Экология 21-12 Танирберген Нурислам Қазақстан республикасында құқықтық мемлекеттің қалыптасуы



бет2/4
Дата23.09.2022
өлшемі188,48 Kb.
#40044
1   2   3   4
Мемлекеттің сыртқы қызметтері:

1

Өзін-өзі қорғау қызметі

өзінің тәуелсіздігін, егемендігін, аумағының тұтастығын басқа елдердің қол сұғуынан қорғауға, сақтауға әрекет жасайды. Ол өзінің шекарасын бекітеді, күзетеді. Сол үшін қажетті қарулы күштер құралы, басқа мемлекеттермен осыған байланысты шарттар жасасады.

2

Басқа елдермен қатынас жасау қызметі

мемлекеттер арасындағы экономикалық, сауда, мәдени, ғылыми, саяси, құқықтық, т.б. түрлі қатынастар тең негізде қалыптасатын болса, әр елдің дамуына қолайлы жағдайлар туғызады.

3

Мемлекетаралық саяси ынтымақтастықты дамыту

барлық мәселені бейбіт жолмен шешу. Бұл тұрғыдан мысалға еуропалық одақ пен тәуелсіз мемлекеттердің достастығын келтіруге болады.

3. Қызметтік әрекеттердің ұзақтығы бойынша:

  • тұрақты – мемлекет дамуының барлық кезеңдерінде жүзеге асырылатын тұрақты қызметтері;
  • уақытша – мемлекеттің алдына қойылған белгілі бір міндеттердің орындалуына байланысты тоқтатылатын қызметтер.

Мемлекеттік қызметтерді іске асыру тәсілдері:

1) Құқық шығармашылық – жаңа норманы өмірдің талабына қарай уақытында қабылдау.

2) Құқықты іске асыру – бұл істі орындау мемлекеттің үкіметінің міндеті. Үкімет тиісті нормативтік актілер қабылдайды.

3) Құқықты қорғау – бұл қызметті атқаратын органдар: сот, прокуратура, ІІМ, ҰҚК, т.б. олардың қызметтерінің бағыттары: заңдылықты, тәртіпті, адамдардың және заңды тұлғалардың бостандығы мен құқықтарын қорғау, азаматтық, қылмыстық істерді уақытында қарап, кінәлі субъектілерді жауапқа тарту.

Мемлекет нысаны

Мемлекеттің нысаны

– мемлекеттің басқару нысанын, мемлекеттің құрылыс нысанын, мемлекеттік құқықтық режимді қамтитын саяси билікті ұйымдастырудың жиынтық түрі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет