орманды  дала,  субальпі,  альпі  биіктігіндегі  табиғаттың  сан  алуан  тайгалы  аралас 

ландшафтыларын  қорғауға  бағытталған.  Қорықта  дәрілік  (маралоты,  алтын  тамыр) 


ISSN 

1561-4212. 

ВЕСТНИК 


ВКГТУ, 

2007, 


№ 



                                                                                                  



ЭКОЛОГИЯ 

 

133

өсімдіктермен  қатар  қылқанжапырақты  ағаштардың  көп  түрі  шоғырланған,  әсіресе 

бағалы самырсын, майқарағайдың орны ерекше. Қорықта жоғары сатыдағы өсімдіктердің 

799,  құстардың  153,  сүткоректілердің  51,  балықтың  5  түрі  бар.  Сүтқоректілерден  алтай 

бұғысы,  елік,  құндыз,  қоңыр  аю,  бұлан,  қабырға  (құдыр),  бұлғын  т.б  кездеседі.  Батыс 

Алтай  фаунасы  да  ерекше  болғанымен  ғылыми-зерттеу  жұмыстары  жаңадан  қолға 

алынуда.  Осы  аумақтың  фаунасын  зерттеуші  Б.В.Щербаковтың  мәліметі  бойынша, 

бүркіт,  қаршыға,  ителгі,  аққұр,  саңырауқұр  т.б.  көптеген  құстар  тіршілік  етеді  [1]. 

Сонымен,  зерттеу  нысанына  айналған  Батыс  Алтай  қорығының  ғылыми,  экскурсиялық, 

танымдық  мәні  зор.  Қорық болашақта экологиялық мониторингтік және ғылыми-зерттеу 

жұмыстарының ошағына айналатынына мол сенім артуға болады. 

Ұлттық  саябақтардың  мемлекеттік  қорықтардан  елеулі  айырмашылықтары  бар. 

Қорықтарда  табиғат  байлықтары,  сол  аймақтың  ландшафты,  шаруашылық  үрдістер 

табиғат  заңдылықтарына  сәйкес  өз  бетінше  дамиды.  Ал  ұлттық  саябақтарда  табиғат 

кешендерін  адамдардың  тынығып  демалуымен  ұштастыра  отырып,  табиғат  қорғаудың 

ғылыми  негіздегі  әдістерін  пайдаланып  жүзеге  асырады.  2001  жылы  Қатонқарағай 

ұлттық  саябағы  құрылды.  Онда  бүкіл  Шығыс  Қазақстан  жерінде  кездесетін  55  түрлі 

өсімдіктер  дүниесінің  50  түрі,  20  түрлі  емдік  шөп,  250  түрлі  құс  (оның  30-ға  жуығы 

«Қызыл  кітапқа»  енген)  бар,  аумағы  643,7  мың  га  болатын  ұлттық  саябақта  сүтқоректі-

лердің  66  түрі,  олардың  ішінде,  қоңыр  аю,  марал,  бұлғын,  тоқал  бұғы,  таутеке,  сілеусін, 

елік,  құну,  қар  ілбісі  т.б  мекендейді.  Ұлттық  парк  орманының  жер  көлемі  219,9  мың  га, 

оның  60  пайызын  самырсын  ағашы  алып  жатыр  [14]. Туристерді ерекше қызықтыратын 

таза  ауа,  таулы  ландшафт,  көл,  бұлақ,  сарқырамалар,  орман  ландшафтылары 

Қатонқарағай  ұлттық  саябағының  келбетін  қалыптастырады.  Аумақта  Бұқтырма,  Ақ 

және  Қара  Берел  өзендері,  Язовое  көлі,  Рахман  бұлағы,  Көккөл  құламасы,  Өрел,  Берел, 

Ақмарал  (саябақ)  елді  мекен  атауларымен  бірге  көптеген  микротопонимдер  жүйесі  бар. 

Туристерді  қызықтыратын  ең  көрнекті  жер,  емдік  қасиеті  мол  ыстық  су  шығып  жатқан 

табиғат  сыйы  -  Рахман  бұлағы.  Антропомикрогидроним    атауының  өзіндік  тарихы  бар. 

Осыдан  215  жылдай  бұрын  Рахманов  атты  аңшы  биік  тауда  маралды  атып  жаралайды. 

Ол  екі  күн  жаралы  аңның  ізімен  жүріп,  оның  осы бұлақ басында екінші жұбымен аман-

сау  тұрғанын  көріп  таң  қалады.  Маралды  атып  өлтіріп,  оның  бірінші  атқан  оғы  тиген 

аяғының жараланған терісі жіңішкеріп, жұқа қабықша болып жазылып келе жатқанының 

куәсі болады. Бұлақ суының емдік қасиеті бар екенін жобалап, оны сынап, зерттеп көргісі 

келеді.  Бұлақ  суына  күніне  үш  рет  шомылып,  бір  жұмада  бірнеше  жыл  зардап  шеккен 

құяң  ауруынан  құлантаза  жазылады.  Кейінірек  бұлақ  суы  зерттеліп,  оның  басына  емдік 

орындар  салынып,  рекреациялық  аймақтарға  айналады.  Су  құрамында  радон,  күкірт, 

күкіртті  сутегі,  сульфат,  сульфит,  карбонат,  нитрат  тұзбасы  бар  екені  анықталды  [14]. 

Бұлақ  суы  -  жүйке  ауруларын  емдеуге  таптырмайтын  емдік  қасиеті  бар  киелі  су.  2002 

жылы  Қатонқарағай  ұлттық  саябағына  АҚШ,  Батыс Еуропа, Ресей елдерінен 569 турист 

келді. Қаракөл көлі маңынан туристік база құрылысы салына бастады. Сондықтан табиғи 

ландшафтысын  қорғау,  ғылыми  тәжірибелер  және    экологиялық  мониторинг  жүргізуде 

мол  мүмкіндіктер  бар  деуге  болады.  Болашақта  мәдени-ағарту  жұмыстарын 

ұйымдастыратын қорыққа айналатыны сөзсіз. 

Қорықша  (қорыққор)  –  табиғатты  және  оның  өсімдіктер  мен  жануарлар  дүниесін 

немесе  табиғат  кешенінің  белгілі  бөлігін  қамқорлыққа  алудың  бір  формасы  ретінде 

қорғауға алынған аумақ және қорықтан айырмашылығы, мұнда  шаруашылық  әрекеттер  


ЭКОЛОГИЯ                                                                                                   ISSN 1561-4212. ВЕСТНИК ВКГТУ, 

2007, № 2



 

 

134

мен    қорғау    ісі    бірге   ұйымдастырыла береді [15]. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар 

туралы  Қазақстан  Республикасының  заңында  (ХІІ  тарау,  49-бап)  «Мемлекеттік  табиғи 

қорықшалар  қорғалатын  табиғат  құрамбөліктеріне  қарай  зоологиялық,  ботаникалық, 

гидрологиялық,  геологиялық,  топырақты,  ландшафты  және  кешенді  болуы  мүмкін. 

Мемлекеттік  табиғат  ескерткіштері  зоологиялық,  ботаникалық,  орман,  дендрологиялық, 

гидрологиялық,  геологиялық  (палеонтологиялық),  геоморфологиялық,  топырақты, 

ландшафты  және  кешенді  болуы  мүмкін»  делінген.  Облыста  қорық,  ұлттық  парктерден 

басқа,  табиғи  кешен  компоненттеріндегі  өзгерістерді  болдырмайтын  арнайы  қорғалатын 

аумақтар жұмыс істейді (1 - кесте). 

1  -  кесте   



Шығыс Қазақстан облысындағы қорғалатын табиғи аумақтардың (ҚТА) табиғат 

зоналары (ландшафт)  бойынша орналасуы 

 

Түрі 



Атауы 

Әкімшілік 

аудан 

Ландшафт


ылық зона 

Ауданы, 


га/есебімен 

Қорғалатын нысандар 

Дала 

зонасы 






Мемлекет-

тік табиғи 

қорықша 

Әділет 


(ботаникалық

Жарма ауд.   Шөлейт  



112, «Семей 

орманы» МТР-

на жатады 

Сиверс алмасы,  мойыл, маралоты, 

шәнгіш, аюдәрі, аңдыз, жалбызтікен 

қылша т.б. 



 

Әскер сайы 

(ботаникалық

Ұржар ауд.  Шөлейт 



156, «Семей 

орманы» МТР-

на жатады 

Сиверс алмасы, мойыл, итмұрын, 

Ледебур миндалі, долана; 

жануарлардан: қоңыр аю, марал, 

елік, сұр суыр, сілеусін т.б. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет