Экология и естественные науки



Pdf көрінісі
бет34/36
Дата03.03.2017
өлшемі52,23 Mb.
#6001
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36

        Қазіргі  мезгілде  Хореографиялық  пәндердің  оқытушысын  дайындауда  050409 
«Хореография»  мамандығы  бойынша  Қазақстан  Республикасы  жалпыға  міндетті 
білім  беру  стандарты  негізінде  жасалған  «Қазақ  биін  оқыту  теориясы  мен 
әдістемесі»  пәнінен  типтік  бағдарлама  қалыптасып  келеді.  Онда  хореография 
бакалаврына  қажетті  әдістемелік  және  практикалық  білім  бағдарламалары  
топтастырылады.    «Қазақ  биін  оқыту  теориясы  мен  әдістемесі»  пәні  хореография 
бакалаврын дайындаудағы ең қажетті кәсіби пәндердің біріне жататынын атап өткен 
орынды.  Пәнді  оқыту  барысында  халық  биі  мәдениетінің  қалыптасуы  мен  тарихи 
дамуын,  қазақ  биінің  терминологиясын, пластикалық  ерекшелігін  жете  түсініп  білу, 
билеу  техникасын  терең  меңгеруін  мейлінше  айқын  мәнерлілікті  және  саздың 
мазмұнын  терең  түсіну  міндеті  қойылады.  Сонымен  қатар  қазақ  биінің  негізін 
салушылардың,  олардың  халық  мұрасына  айналған  би  шығармаларын    білу. 
Ә.Ысмайлов,  Ш.Жиенқұлова,  Д.Әбіров,  З.Райбаев,  Б.Аюханов,  О.Всеволодская-
Голушкевич, М.Тілеубаевтардың  қазақ би мұрасына айналған әсем билерін  келесі  
ұрпаққа    жеткізу  бүгінгі  күннің  міндеті.  Сондықтан  да,  шәкірттерге  олардың 
билерінің  орындалу  сипатын,  нақышы  мен  мәнерін  көрермен  көпшілікке  әсерлі 
жеткізе білу міндеті жүктеледі. 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

292
 ~ 
 
        Пәнді оқу процесінде видеотаспалар, DVD, флешкалар жиынтығы Қазақстан би 
мұраларын  кең  тұрғыда  иегруге  көп  көмегін  тигізеді.    Студенттер  видеотаспа 
арқылы  «Алтын  қордағы»  қазақтың  белгілі  балетмейстерлерінің  би  қойылымдарын 
қарап,  жаттап,  өз  шығармашылығында  қолданады.    «Алтын  қор»  билері    қазақ 
биінің  қимылдарының  орындалу  әдістемесін  білуде,  қазақ  биінің  орындау 
техникасын арттыруда, өз бетінше жұмыс істеуге машықтануда, қазақ биінен нұсқа 
түрлерін  құрастырып,  көрсете  білуде,  өз  орындаушылық  деңгейін  көтеруде    көп 
септігін  тигізеді.  Бүгінгі  күні  Ш.Жиенқұлованың  «Айжан  қыз»,  «Қазақ  вальсі», 
Ә.Ысмайловтың    «Құсбегі-дауылпаз»,  Д.Әбіровтың  «Қоштасу»,  «Алтынай», 
«Балбырауын»,  З.Райбаевтың «Мерекелік сюита», «Шолпы», «Ата толғауы», «Биші 
қайың»,  Б.Аюхановтың  «Аққу»,  О.Всеволодская-Голушкевичтің  «Кербез  би»,  «Киіз 
басу» т.б. билері қазақ биін оқыту оқу бағдарламаларына енгізіліп жүр. 
       Ш.Жиенқұлованың  Құрманғазының  күйіне  қойылған  «Айжан  қыз»  биінде 
қазақтың  өрнек  тоқу  өнері  бейнеленген.  Онда  ұршық  иіру,  жіп  орау,  кілем  тоқу 
процестері ерекше әсем қимылдар арқылы көрсетіледі. Л.Хамидидің «Қазақ вальсі» 
биінде қыздар жігіттермен жұптаса билейді.  
        Ә.Ысмайыловтың  1957  жылы  Қазақтың  ән-би  ансамбліне  қойған  «Құсбегі-
дауылпаз» қазақтың халық биі. Би саятшылардың бала бүркітті баулуын бейнелейді. 
Биге  екі  орындаушы  қатысады.  Біреуі  құсбегі,  сол  қолына  бүркіт  ұстаған,  ал  оң 
қолында  етке  ұқсас  қызыл  мата.  Екінші  орындаушы    дауылпаз,  биді  барабанмен 
сүймелдейді. Ол аңшының қимылдарын ықыласпен қадағалап жүріп, оның біресе  оң 
жағына біресе сол жағына  өтіп отырады.  
        Д.Әбіровтің  мейлінше  қарапайым  халық  өмірінің  халық  ортасынан  шыққан, 
шынайылығымен әркімнің жүрегіне жақын, жанына жайлы терең түсінікті билерінің 
бірі  «Қоштасу»  (немесе  «Бес  қыз»).  Балетмейстердің  бұл  туындысы  өзге  билерге  
ұқсамайтын  өзіндік  өрнектерімен  дараланған.  Өйткені,  би  халқымыздың  әдет-
ғұрпына  негізделеген.  «Қоштасу»  -  қазақ  биінде  маңызды  орын  алды.  Әрбір  жас 
ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуде бұл би үлкен роль атқарып келеді.  
       Д.Әбіровтің  қазақ  қыздарының  әсем,  екпінді  қимылдарын  көрсеткен  қойылым 
«Алтынай»  күй  ырғағына  негізделген  «Алтынай»  биі.  «Алтынай»  биінің  бірінші 
бөлімінде жігерлі,  қажырлы,  жылдам  әуенге  би  тілімен  сымбатты, нәзік қыздардың 
бейнелері,  екінші  бөлімінде    ырғақ  жәй,  сабырлы  орындалып,  нәзік,  биязы 
қыздардың  тал  бойындағы  ерекше  әсем  қимылдар  көрінісі  әдемі  «иілу»,  «толқын» 
қимылдары  жеке,  топтық  түрде  орын  алған,  ал,  үшінші  бөлімде  қайта  жігерлі, 
жылдам  би  қимылдары  «айналма»  түрлері,  еңбек процестеріндегі  әйелдер қимылы 
«ұршық  иіру»  енгізілген.  Мысалы,  Құрманғазының  «Балбырауын»  күйінің  желісінде 
қойылған  «Балбырауын»  биінің  техникасы  күрделі.  Ол  классикалық  элементтерді 
үйлестіру  арқылы  би  әрекетін  шебер  құрастырып,  бай  сахналық  қимылдармен 
әрлендірген.  Классикалық  секірулер,  ырғақпен  жалғыз  аяқтап  нық  ырғулар, 
денелерін  бүге  кең  секірістер,  иық,  буын,  «теңселу»,  «молдас»,  «тепең  жорға»  
қимылдары  жігіттердің батыл бейнелерімен бір тұтастықта қабылданады.  
       З.Райбаевтың «Мерекелік сюита» композициясы қазақтың сахналық биінің шын 
мәніндегі  биік  мектебі  деуге  болады.  Қайсарлыққа,  қажырлыққа,  әр  түрлі  ырғақты 
сұлуда  мәнді  мәнерге  толы  бұл  биді  қазақ  биінің  биік  шыңы  десек  артығы  жоқ. 
Бұдан  басқа  да  үлкен  шеберлікпен  қойылған  билері  бір  төбе.  «Ата  толғауы»  биі 
Н.Тілендиевтың  «Ата  толғау»  күйіне  негізделген.  Лирикалық  қыздар  биі.  Би  –
халықтың  тұрмыс  тіршілігін  бейнелейді.  Бишілердің  қолдарында  Аса  таяқ    аспабы. 
Музыка ырғағымен соғып әсем қимыл қозғалыстар жасайды.  «Шолпы» биі зергерлік 
бұйымға  қойылған.  «Биші  қайың»  биінің    ерекше  қойылған  би  суреті  шыныменен 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

293
 ~ 
 
табиғат  көрінісін  суреттейді.  З.Райбаевтың  осы  аталған  қойылымдары  мемлекеттік 
«Салтанат» ән-би ансамблінде қойылып, қазақ би мұрасына айналды.  
       Б.Аюхановтың  терең  мазмұнды  образымен,  адам  жанын  тебірентерлік  күшті 
әсерімен  баурап  алған  «Аққу»  биі  аққу  қыздардың  ғажайып  бейнесін  тамаша 
сомдаған қойлымы екенін мақтанышпен айтуға болады.  
       О.Всеволодская-Голушкевичтің  «Кербез  би»    қойылымы  қазақ  қыздарының  
кербезденген  болмысын  ашып  көрсетеді.    «Киіз  басу»  биінде  тек  қана  қыздар 
қатыспайды сонымен қатар ерлерде қатысып, киізді қарпу кезінде әлі де жүні бостау 
киізді  ширатып  қатайту  үшін,  оны  қоршаулап,  шеңберлеп  тігеді  де  жан-жағынан 
ұстап  алып  жігіттер  лақтырады.  Биде  қыздар,  ерлер  қимылдары  үндесіп,  би 
тактысына  сай  музыкалық  үн  береді.    Бұл  қойылымдар  «Алтынай»  мемлекеттік 
этнографиялық ансамбльде қойылған болатын.  
       Жоғарда аталған  ірі қойылымдардың бәрі де ұлттық би өнерінің классикасына 
айналды.  Сондықтан  да,  оларды  ұмытпай,  әр  кез  еске  алып,  бағалау  керек. 
Шәкірттерге үйретіп, оқытып отыру керек. Осы  орайда видеотаспаның рөлі өте зор.                         
      Түйіндеп  айтқанда,  хореография  өнеріне  оқытуда  инновациялық  технологияны  
пайдалану  арқылы  мынадай  педагогикалық  шарттарды  атап  көрсетуге  болады: 
студенттердің  қимыл  негіздерін,  оның  элементтерін  және  комбинацияларын 
толықтай  меңгеруі;  хореограф-студенттерді  спецификалық  мақсатты  бағытта 
дамыту  үшін  қозғалыс  кезіндегі  қимыл  нүктелерін  музыканың  ырғағымен  екпініне 
сай  тану  және  бақылауға  ерекше  назар  аудару;  видеотаспаларды,  DVD, 
флешкаларды  пайдалану,  балеттер  мен  би  қойылымдарының  нұсқасымен 
қамтамасыз ету; оқу видео материалдарын түсіндіру әдісі арқылы даярлай отырып, 
білім  беру  үрдісінің  барлық  кезеңдеріндегі  ұсынылатын  оқу  материалдарын  терең 
ұғынықты  етіп  жеткізу және  кәсіби  назар  аударушылық  пен  көрермендік  қабылдау 
қабілеттерін дамыту болып табылады.  
 
Әдебиеттер тізімі 
1.  Абиров Д. Т. История казахского танца. –Алматы:Санат, 1997. 
2.  Бейсенова  Ғ.  Қазақ  биі.  Хореография  мамандарын  оқытуға  арналған 
бағдарлама. –Алматы, 1993.  
3.  Жиенқұлова Ш. Сымбат. –Алматы: Өнер, 1987.  
4.  Көшімбетова  С.  Инновациялық  технологияны  білім  сапасын  көтеруде 
пайдалану мүмкіндіктері. А., Білім, 2008.   
5.  Уманский  И.  Университет:  инновационный  путь  //Высшее  образование  в 
России., 2006., №6. 
 
Резюме 
     
   В  статье  рассматривается  особенности  преподавания  инновационных 
технологий в хореографическом искусстве.  
 
Summary 
In article features of teaching of innovative technologies in choreographic art is 
considered. 
 
 
 
 
 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

294
 ~ 
 
ӘОЖ 371.385 
Ж.А. Таңатарова  
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУДІҢ ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒДАРЛЫ СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ 
ЗЕРТТЕЛУ ЖАЙЫ  
 
Аңдатпа 
Бұл  мақалада  бастауыш  білім  берудің  тұлғалық-бағдарлы  стратегиясының 
зерттелу жайы қарастырылған. 
Негізгі сөздер: Жеке тұлға, тұлғалық бағдар, бастауыш білім, стратегия. 
 
Халықаралық  білім  кеңістігіне  енуді  мұрат  еткен  еліміздің  білім  беру  жүйесі 
оқушының  білім  алуымен  қатар,  өзінен-өзі  тәрбиелеу  жауапкершілігін  арттыруды 
және  тұлғаның  тұлғалық  бағдарын  дамытуды  көздейді.  Тұлғалық  бағдарлы  білім 
беру  философиясы  –  білім  берудің  барлық  сатыларын  жаңартатын  стратегиялық 
бағдарлама  болып  саналады.  Тұлғалық  бағдарлы  тәрбие  мен  білім  беру,  білім 
берудің  жаңа  бағытына  жол  ашады,  тұлғаның  жалпы  және  кәсіби  дамуын 
жетілдіреді. 
 Бастауыш  мектеп  –  бұл  оқушының  жеке  тұлғасы  мен  санасының  дамуы 
қуатты  жүретін,  ерекше  құнды  кезең.  Сондықтан  түрлі  әдіс-тәсілдерді  қолдана 
отырып,  терең  білімді,  ізденімпаз,  барлық  іс-әрекетінде  шығармашылық  бағыт 
ұстанатын,  сол  тұрғыда  өз  болмысын  таныта  алатын  жеке  тұлғаны  қалыптастыру 
маңызды  міндет  болып  отыр.  Осыған  орай  бүгінгі  білім  берудегі  жеке  тұлғаға 
бағыттай  оқытудың  мақсаты  –  баланың  жасырын,  тіпті  тым  тереңде  жатқан 
қабілеттерінің  көрінуіне  мүмкіндік  жасау,  дарынды  тұлға  тәрбиелеу.  Бұл  тек  жеке 
тұлғаға бағыттай оқыту арқылы ғана нәтижелі болмақ.  
Жеке 
тұлғаны 
дамыту 
мәселелері Л.С.Выготскийдің, 
М.Б.Блонскийдің, 
С.Л.Рубинштейннің,  Л.В.Занковтың,  Д.В.Элькониннің  еңбектерінің  негізгі  арқауы. 
Қазіргі кезде Д.Н.Богоявленскийдің, 
П.Я.Гальпериннің, 
Б.В. 
Давыдовтың, 
Л.В.Занковтың, Е.Н.Кабанова-Меллердің,  С.Л.Рубинштейннің,  Н.Ф.Талызинаның  т.б. 
жеке  тұлғаға  бағытталған  және  дамыта  оқытудың  психологиялық  теориялары 
жасалып,  оқу  үрдісіне  енгізілген.  Білім  берудің  жеке  тұлғаға  бағытталған 
технологиясына  Л.И.  Аниферованың,  Е.В.  Бондаревскаяның,  В.С.  Ильиннің,  М.В. 
Клариннің,  Т.Н.  Мальковскаяның,  В.В.  Сериковтың,  И.С.  Якиманскаяның,  Д.В. 
Дорофеевтің  зерттеулері  арналған.  Білімнің  түрлі  салаларындағы  ғалымдардың, 
философтардың,  психологтардың,  педагогтардың  тұлғалық  бағдарлы  оқыту 
мәселелеріне  деген  терең  және  үздіксіз  қызығушылығы  да  қозғалып  отырған 
мәселенің  маңыздылығын  дәлелдей  түседі.  Ол  үшін  алдымен  «тұлғалық  бағдарлы 
оқыту» дегеніміздің не екенін түсініп алғанымыз жөн. 
И.С.Якиманскаяның  пайымдауынша,  жеке  тұлғаға  бағдарланған  оқытуда 
даралау тәсілі барлық білім беру процесінің негізгі қағидасы болып табылады, оның 
мақсаты-әрбір жеке тұлғаның мүмкіндіктерін танып, дамыту. 
Е.В.Бондоревская  жеке  тұлғаға  бағдарланған  оқытудың  мазмұнында 
жеке  тұлғаны  дамытуға  және  қалыптастыруға  қажетті  мынадай  4  компонент 
міндетті  түрде  болуы  қажет  деп  атап  көрсеткен.  Олар:  аксеологиялық,  когнитивті, 
шығармашылық-әрекеттік  және  жеке  тұлғалық.  Осы  жеке  тұлғаға  бағдарланған 
оқытудың  мазмұнының  төрт  компоненті  де  негізінен  сөйлесу,  шығармашылық  іс-
әрекет  арқылы  әрбір  жеке  тұлғаның  жекелеген  дамытуға  жағдай  жасауға,  өз 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

295
 ~ 
 
бетінше  шешім  қабылдауға  және  шығармашылығына,  оқу  әдістері  мен  мазмұнын 
таңдауға толық мүмкіндік береді деп тұжырымдайды. 
Біздің 
ойымызша, 
жеке 
тұлғаға 
бағдарланған 
оқыту 
материалды 
шығармашылықпен  меңгеру  аясын  кеңейтеді  және  жеке  тұлғадан  бағдарланған 
оқытушыдан төмендегідей іс-әрекетті талап етеді: 
1)    жеке  тұлғаның  темпераменті,  мінезі-құлқы,  көзқарасы,  талғамы  мен 
әдеп-дағдыларының жеке ерекшеліктерін үнемі зерделеп, жақсы білуі; 
2)  жеке  тұлғаның  ойлау  ерекшелігі,  қызығушылығы,  мүддесі,  ұстанымы, 
бағытталуы, өмірге, еңбекке көзқарасы, құндылық бағыттары, өмірлік жоспары және 
т.б.  сияқты  аса  маңызды  тұлғалық  қасиеттерінің  нақты  қалыптасу  деңгейін 
қадағалап, білуі; 
 3) әрбір  жеке тұлғаның өз шамасына сай және біртіндеп күрделене беретін 
әрі жеке тұлға дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелік әрекетке үнемі тартып отыруы; 
4)  мақсатқа  жетуге  кедергі  келтіретін  себептерді  уақытылы  айқындап, 
жойып  отыруы,  ал  егер  мұны уақтылы істей  алмаса, жаңа жағдайларға  сай тәрбие 
тактикасын жедел түрде өзгертуі; 
5) жеке тұлғаның өз белсенділігіне неғұрлым көбірек сүйенуі; 
6)  тәрбие  ісін  жеке  тұлғаның  өзін-өзі  тәрбиелеуімен  ұштастырып,  өзін-өзі 
тәрбиелеу мақсаттарын, әдістерін, формаларын таңдауға көмек беруі; 
В.В.Сериков 
ұсынған 
жеке 
тұлғаға 
бағдарланған 
білім 
беру тұжырымдамасының мәні төмендегідей: 
1.  Жеке  тұлға  дегеніміз  -  адамның  арнайы  білім  алу  және  даму  аясын  білдіретін 
педагогикалық категория.  
2. Адам "жеке тұлға болу” тәжірибесін, яғни жеке тұлға функцияларын атқара білу 
тәжірибесін меңгеруі тиіс. 
В.В.Сериков  жеке  тұлғаға  бағдарланған  білім  беруге  тән  заңдылықтарды 
атап көрсетеді: 
 –   жобалау элементі - "тұлға өміріндегі оқиға”, ол кейіннен біртұтас өмірлік 
нәтижеге айналады. Ал білім тек оның бір бөлігі ғана болып табылады;  
– оқыту адамның табиғи өмір сүру жағдайына жақын бола түседі; 
–  мұғалім  мен  оқушының  өзара  бірлескен  әрекеті  тұлғааралық,  субьект 
аралық  қарым-қатынас сипатын алады; 
–  тұлғалық-бағдарлы  білім  беру  әрбір  оқушының  даралығына,  жеке 
ерекшіліктеріне  бағыттала  отырып,  оқушының  жеке  даму  траекториясын  жасауға 
мүмкіндік береді. 
 Қорыта  келгенде,  қазіргі  білім  беру  жүйесі  тұлғалық  бағдарлы  стратегияны 
жүзеге асыруға бағытталған. Оның негізгі идеясы – оқушылардың табиғи қабілеттері 
мен  әлеуметтік  мүдделеріне  баса  назар  аудара  отырып,  өмірлік  көзқарасын 
кеңейтуге  мүмкіндік  беретін  тәрбие  мен  білім  беру.  Олай  болса,  бастауыш  сынып 
оқушыларының  тұлғалық-бағдарын  қалыптастыру  білім  беру  парадигмасының 
өзгеруімен  тікелей  байланысты  жүзеге  асырылады,  тұлғаны  мәдени  құндылықтар 
арқылы тәрбиелеп, даралық даму бағытын қамтамасыз етеді. 
  
Әдебиеттер тізімі  
1. Библер  В.С.  Школа  диалога  культур:   введение  в  программу//Прогнозное 
социальное проектирование. – М., 1989. 
2.  Майғаранова  Ш.,  Иманбаева  С.,  Әшімова  Б.Тұлғалық  бағдарлы  тәрбие 
технологиясы. Алматы, 2010. 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

296
 ~ 
 
3.  Сериков  В.В.  Образование  и  личность.  Теория  и  практика  проектирования 
педагогических систем. – М.:1999. 
4.  Ямбург Е.А. Единое  образовательное пространство//Народное  образование.  – 
1994. - №1. 
5. Якиманская И.С. Развивающее обучение.- М.,1979-78б. 
 
Резюме 
 
 В 
этой 
статье 
рассматривается 
ход 
исследования 
личностно-
ориентированной стратегии начального образования. 
Summary 
 
This artide reviews the research strategy of the student-centered basis education. 
 
УДК 678.746.226. 
А.С. Қасымова 
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
 КРЕАТИВТІЛІК ҰҒЫМЫ 
 
Аннотация 
Бұл мақалада автор «креативтілік» ұғымына берілген анықтамаларға талдау 
жасайды. 
 Негізгі сөздер: креативтілік, шығармашылық 
 
 Еліміздегі  қазіргі  әлеуметтік, экономикалық  үрдістер  тоғысқан  күрделі  даму 
кезеңінде жаңаша дамуға бет бұрған қоғамымыздың сұраныстарына жауап беретін, 
білімді  шығармашылықпен  меңгертетін,  танымдық  белсенділігі  мен  адамгершілік 
болмысы  бірдей  үндескен,  интеллектуалдық  қабілеттерін  өз  іс-әрекетінде 
креативтілікпен қолдана алатын жеке тұлға тәрбиелеу мәселесі өзекті бола түсуде. 
Сондықтан казіргі заман  инновациялық білім кеңістігінің басты міндеттерінің бірі – 
оқу-тәрбие 
жұмыстарын 
бірегей 
жүзеге 
асыру 
үрдісінде 
оқушылардың 
интеллектуалдық-шығармашылық  әлеуетін  дамыта  отырып,  әлемдік  өркениет  пен 
ұлттық  мәдениеттің  үздік  үлгілері  арқылы  креативті  тұлға  қалыптастыру  [1]. 
Оқушылардың шығармашылық қабілеті мен зиялылығын дамыту білім беру жүйесінің 
негізгі міндеттерінің бірі болып қалуда [2]. 
          Инновациялық  білім  беру  кеңістігі  жаңа  мақсаттар  белгілеуді,  құндылық 
бағдарларды 
жаңартуды, 
әдіснамалық, 
дүниетанымдық, 
теориялық 
және 
технологиялық  негіздемелерге  сай  бұған  дейінгі  теорияға  сәйкес  келмейтін    жаңа 
фактілерді 
ескертуді, 
білім 
сапасын 
жетілдіру, 
креативтілік 
дағдыларды  
қалыптастыру – оқушыларды оқытуды оңтайлы ұйымдастыруды талап етеді [3]. 
 
         
Оқушылардың  креативтілігін  қалыптастыру  мен  оның  психологиялық 
табиғаты,  мәні  мен  мазмұнын  түсінуге  байланысты  ой-пікірлердің    даму  тарихы 
тамырын тереңге бойлайды. 
        Креативтілік  деген  не
?  Жалпы  креативтілік  ұғымына  қатысты  60-қа  жуық 
анықтамалар  бар.  Қазақ  тілі  терминдерінің  салалық  ғылыми  түсіндірме  сөздігінің 
«Педагогика  және  психология»  бөлімінде  «Креативтілік»  (лат.  Creatio  -  жасау)  – 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

297
 ~ 
 
адамның  шығармашылық  дарын  деңгейі  шығармашылық  қабілеті  деп  көрсетіледі 
[4,15].  «Креативтілік»  –  Creatio  –  ойлап  табу,  жасап  шығару.  «Креативтілік»  – 
проблемалық  сипаты  бар,  барлық  ішкі  байланыстарды  біріктіретін,  нәтижеде  жаңа 
материалдық және идеалдық құндылықтар алынатын адамның мақсатты әрекеті» - 
деп  түсіндіріледі  философиялық  сөздікте  [5].  «Айрықша  идеялар  беруге,  ойлаудың 
дәстүрлі  схемаларынан  басқа  жол  табуға,  проблемалық  жағдаяттарды  тез  шешуге 
қабілеттілік  -  зияттылық  қабілеттерінің  арасында  ерекше  тип  деп  сараланып, 
креативтілік деп аталады". 
 
Р.С.Омарованың пікірінше, креативтілік – жеке тұлғалық-құндылық жасаушы 
ретінде  адами  руханилықтың  бөлінбес  қыры  және  жеке  тұлғаның  шығармашылық 
тұрғыдан  өзін-өзі  дамыту  шарты  бола  отырып,  оның  өзін-өзі  өзектендіруінің  мәнді 
өзегі болып табылады, жеке тұлғадағы бар білімдердің көптүрлілігінен қаншалықты 
көрінсе,  мәселеге  қабылдағыштығымен,  сезімталдығымен,  жаңа  идеяларға  қажет 
және  жаңаны  жасау  мақсатында  тұрақталған  стереотиптерді  бұза  алатындығымен 
немесе өзгертуге бейімділігімен, өмірлік мәселелердің ерекше, күтпеген шешімдерін 
табумен көрінеді [6].   
Креативтілік  –  адам  өмірінің  тіршілік  үрдісінде  дамитын  феномен.  Көптеген 
ғалым-зерттеушілердің  пікірінше,  креативтілікті  зерттеудің    теориялық  жайлардың 
бірі – білім беру саласындағы бұл феноменнің дамуы оның 4 негізгі, салыстырмалы 
түрде автономды құрамдас бөліктері әрқайсысының  теориялық өңделген өнімдерін 
талап 
ететін 
жүйе 
ретінде 
қарастырылуы: 
оқушылардың 
креативтілігін 
қалыптастыру  тұжырымдамасы,  оқу  үрдісінде  креативтілікті  қалыптастырудағы 
әдістемелер,  креативтілік  дамуының  бағдары,  оқыту  әдістерін,  ұйымдастыру 
формаларын, мазмұнын жетілдірудің психологиялық-педагогикалық негіздері [7].   
Н.Тойбазарова  креативтілікті  жеке  тұлғаның  бағыттылығынан  (танымдық 
мотивацияның  басым  болуы,  танымдық  қызығушылық,  танып-білуге  ұмтылу, 
білімқұмарлық);  қабілеттерінен  (стереотиптерді  жеңе  білу,  проблеманы  сезіну,  ой 
жүйріктігі мен алғырлығы); мінез құлқынан (бірегейлік, бастамшылдық, белгісіздікке 
шыдамдылық, зеректік) танылатын, оның интегралды сапасы ретінде қарастырады. 
Креативтілікті  сипаттайтын  қабілеттер  арасынан  мыналар  ерекшеленеді:  ой 
белсенділігі мен алғырлығы, бірегейлік, білімқұмарлық, болжам жасауға қабілеттілік, 
қиялшылдық;  пікір  дербестігі;  пікірдің  өзектілігі;  ассоциациялау  жеңілдігі,  «ойлау 
процесінің қайтымдылығы» [8].  
         «Креативтілік  деген  не?»  деген  сұраққа  К.З.Халықова,  Г.О.Тұңғышбаева  өз 
еңбектерінде былай деп түсіндіреді: «Жаңа» ой - бұрынғы ой элементтерінен жаңа 
ойды  құрастыру.  Жаңа  ой  құрастыру  -  ол  оқушының  еш  байланыспайтын  ой 
элементтерінің  арасынан  жаңа  ой  құрылуын  көре  білуі,  жасай  алатын  қасиетіне 
байланысты  болып  келеді.  Креативтілік  –  ол  «бұрын  байланыспайды»  деп 
есептелген  ойлардың  бірігуі.  Шығармашылық  жұмыс  алдындағы  ойдың  кейіннен 
шабыттануға, нұрға  бөленуге  апартын процесс  болып  табылады.  Ағылшын  ғалымы 
Г.Уоллес  шығармашылық  процестің  үш  сатысын  анықтады,  олар:  дайындық,  пісіп 
жетілу,  нұрға  бөлену,  тексеру  кезеңдері.  Шығармашылық  сәттің  басты  сатысы  - 
ізделініп  отырған  нәтижені  сезу  арқылы  қабылдау  -  нұрға  бөлену  сәті. 
Шығармашылық 
процестің 
психикалық 
ерекшілігін 
белгілей 
отырып, 
К.С.Станиславский  шығармашылық  жұмысының  пайда  болуы  барысындағы  жеке 
тұлғаның  рухани  күштері  мен  жоғары  саналығының  бірігуі  екенін  анықтайды. 
Сонымен,  креативтілік  -  жеке  тұлғаның  салыстырмалы  түрде  тұрғылықты 
мінездемесін 
сипаттайтын 
шығармашылыққа 
қабілеттілігі, 
шығармашылық 
дарындылығының деңгейі болып табылады» [9].  

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

298
 ~ 
 
           «Креативтілік»
 деген сөздің мәніне үңілсек, ол адамның мақсатты ісіне жету 
жолындағы  талаптануы  мен  талпынысынан,  жігері  мен  сабырынан,  сұранысы  мен 
ізденісінен  түзіліп,  ақыл-ойы  мен  сезімінің,  қиялының  ерекше  бітімінен  көрінеді.  
Қазіргі кезде креативтілік – қоғамның өрлеуі мен тоқырауының индикаторы ретінде 
және жахандану кеңістігіндегі білім берудің модернизациялық жүйесінің деңгейімен 
анықталады.   
          Креативтілік – ең алдымен адам әрекеті. Креативті әрекет түрінде қарастыру 
адам  дамуының  мүмкіндігінің  шексіздігін  көрсетеді  және  оның  өзін  белсенді  етуге 
бастайды.  Креативтілік
 әрекет тұлғаның  шығармашылық  міндеттерді  өз  бетінше 
бағыттайды. Әр  индивидтің  бойында  болатын  креативтілік  бастауларының 
болатындығы  жайлы  мәселе  адамның  жан  қуаттарының  барлық  қызметтерінің 
қатысуы  нәтижесінде  болатын  оның  жаңа  сапалық  деңгейі  болғандықтан, 
психологиялық  және  педагогикалық  еңбектерде  кең  қарастырылған.  Біліктілікті 
арттыру  барысында  болашақ  мамандардың  креативтік  іс-әрекетін  дамыту 
мәселесінің  теориялық-әдіснамалық  негізін  анықтау  тұлғаның,  дамуы  жайлы 
психологиялық  зерттеулерді  талдау  қажеттілігін  туғызды.  Шығармашылық  – 
болашақ маманның өз даралығын түсінгенде орын алады. Өзінің осы бір ерекшелігі 
арқылы  ол  қайталанбайтын  саналылықтың,  ізденудің  қуанышына  бөленеді, 
жаңалыққа  ұмтылыс  жасау  арқылы  өзінің  ішкі  дүниесін  жаңғыртуға  қадамдар 
жасайды.  Креативтік  әрекет  Д.Б.Богоявленская,  А.В.Брушлинский,  А.Я.Пономарев, 
т.б. 
ғалымдар 
еңбектерінде 
креативтік 
қабілеттердің 
дамуы, 
тұлғаның 
интеллектуалдық 
әрекеті 
аясында 
қарастырылады. 
Олар 
креативтіктің 
заңдылықтары,  шарттары,  даму  барысы  жайлы  мәселе  көтеріп,  бұл  сапаның 
құрылысы 
креативтілік 
қабілеттердің 
процессуалдық 
сипаттамаларынан 
түзілетіндігіне  тоқталады. Тұлғаның  креативтілік  сияқты  аса  маңызды  сапасы, 
сонымен  қатар,  көптеген  шетелдік  психолог-зерттеушілердің  назарын  аударған. 
Олардың  қатарына  Дж.  Гилфорд,  А.Маслоу,  К.Роджерс,  Т.Торренс,  Э.Фромм, 
Э.Юдин,  В.  Смит,  К.Тейлор,  Е.Торренс,  М.Розенберг,  Э.Эриксон  М.Уоллах, 
Д.Халперн,  К.  Спирмен,  т.б.  енеді.  Аталған  авторлардың  еңбектерін  саралай 
отырып, мәселені зерттеушілерді негізінен екі топқа бөлуге болады: алғашқылардың 
пікірлері романтикалық көзқарасқа негізделсе, екіншілері шығармашылық феноменін 
тұлғалық-даралық  деңгейде  қарастырады.  Осы  аталған  ғалымдар  еңбектерінде 
креативтілікке берілген анықтамаларға тоқталып, келтірілетін ой-пікірлерді сабақтау 
арқылы жалғастырайық. 
Креативтіліктің  кейбір  анықтамалары  іс-әрекет  нәтижесі,  өнім  терминінде 
жүйеленсе,  басқалары  –  тұлғалық  құрал  процесінің  терминінде  жүйеленеді.  Бір 
автор креативтілікті сирек кездесетін қабілеттің арнайы түрімен түсіндірсе, екіншісі, 
барлық  дені  сау  тұлғалардың  белгілі  бір  деңгейде  иемденетін  жалпы  креативті 
қабілетті назарға алады. К.Спирмен креативтілікті адамзаттың ойының күші ретінде 
есептесе,  Симпсон  креативті  ойлау  процесіндегі  идеялар  қатарының  жалпы 
қабылданған  қатарының  бұзылуы  ретінде  сипаттаған.  Е.  Торренстің  пікірінше, 
креативтілік  –  бұл  арнайы  емес,  өнімді  ойлау,  зиятқа,  жеке  сипаттарға  жүгінетін 
жалпы қабілет  деп түсіндіреді.  Ол шығармашылық процесті проблеманы  қабылдау, 
шешім қабылдау, болжамды құру, түрлендіру, шешімін табумен сипатталады деген. 
Кеңес  психологиясында  креативтілік  адамның  шығармашылық  мүмкіндігі  ретінде, 
адамның  әлеуметті  маңызды шығармашылықты  белсенділік айқындай  алу  қабілетін 
қамтамасыз  ететін  адамның  тұрақты  әрі  ерекше  құралы  ретінде  қарастырылады 
(Н.М.Гнатко).  

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

299
 ~ 
 
Креативтілік - шығармашыл тұлғаның дамуындағы ең жоғары баспалдағы, ал 
шығармашылық дараланып, аса жоғары шығармашылық деңгейге көтеріледі.  
Креативтілікке  берілген  анықтамаларға  талдау  жасауды  жалғастыратын 
болсақ,  Р.Холлменн  «креативтілік  жаңа  тәсілмен  жүзеге  асқан  қабылдау  ағымы», 
Маккеллар  «жаңа  байланыстар табу қабілеттілігі», Кюби  «жаңа  қарым–қатынастың 
пайда  болуы»,  Роджерс  «жаңа  шығармашылық  негізінің  пайда  болуы»,  Миррей 
«жаңалықты  жасау,  тануға  ұмтылу»,  Лассуэль  «жаңаны  дүниеге  әкелетін  ақыл–ой 
әрекеті»,  Жерар «жаңа ұйымдастыруға тәжірибені трансформациялау» деп айтқан 
[10].   
Дж.Гильфорд  1954  жылдан  бастап  креативтілікті  білдіретін  16  түрлі 
интеллектілік  қабілеттерді  анықтаған.  Креативтілік  тұжырымдамасы  әмбе-бап 
шығармашылық таным процесі ретінде Дж.Гильфорд еңбегінен кейін кеңінен тарала 
бастады.  Бұл  тұжырымдаманың  негізі  болып,  үшбұрышты  үлгі  зияттың  құрылымын 
көрсетеді:  материал  Х,  операциялары  Х,  нәтиже  Х  (structure  of  the  intellect).  Дж. 
Гильфорд  ақыл–ой  операцияларының  екі  түрінің  конвергентті  және  дивергенттілігі 
арасындағы  айырмашылықтарын  ашып  көрсетеді.  Конвергентті  ойлау  адамға 
көптеген  міндеттерді  шешуде  бір  ғана  дұрыс  шешімін  табуда  қажет  болады. 
Дегенмен  де,  нақты  шешімі  бір  ғана  емес  бірнеше  болуы  да  мүмкін,  бірақ  шешім 
көптігі  шектеулі  болады.Дж.  Гильфорд  конвергентті  ойлауға  қабілетті  зияттылық 
тестімен,  яғни,  жоғары  өлшемді  тестілермен  IQ  өлшеу  мүм-кіндіктерін  ашып 
көрсетеді.  Дивергентті  ойлауды  әр  бағыттағы  ойлау  типіне  жатқызады. 
Дж.Гильфорд:  «Бұл  ойлаудың  түрі  мәселені  шешуде  нұсқалардың  әртүрлі  болуы, 
ойламаған  нәтижелер  мен  қорытындыларға  әкеледі»,  -  дейді.  Дж.  Гильфорд 
дивергенция  операциясын  қайта  жаңару  немесе  импликация,  шығармашылық 
қабілеті  ретінде  креативтіліктің  негізі  деп  түсінген.  Гильфорд  креативті  өнімнің  2 
түрін  айырады:  сипап-сезілетін, мәдениетпен мойындалған  және  «психологиялық»,  
ғұламалар  тудыратын  емес,  міндетті  түрде  сезілетін  емес,  бірақ  сонымен  қатар 
айтылған  идеялар  немесе  ойланған  идеялар  да  болуы  мүмкін.  Біз  жекеше  және 
қоғамдық  креативтілікті  айырамыз:  жекеше  креативтілік  жекелеген  адам  өмірі 
тәжірибесінен өзін табады, ол қоғамдық креативтілік бүкіл мәдениетке көзін салады. 
Бұрын ешқашан осыны істей алмаған, қазір соны орындаған бала, жекеше алғанда 
креативті,  бірақ  кең  көлемде  көрінбейді.  Дара  креативтілік  жеке  адамның  дамуы 
үшін  өте  қажет.  Сонымен  қатар,  ол  қоғамдық  креативтіліктің  бөлшегі  тәріздес, 
қоғамдық  процестерге  әсер  ету  негізі,  сондықтан  креативті  бастамаларды 
дамытудың маңызы өте зор[12].  
Креативтілік – жаңа өнім немесе шығармашылық ойлау нәтижесі (К.Тейлор, 
В.Терехов,  О.Тихомиров)  деп  көрсетеді.  Басқа  зерттеулерде  шығармашылық  - 
процестің 
басымдылық 
нәтижесінде 
жаңаны 
ойлап 
табу 
(А.Арнгейм, 
А.В.Брушинский). 
Бұл 
Р.Арнгейм 
еңбектерінен 
айқын 
байқалады: 
«шығармашылықты  сол  нысанмен  бақылауға  болмайды,  ол  өндіретін  нәтиже. 
Креативтілік  –  ол  білімнің  толық  ашылуы,  эвристикалық  іс-әрекет  деген  атқа  ие 
болады».  Эвристика  проблемасын  зерттеу  арқылы  психолог  В.Н.Пушкин:  
«Проблеманы шешетін психологиялық процес, жаңа стратегияны шығарады, белгілі 
бір жаңалық ашылады, атауы табылатын эвристикалық іс-әрекет», - дегенді айтады. 
Креативтілік  мінездемесі  белгілі  бір  өнімді  немесе  кәсіби  іс-әрекет  пайда  болатын 
психологиялық  белгілер  кешенінен  тұрады.  Дж.Гильфорт  әртүрлі  қабілеттерді 
креативтіліктің бірліктері ретінде қарайды.  
А.В.Морозов 
«креативтілік» 
-тұлғаның 
зияттылық 
және 
тұлғалық 
ерекшеліктерінің кешені, проблеманы өз бетімен шешетін, жаңа сонылы идеялардың 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

300
 ~ 
 
туындауы  және  проблеманы  қалыптан  тыс  шешуі  -  деген.  Егер,  креативтілік 
мәселесін  қарым–қатынас  арқылы  қарастыратын  болсақ,  субъект  –  пән 
(шығармашылық процесс), сондықтан бұл жерде өнімді ойлау процесінің зерттелуіне 
тереңірек  тоқталу  керек  (А.В.  Брушлинский,  И.П.  Калошина,  О.К.  Тихомиров)  [14].  
Жоғарыдағы 
айтылғандарды 
ескере 
келе, 
креативтілік 
педагогикалық–
психологиялық  тұлғаның  категориясы  екендігіне  дау  тудырмайды,  мәселе 
«креативтілік»  анықтамасын  нақтылауда  даулы  жағдайлар  кездеседі.  Креативтілік 
дивергентті  ойлау  (Дж.  Гильфорт,  О.К.  Тихомиров),  жеке  зиятты  белсенділік  (Д.В. 
Богоявленская,  Л.Б.  Ермолаева–Томина)  немесе  тұлғаның  біріктірілген  сапасы 
(Я.А.Пономорев). Ғалымдардың әр көзқарасы терең дәлелденген және мойындауды 
қажет етеді.  
Е.Торренс креативтілік 
 -  білім  игеруде  кездесетін  қиындықтарды,  кейбір 
мәселелерді  шешудегі  қабілеттілік  деген  анықтама  береді.  Ғылым  креативтілік 
моделінің  негізгі  үш  белгісін  ұсынады:  ой  ұшқырлығы  (нәтижелігі-өнімділігі); 
жағдаяттардағы  икемділік;  тұлғалық ерекшелік,  өзіндік  шешім  [17].  Бұл  тәсілде 
шығармашылық өлшемі нәтиже сапасы емес, шығармашылық өнімділікті белсендіріп, 
жандандыратын  сипаттар  мен  үрдістер  ретінде  көрінеді.  Көптеген  зерттеулерде 
ғалымдар  «креативтілік»  ұғымына  анықтама  беруде  креативтіліктің  бір  сипаты 
ретінде  жеке  тұлғаның  жағдаяттардан  шыға  білу  қабілеті  мен  өзіндік  мақсатты 
нақты қоя білу қабілеттілігіне тоқталады.  
«Креативтілік» ұғымы жаңа гуманистік психология бағытында жаңа мәнге ие 
болды  деуге  болады.  Мысалы  Э.Фромм  шығармашылықты  талдауды  оның  өнімі 
тұрғысынан  емес,  сол  әрекеттің  адам  үшін  қаншалықты  маңызы  бар  екендігі 
тұрғысынан  қарауды  ұсынады.  Осыған  жақын  ойды  тұлғалық  бағдарлы  психология 
өкілі  К.Роджерс  білдірген.  Оның  пікірінше,  креативтілік  –  адамның  қоршаған 
әлеммен  байланысындағы  шектеулерді  жеңіп  шығу  үшін  өзінің  ішкі  психологиялық 
әлемін зерттеуі. 
 Д.Богоявленская 
креативтілікті 
жеке 
тұлғаның 
шығармашылық 
дарындылығы  ретінде  қарастыра  келе,  шығармашылықты  талдау  бірлігі  - 
интеллектуалдық 
белсенділікті 
(шығармашыл 
тұлғаның 
танымдық 
және 
мотивациялық 
сипаттарын  олардың 
бірлігінде  бейнелеп  көрсетеді)  және 
интеллектуалдық  белсенділіктің  үш  деңгейін:  стимулдық  -  өнімді,  эвристикалық 
және 
креативтілік 
деп 
ажыратады. 
Алғашқы 
деңгейге 
жеке 
тұлғаның 
интеллектуалдық  белсенділігі  танымдық  ынта  және  жігерлілікпен  жұмыс  жасау 
барысында да бастапқы берілген тәсіл шеңберінде қалатын адамдар жатқызылады, 
олардың  іс-әрекеті  сыртқы  стимулмен  анықталады.  Эвристикалық  деңгейдегі 
адамдарға  өз  іс-әрекетінің  құрамы  мен  құрылымын  талдау, түрлі  міндеттерді  өзара 
салыстыру  тән,  бұл  жаңа  шешімдерге,  ой-қорытындыларға,  жаңалық  ашуға 
жетелейді.  Интеллектуалдық  белсенділіктің  креативтілік  деңгейіндегі  адамдар 
құбылыстардың себептерін түсінуге тырысады, ал бұл өз кезегінде зерттеудің жаңа 
мақсаттарына айналады, талдау үрдісін тереңдетеді [18]. 
«Креативтілік» ұғымы жаңа гуманистік психология бағытында жаңа мәнге ие 
болды  деуге  болады.  Мысалы  Э.Фромм  шығармашылықты  талдауды  оның  өнімі 
тұрғысынан  емес,  сол  әрекеттің  адам  үшін  қаншалықты  маңызы  бар  екендігі 
тұрғысынан  қарауды  ұсынады.  Осыған  жақын  ойды  тұлғалық  бағдарлы  психология 
өкілі  К.Роджерс  білдірген.  Оның  пікірінше,  креативтілік  –  адамның  қоршаған 
әлеммен  байланысындағы  шектеулерді  жеңіп  шығу  үшін  өзінің  ішкі  психологиялық 
әлемін 
зерттеуі. 
Креативтілік  ізденімпаздық  пен  белсенділік  жеке  тұлғаның  алуан  қырлы  болмыс-

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

301
 ~ 
 
бітімі болып табылады. Ол – сезімталдық, креативтілік және еріктік үрдіс нәтижесі, 
креативтілік  уәж  бен  өз  бетінше  әрекет  тәсілдерінің  жиынтығы,  танымға  деген 
тұрақты  құлшыныс  болып  табылатын  креативтілік  әрекетке  бейімделу.  Демек, 
оқушылардың  креативтілігі  –  олардың  жеке  дамуын  қамтамасыз  етеді,  өзіндік 
шығармашылық ой-өрісін кеңейте білуімен сипатталатын жеке тұлғаға тән қасиет.  
Креативтілік – дағдылар, дәлелдер, қорлар синергиясы. Л.Ермолаева-Томина 
шетел  зерттеушілерінің  тәжірибесін  жалпылай  келе,  креативтілікті  әртүрлі 
қабілеттердің  жиынтығы  ретінде  анықтайды,  қабілеттер  әр  адамда  жеке-дара  әр 
сапада көрінетініне тоқталып, келесі белгілерін көрсетеді: 
- тәжірибеге  ұмтылушылық  -  жаңа  проблемаларға  икемді,  мәселені  шешуге 
бейімділік; 
- талқылауға икемділік - тапсырманың шегіне шыға алу; 
-  ой  ұшқырлығы  -  тез  арада,  кенеттен  шешім  шығару  тәсілдерін  өзгерте  алу 
қабілеттілігі; 
- ойлау ерекшелігінің болуы - өзбеттілік, даралық ерекшелік, ерекше шешім шығару.  
            Креативтілікті  қалыптастыру  мәселесіне  сәйкес  жазылған  еңбектерді 
саралай  келе  креативтіліктің  құрылымдық  бөліктерін  бөліп  көрсетуге  болады:  аса 
сезгіштік, ой ұшқырлығы, жаңаға ұмтылушылық, шығармашылық қабілеттер, өзіндік 
ой-пікірлерде тұра білу, өзіне сын көзбен қарау, қисынды ойлау, жаңаны сезгіштік, 
күмәншілдік,  әр  нәрсеге  күмән  келтіру,  т.б.  Креативтілік  арқылы  адам  өмір 
шындығында  өзін-өзі  тануға  ұмтылып,  ізденеді,  өзінің  істеріне  есеп  беріп, 
кемшіліктеріне  сын  көзбен  қарай  алады.  Жеке  тұлғаның  креативтілігін, 
шығармашылық  дербестігін  қалыптастыру  өте  маңызды,  күрделі  және  көп  салалы 
мәселе  болып  есептеледі. 
Адам  бойындағы  қабілеттерін  дамытып,  олардың  өшуіне 
жол  бермеу  адамның  рухани  күшін  нығайтып,  өзін-өзі  тануына  көмектеседі. 
Оқушылардың  креативтіліктілігін  қалыптастыру  -  шығармашылыққа  жетелейтін 
қабілеттер  мен  шығармашылық  қызметі  сапасын  анықтайтын,  жаңаны  тану  мен 
жасауға  бейімделуге  апаратын  әрбір  жеке  тұлғаға  тән  интеллектуалдық  үрдіс 
ретінде  сипатталады.  Сондықтан  да,  бүгінгі  таңда  тұлға  категориясы  ретінде, 
оқушылардың  креативтіліктілігін  қалыптастыруда  креативті  оқыту  мен  тәрбиелеу 
мүмкіндіктерін ашу аса маңызды.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет