өзінің тәуелсіздігін, егемендігін, аумағының тұтастығын басқа елдердің қол сұғуынан қорғауға, сақтауға әрекет жасайды. Ол өзінің шекарасын бекітеді, күзетеді. Сол үшін қажетті қарулы күштер құралы, басқа мемлекеттермен осыған байланысты шарттар жасасады.
2
Басқа елдермен қатынас жасау қызметі
мемлекеттер арасындағы экономикалық, сауда, мәдени, ғылыми, саяси, құқықтық, т.б. түрлі қатынастар тең негізде қалыптасатын болса, әр елдің дамуына қолайлы жағдайлар туғызады.
3
Мемлекетаралық саяси ынтымақтастықты дамыту
барлық мәселені бейбіт жолмен шешу. Бұл тұрғыдан мысалға еуропалық одақ пен тәуелсіз мемлекеттердің достастығын келтіруге болады.
3. Қызметтік әрекеттердің ұзақтығы бойынша:
тұрақты – мемлекет дамуының барлық кезеңдерінде жүзеге асырылатын тұрақты қызметтері;
уақытша – мемлекеттің алдына қойылған белгілі бір міндеттердің орындалуына байланысты тоқтатылатын қызметтер.
Мемлекеттік қызметтерді іске асыру тәсілдері:
1) Құқық шығармашылық – жаңа норманы өмірдің талабына қарай уақытында қабылдау.
2) Құқықты іске асыру – бұл істі орындау мемлекеттің үкіметінің міндеті. Үкімет тиісті нормативтік актілер қабылдайды.
3) Құқықты қорғау – бұл қызметті атқаратын органдар: сот, прокуратура, ІІМ, ҰҚК, т.б. олардың қызметтерінің бағыттары: заңдылықты, тәртіпті, адамдардың және заңды тұлғалардың бостандығы мен құқықтарын қорғау, азаматтық, қылмыстық істерді уақытында қарап, кінәлі субъектілерді жауапқа тарту.
Мемлекет нысаны
Мемлекеттің нысаны
– мемлекеттің басқару нысанын, мемлекеттің құрылыс нысанын, мемлекеттік құқықтық режимді қамтитын саяси билікті ұйымдастырудың жиынтық түрі.