Экология 121 э к олог и я



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата14.02.2017
өлшемі0,59 Mb.
#4084
1   2   3

 

Ұржар 


(ботаникалық

) 

Ұржар ауд.  Шөлейт 

120, «Семей 

орманы» МТР-

на жатады 

Мойыл, шәңгіш, долана, итмұрын, 

Сиверс алмасы, Ледебур миндалі; 

жануарлардан: Жидков тышқаны, 

бүркіт, қабан, ақтөс сусар. 

 

Қаратал құмы 



(ботаникалық

Зайсан ауд.  Шөлді 



тауаралық 

аңғар  


1300 

Шырғанақ өсімдіктері (реликт) 



 

Тарбағатай 



(зоологиялық) 

Зайсан ауд.  Сауыр-

Тарбағатай 

белдеулілік 

типі 

240000 


Алтай арқары, ілбіс, қалқанқұлақ, 

ителгі, бүркіт, қарақұс, лашын, 

дала бүркіті, құр, үкі, дуадақ, жор-

ға дуадақ, ақбас тырна, қарабауыр 

бұлдырық; өсімдіктерден: 

қайыңды–теректі шоқтар 



 

Құлыджы 


(зоологиялық) 

 Көкпекті 

ауд. 

Алтай тауы 



белдеулілік 

типі 


46000 

 Марал, елік, бұлғын, бұлан, 

Роборский атжалманы, бүркіт 

(үшбақайлы) ергежейлі қосаяқ; 

өсімдіктерден: жүзген, қазақ арша-

сы, ақтерек, қаратерек, Құлыджы 

өзені аңғарындағы қалдық қарағай 

орманы  


 

Рахман 


бұлағы 

(ботаникалық



-геологиялық

Қатонқа 


рағай ауд. 

Алтай тауы 

белдеулілік 

типі 


109100, 

Қатонқарағай 

МҰТП 

аумағына 



қарайды 

Рахман минералды суы, 

геологиялық құрылым, Сібір 

балқарағайы, қарабүлдірген, 

маралоты, қызғылт семізоты, 

Алтай көртышқаны, марал т.б. 



 

Төменгі 


Тұрғысын 

(ботаникалық

Зырян ауд.  Алтай 

таулы 

белдеулілік 



2200 

Сібір шыршасы, балқарағай, Сібір 

самырсыны, итмұрын, долана; 

жануарлардан: елік, тиін, борша 



ISSN 

1561-4212. 

ВЕСТНИК 


ВКГТУ, 

2007, 


№ 



                                                                                                  



ЭКОЛОГИЯ 

 

135



) 

типі 


тышқан, түйеқұлақ 

Мемлекет-

тік табиғат 

ескерткіш-

тері 

Синегор 


самырсын 

бауы 


(ботаникалық) 

Ұлан ауд. 

Алтай тауы 

белдеулілік 

типі 

197 


Сібір самырсыны (реликт) 

Мемлекет-

тік табиғи 

резерват 

Ертіс орманы  Бесқарағай 

ауд. 


Бородулиха 

ауд.  


Құрғақ 

дала 


658882 

Ертіс өзені бойындағы реликті 

таспалы қарағай ормандары 

      


Резерваттарды  ұйымдастырудың  мақсаты  мен  ережелері  қорықшаларға  ұқсас. Табиғи 

ресурстардың  қорғалуына  байланысты  және  жүргізілген  жұмыстың  сипатына  қарай 

бірнеше  топқа  бөлінеді.  Өсімдіктер  мен  жануарлардың  жойылу  қаупіндегі  және  сиреп 

кеткен  түрлерін  қорғау  мақсатында  құрылады.  Ондай  резерваттар  Батыс  Еуропа, 

Оңтүстік  Азия,  Африканың  кейбір  елдері мен АҚШ-та көптеп саналады. Сонымен қатар 

көптеген  елдерде  өсімдіктерге  ғылыми  жұмыстар  жүргізу  үшін  т.б.  резерваттар 

ұйымдастырылуда.  Ертіс өзенінің оң жағалауында реликті таспалы қарағай ормандары - 

Ертіс  орманы  (Павлодар  обл.),  Семей  орманы  (ШҚО)  орналасқан.  Ертіс  өңірінің  жасыл 

белдеуіндегі  созылған  мұндай  қарағайларды  Қазақстанның  басқа  жерлерінен  кездестіре 

алмаймыз.  Бұл  ормандардың  топырақ  пен  су  қорғағыштық  маңызы  бар.  Сондықтан 

резерваттарда  орманды  дала  фаунасымен  қоса  онда  өсетін  ағаш  қоры  қорғауға алынған. 

Қарағай  ормандары  бұл  өңірлерде  орынсыз  кесу,  өртеу  әрекетінен  жойылып  барады. 

Қазіргі  таңда  (2000-2005  жж)  Семей  өңірі  мен  Павлодар  облысындағы  болған  өрттер 

салдарынан Ертіс жағасындағы қарағайлы ормандардың 300 мыңға жуық гектары жанып 

кетті  деуге  болады.  Ғарыштық  және  жер  беті  зерттеулерінің  нәтижелеріне  жүгінсек,  бұл 

ормандардың  50  пайызы  өрттен,  орман  зиянкестері  мен  аурудан  және  заңсыз  ағаш  кесу 

салдарынан зиян шекті. 

Семей  өңірінде  қарағайлы  ормандардың  көлемі  30-40  пайызға  азайып,  мүлдем 

ойсырып  қалды.  Қалба  тауларының  ландшафтылы  келбетін  қалыптастыратын  гранитті 

тастарға бейімделе өскен қарағайлы алқаптардың аумағы біршама азайған. Ғалымдардың 

пікірінше, су маңындағы орманды алқаптар ашылып қалғандықтан Кенді Алтайдың Үбі, 

Үлбі, Бұқтырма сынды өзендері шамамен жылына 1,5 миллиард текше метр көлемінде су 

қорларын  жоғалтады  екен.  Сондықтан  қатаң  бақылауға  алып,  орман  алқаптарын 

пайдалану  жүйесін  реттеп,  ағаш  отырғызу  шараларын  жүргізу  арқылы  қалыптасқан 

геоэкологиялық  мәселелерді  шешуге  болады.  Табиғат  ескерткіштері  –  бұл  сирек,  құрып 

бара  жатқан,  желдің,  судың  әрекетінен  бұзылып  жатқан  және  сонымен  бірге  ғылыми, 

эстетикалық,  тарихи  және  мәдени  жағынан  құнды  табиғат  нысандары.  Бұл  сөздің 

мағынасы - құрып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлардың жеке бір түрлерін (мысалы, 

арқар,  ілбіс,  самырсын,  сібір  балқарағайы  т.б.)  қорғау.  Сонымен  қатар  табиғаттың 

қорғауға 

алынған 

жекелеген 

нысандарына 

сирек 


кездесетін 

геологиялық 

құрылымдардың,  қима,  үгілуден  пайда  болған  тау  жыныстарының  ерекше  формалары, 

сирек  кездесетін  ағаштар  мен  өсімдіктер,  бұлақтар  мен  сарқырамалар  жатады.  Мысалы,  

Қазақстанның  солтүстік-батысындағы  Ертіс  өзенінің  оң  жағалауында  орналасқан, 

республикалық  маңызы  бар  «Құс  жолы»  (1971)  табиғат  ескерткіші  палеогеографиялық, 

палеоландшафтылық  зерттеулерде  арнайы  бағдар  беруші  нысан  бола  алады.  Бұл  жерден 

неоген  дәуірінің,  осыдан  6-7  млн  жыл  бұрын  тіршілік  еткен  керік,  қарақұйрық, 

мүйізтұмсық,  қылыш  тісті  жолбарыс,  гиппарион,  піл  т.б.  жануарлардың қаңқа сүйектері 


ЭКОЛОГИЯ                                                                                                   ISSN 1561-4212. ВЕСТНИК ВКГТУ, 

2007, № 2



 

 

136

табылды.  Желдің,  судың  әрекетінен  бұзылып,  құрып  бара  жатқан,  ғылыми-эстетикалық, 

мәдени  құндылығы  бар  өте  сирек  кездесетін  табиғи  нысандардың  бірі  болғандықтан 

оның  экологиясын  сақтап,  келешек  ұрпаққа  жеткізу  мақсатында  мемлекет  тарапынан 

қаржы  бөлініп,  паркті  және  павильонды  құрастыру,  қалпына  келтіру  шарасы  жасалуда. 

Табиғи–мәдени  мұраларды  сақтау  Қазақстанның  солтүстік–шығыс  өңіріндегі  тұрақты 

экологиялық  жағдайды  қамтамасыз  ететін  негізгі  алғышарттар  болып  табылады.  Осы 

аумақтың  эстетикалық,  ғылыми–мәдени  құндылығы  бар,  көз  тартатын  әмбебап  табиғи 

нысандарына:  Баянауыл  мемлекеттік  табиғи  ұлттық  паркі,  «Құс  жолы»  табиғат 

ескерткіші  (палеонтологиялық),  Қызылтау  мемлекеттік  қорықшасы  (зоологиялық),  Ертіс 

өзені жайылмасы мемлекеттік қорықшасын жатқызуға болады [16]. 

Ерекше  жаратылысқа  ие  болған  Баянауыл  таулы  өлкесінің  флорасы  бай,  өсімдік 

әлемінің түрі мен түстері де өзгеше. Мұнда сүтқоректілердің 54, құстардың 54, балықтың  

8,  өсімдіктердің  438  түрі  кездеседі.  Оның  ішінде  9  түрі  «Қызыл  кітапқа»  енген.  Олар: 

Павлов  итмұрыны,  көктемгі  адонис,  Коржинский  миясы,  қауырсынды  селеу,  қызғылт 

семізот, көк қияқ, қазақ аршасы, папортник және қандықарағаш. Соңғы  екеуін сонау зіл 

(мамонт) заманының ескерткіші ретінде қарастыруға болады. 

Қандықарағаш – (реликт) (50 га) орманы тек осы Баянауылда ғана сақталған, ол тауда бұ-

лақ бойында өсетін су сүйгіш ағаш түрі болып саналады. Ұлттық парктің аумағы 50,6 мың га, 

соның  ішінде  орманды  алқап  18,2  мың  га.  Ұлттық    парктің  аумағы  үш  филиалға 

бөлінген: Баянауыл (19,1 мың га), Жасыбай (22,9 мың га) және Далба (8,5 мың га). 1994 

жылы  ұлттық  паркке  Қызылтау  мемлекеттік  табиғи  қорықшасы  (60,0  мың  га)  қосылды. 

Онда  арқардың  санын  көбейту  және  қорғау  қолға  алынған.  Рекреациялық  қорғауға 

алынған  Жасыбай,  Сабындыкөл,  Торайғыр,  Біржанкөл  көлдерінің  жағалары  туристік 

және экскурсиялық саяхат маршруттарын ұйымдастыруға қолайлы (6,1 мың га). Парктің 

аумағында  ұзақ  уақыт  үгілу  әрекетінен  пайда  болған  қайталанбас  жартастар,  шоқылар 

кездеседі.  Сыртқы  пішініне  байланысты  «Кемпіртас»,  «Найзатас»,  «Үңгіртас»,  «Драверт 

қуысы», «Ат басы» т.б. деп аталады. 

Ертіс  –  Баянауыл өңіріндегі келешегі бар қорықшалар (қорыққор) мен республикалық 

маңызды  гидрографиялық  нысандар  тізімі  мен  (Ертіс  өзені  жайылмасы)  олардың 

орналасқан  орны  Қ.Т.Сапаровтың  «Павлодар  облысындағы  табиғи–рекреациялық 

ресурстар» атты картасында бейнеленген  [16].  

Қорғалатын  табиғи  аумақтар  (ҚТА)  жүйелерін  құру  қажеттілігі  алғаш  рет 

Н.Ф.Реймерс  Ф.Р.Штильмарк  (1978),  Ю.Б.Родоман  (1981)  және  Ю.А.Исаковтардың 

(1983),  Еуропа  мен  Балтық  елдерінің  ғалымдарының  еңбектерінде,  мысалы,  Латвия 

тәжірибесінде  А.Ж.Меллуманы  (1982),  П.П.Каваляускас  (Литва),  ал  Қазақстанда 

қорғалатын  аумақтар  жүйесі  қандай  ұстанымдарға  сай  келу  қажеттілігі  О.Т.Айдаровтың 

еңбектерінде алғаш рет (2006) қарастырылды [17]. Сондықтан бұл жұмыстардың шешімін 

табу үшін арнайы далалық кешенді зерттеу жүргізу қажеттілігі туындайды. ҚТА жүйесін 

құру үшін жерлерді алдын ала таңдау, негізінен, әртүрлі тақырыптағы, әсіресе ландшафт 

картасын  пайдаланып  талдау  арқылы  жүзеге  асады.  ШҚО  аумағында  болашағы  бар 

табиғат ескерткіштері көптеп кездеседі. Оларды болашақ ұрпақ үшін сақтау мен қорғау - 

бүгінгі  күннің  басты  талабы.  Оларды  сақтау  мен  қорғау  ҚТА  жүйесінің  қарамағына 

енгізу  арқылы  ғана  іске  асырылады.  Геоақпараттық  жүйе  (ГАЖ)  арқылы  модельдеу 

табиғи  (ландшафтылық),  геоэкологиялық  аудандау,  әлеуметтік-экономикалық  т.б. 

карталарды  салыстыра  талдау,  аумақққа  жан-жақты  сапалы  баға  беру  және  ҚТА-ға 


ISSN 

1561-4212. 

ВЕСТНИК 


ВКГТУ, 

2007, 


№ 



                                                                                                  



ЭКОЛОГИЯ 

 

137

қажетті  аумақтарды  таңдаудағы  оның  ғылыми,  мәдени-тарихи  негіз  болуы  болашақтағы 

қорғалатын аумақтар жүйесін құрудың мәліметтік базасы бола алады. Олардың қатарына 

Зайсан, Сауыр қорықтары, Сібе ұлттық саябағы және басқа да табиғат ескерткіштері мен 

ландшафтылық қорықшалар жатады [13]. 

Зайсан  шөлді  қорығы  –  Зайсан  ауданында  орналасқан  (Қара  Ертіс  өзені  аңғарының 

сол  жақ  жағалауы,  Майқапшағай,  Боран  және  Қаратал  елді  мекендері  аралығындағы 

аймақ)  «Бөкенқұмдары»  филиалы  (Көкпекті  ауд.)  болады.  Аумағы  120  мың  гектар 

болатын  бұл  қорықта  Зайсан  қазаншұңқырының  шөлді  аймағының  өсімдіктер  мен 

жануарлар  дүниесі  қорғауға  алынады.  Бұл  қорықты  ұйымдастыру  2000-2030  жылдары 

аралығында  жоспарланып  отыр.  Ұржар  ауданымен  шекарада  жатқан  Алакөл  қорығы 

(1998 ж, 12520 га) мемлекеттік қорық мәртебесін алды [1]. Қазіргі кезде сақталып қалған 

табиғат  көріністері  бұрынғы  табиғат  жағдайларынан  мол  геоэкологиялық  ақпарлар 

береді.  Олардың  көпшілігі  адамдардың  шаруашылық  әрекетінен  жойылып  барады. 

Болашақта табиғат ескерткіштері қатарына жаңадан «Сауыр шыршалы орманы», «Тархан 

геологиялық  кешені»,  Павлодар  облысындағы  «Маралды  көлі»,  «Мойылды»  сияқты 

қайталанбас нысандар қосылады деген үміттеміз (2 - кесте). 

 

2  -  кесте   



Шығыс Қазақстан облысының келешегі мол табиғи нысандарын табиғат зоналары 

бойынша орналастыру 

 

Табиғи 


нысан түрі 

Атауы 


Әкімшілік аудан 

Ландшафтылық зона 

Ауданы 

га/есебімен 



Жалпы 

саны 


 Мемлекет-

тік қорық 

«Зайсан» 

Зайсан ауд. 

Шөлейт 

120 мың га 



«Сауыр» 


Тарбағатай ауд. 

Сауыр – Тарбағатай  

таулы белдеулілік типі 



 Ұлттық 

табиғи парк 

Сібе  

Ұлан ауд. 



Құрғақ дала және  

Алтай таулы  

белдеулілік типі 



Мемлекет-

тік  қорық-

ша 

«Асубұлақ» 



(геологиялық-

минерологиялық) 

Ұлан ауд. 

Алтай таулы  

белдеулілік типі 



Мемлекет-



тік  табиғат 

ескерткіші 

«Тархан 

геологиялық 

қимасы» 

Глубокое ауд. 

Алтай таулы  

белдеулілік типі 



«Ашутас»  



(геологиялық – 

палеоботаникалық) 

Күршім ауд. 

Алтай таулы  

белдеулілік типі 



«Қиын – Керіш»  



(геологиялық  палео-

ботаникалық) 

Күршім ауд. 

Алтай таулы  

белдеулілік типі 



«Пылающие 



Адыры» 

(палеонтологиялық

) 

Тарбағатай ауд. 

Сауыр-Тарбағатай 

таулы белдеулілік типі 



«Голубой залив»  



(геологиялық- 

петрологиялық) 

Көкпекті ауд. 

Алтай таулы  

белдеулілік типі 

 



 



Асубұлақ  геологиялық-минералды  қорықшасы  –  жер  бетіне  шығып  жатқан  сирек 

ЭКОЛОГИЯ                                                                                                   ISSN 1561-4212. ВЕСТНИК ВКГТУ, 

2007, № 2



 

 

138

кездесетін  металдардың  кен  орындарымен  қызықты  екені  мәлім.  Мұнда  100-  ден  аса 

минералдар, оның ішінде бағалы асыл тастар - турмалин апатит, аквамарин, тау хрусталі, 

лепидолит және басқа да минералдар металдар құрамында кездеседі. 

Тархан  геологиялық қимасы (2 га) девон кезеңінің табиғи жағдайын сипаттайды. Бұл 

кезеңнің  теңіздік  түзілімдері  қазбалы  фауна  қалдықтарына  –  маржан,  молюска, 

брахиапод, 

мшанка 

т.б. 


бай, 

сондықтан 

Тархан 

қимасы 


Кенді 

Алтайдың 

стратиграфиялық құрылымын зерттеуде үлкен ғылыми маңызға ие. 

«Ашутас» геологиялық (палеоботаникалық) табиғат ескерткіші үштік кезеңінің жалпақ 

жапырақты  флорасының  түзілімдерін  қорғау  үшін  құрылған.  Түзілімдер  ежелгі 

өсімдіктердің 79 түрінен тұрады және олардың 45 түрі басқа жерде кездеспейді. 

«Қиын  -  Керіш»  табиғат  ескерткіші  саздық,  эрозиялық  шұңқырлар  мен  жыралардан 

тұратын  тақырлар  мен  бөлінген  жер  бедері  пішіндерімен  ерекшеленеді.  Әртүрлі  түстегі 

саздар субтропикалық фауна қалдықтарынан, үштік кезеңнің жануарлары - бронтотерия, 

энтелодонттардың қаңқа сүйек қалдықтарынан тұрады. 

 «Пылающие  Адыры»  табиғат  ескерткіші  ежелгі  жабық  және  жалаңаш  тұқымды 

өсімдіктердің  қалдықтарынан,  сүйек  қалдықтары  мен  динозавр  жұмыртқасының 

қабығынан,  ТМД-да  алғаш  рет  табылған  әртүрлі  түсті  саздар  -  алевралит,  құмдардың 

түзілімдерінен тұрады. 

 «Голубой  залив»  геологиялық,  петрологиялық  табиғат  ескерткіші  бұдан  280  млн  жыл 

бұрын  жер  бетінде  балқыған  магманың  жолақты  түзілімі  бар  граниттерімен 

ажыратылады [13]. 

Аталған  табиғи  нысандар  мемлекеттік  мәртебеге  ие  бола  алмай  келеді.  Аумағы     

283,3  мың  шаршы  км  болатын  ШҚО  аумағына  шаққанда  мұндай  табиғи  нысандардың 

саны  өте  аз  деуге  болады.  Аумақта  қорғалатын  табиғи  аумақтар  жүйесін  ұйымдастыру, 

қорғауды  қамтамасыз  ету,  нашарлап,  тозған  экожүйелерді  қалпына  келтіру  мәселелерін 

ғылыми тұрғыдан негіздеу қажет. Қорықшалар геологиялық құрылымы, жер бедері, сирек 

өсімдіктер,  қазба  байлықтары мен жануарлар әлемі бай жерлерде ұйымдастырылатынын 

ескерсек,  тиімділігі  еселене  түспек.  Соған  орай  келешекте  осы  аумақта  қорықтар  мен 

табиғат саябақтарын ұйымдастыруға толық мүмкіндік бар. 

Сондықтан  табиғат  қорғау  жөніндегі  шаралар  барған  сайын  айқын  әлеуметтік–саяси 

мәнге  ие  болып  отыр.  Табиғатты  қорғау  жөніндегі  шаралар  көбінесе  тек  экономикалық 

және  экологиялық  ғана  емес,  сондай-ақ  саяси  міндеттерді  шешу  үшін  пайдаланылады. 

Табиғатты  қорғау  проблемалары  сан  қырлы.  Оларды  шешуде  бірін-бірі  толықтырып 

отыратын  экологиялық  және  географиялық  (кешенді-далалық),  геоақпараттық  жүйе 

(ГАЖ)  т.б.  зерттеу  әдістері  маңызды  рөл  атқарады.  Келтірілген  осы  мысалдар  ШҚО 

өңірінде табиғат қорғау шараларын және туризмді дамыта түсуге дәлел бола алады және 

осы  ғылыми  жұмыстардың  келешекте  маңызы  зор  екендігін  көрсетеді.  ҚТА  жүйесінің 

табиғатын  сипаттай  келе,  олардың  ландшафтымен  ажырамас  бірлікте  екені  анықталып, 

оларды  сақтап  қалу  тек  ландшафты  табиғи  қалпында  қорғағанда  ғана  жүзеге 

асырылатыны анықталды. 

 

Әдебиеттер тізімі 



 

1. 


Бейсенова Ә.С. Экология және табиғатты тиімді пайдалану: Оқулық /Ә.С. Бейсенова, А.Б. Самақова, Т.И. Есполов, 

Ж.Б. Шілдебаев. – Алматы: Ғылым,  2004. -328 б. 

2. 

Бернштам А.Н. Историческая география Тянь-Шаня и Памир-Алтай ИЗВ. ВГО. -Т. 87: Вып1, 1955. – С. 42-53. 



3. 

Кашгарий М. Девони лугат ат-турк-Ташкент. -Т. 1. -1960. – С. 365. 



ISSN 

1561-4212. 

ВЕСТНИК 


ВКГТУ, 

2007, 


№ 



                                                                                                  



ЭКОЛОГИЯ 

 

139

4. 

Массон Е.М. О былых охотничьих парках Средней Азии. – Тр. АН ТаджССР. - Т. 17. - С. 145. 



5. 

Сатимбеков Р.  Древние заповедники Ср. Азии и Казахстана // Изв. ВКО. -Т 113. -1981. – С. 242-247. 

6. 

Арғынбаев Х.А. Қазақтың мал шаруашылығы жайында этнографиялық очерк. – Алматы, 1969 .– 172 б. 



7. 

Государственный  каталог  географических  названий  Республики  Казахстан. -Т. 5. Ч. 1,2. Восточно-Казахстанская 

область. -Алматы, 2004. 

8. 


Лаптев Н.П. Научные основы охраны природы. – М: Наука, 1970. 

9. 


О.Айдаров.  Шығыс  Арал  өңірінде  қорықтар  ұйымдастырудың    кейбір  мәселелері  //География  және  табиғат.  – 

Алматы, 2004. -№6. – 17-20 б. 

10.  Материалы  по  Киргизскому    землепользованию,  собранные  и  разработанные  экспедицией.  По  исследованию 

степных областей. -Т. І-ХІІІ. СПб., 1901-1903 

11.  Букейханов А. Киргизы // Формы  национального  движения  в  современных государствах. -СПб., 1910. – С. 578-582. 

12.  Материалы    по    Киргизскому    землепользованию,  собранные  и  разработанные  экспедицией  по  исследованию 

степных областей. Семипалатинская область.  Павлодарский уезд. -Т.ІV. – Воронеж, 1903. – 386с. 

13.  Егорина А.В.  Физическая география Восточного Казахстана. -Ч. 1. - Восточный  субрегион: Учебное  пособие /А.В. 

Егорина, Ю.К. Зинченко, Е.С. Зинченко. – Усть-Каменогорск: ВГИ, 2000. –124с: ил. 

14.  Р.Байқонақова. Қатонқарағайдың ғажап табиғаты //Атамекен, 2003. -№22. 

15.  Ландшафтное  и  биологическое  разнообразие  Республики  Казахстан  информационно-аналитический  обзор 

Программы Развития ООН / Под ред. к. биолог. наук  И.Миршахимова. – Алматы: ОО «OST – XXI век», 2005. – 242 

с. 

16.  Сапаров Қ.Т.  Павлодар  облысы  топонимдерінің  қалыптасуының  геоэкологиялық  астарлары: географ. ғыл. канд.  



дисс. автореф. – Алматы, 2004. – 26 б. 

17.  Айдаров  О.Т.  Шығыс Арал өңірінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін қалыптастырудың геоэкологиялық 

негіздері (Қызылорда облысы негізінде): географ.  ғыл. канд. дисс. автореф. – Алматы, 2006. – 16 б. 

 

Қабылданды 12.06.07 



 

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет