Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі (ovoc 4220) пәні бойынша Дәрістер



бет11/78
Дата11.10.2024
өлшемі3,47 Mb.
#147617
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   78
Байланысты:
Лекция-Экология и БЖЧ-1 (1)

Популяциялар жыныстық құрылымы – особьтардың жынысы бойынша ара қатынасы. Популяциядағы жыныстардың арақатынасы генетикалық заңдар бойынша анықталады және оларға орта әсер етеді. Көптеген түрлерде болашақ особьтардың жынысы ұрықтану кезінде хромосомалардың комбинацияларының өзгеруі нәтижесінде анықталады. Жыныстық белгілері көбіне аталықтары мен аналықтарының морфологиялық, физиологиялық, экологиялық және мінез құлықтың айырмашылығын анықтайды. Мысалы, қан сорғыш масалар (culicidae) тұқымдасына жататын масалардың аталық особьтары имаго кезінде аналық особьтары сияқты қанмен емес, тек өсімдіктердегі шықтарды жалаумен, өсімдіктер шырынымен қоректенеді немесе тіпті қоректенбейді де.
Табиғатта аналық особьтары көп өлетін түрлер де және керісінше аталық особьтары көп өлетін түрлерде де кездеседі. Кейбір жарқанаттарда қысқы ұйқыдан соң аналық особьтардың үлесі популяцияның тек 20%-ын ғана құрайды.
Сондай-ақ популяциядағы жыныстар ара қатынасына орта жағдайлары да әсер етеді. Кейбір түрлерде жыныс генетикалық факторларға емес, экологиялық факторларға байланысты. Мысалы Arisaema japonica өсімдіктерінің жынысы түйнектеріндегі қоректік заттар қорының жиналуына байланысты. Үлкен түйнектерінен аналық гүлдері бар особьтар, майда түйнектерінің аталық особьтары өсіп шығады. Сары орман құмырсқаларында +200С төмен температурада салған жұмыртқалардан аталық особьтары, ал жоғарғы температурада – аналық особьтары дамиды. Бұл құбылыс ұрық сақталатын ұрық қабылдағыштың бұлшық еттеріне байланысты, өйткені олар тек жоғарғы температурада белсенді болып жұмыртқаладың ұрықтануын қамтамасыз етеді. Ал ұрықтанбаған жұмыртқалардан жарғақ қанаттыларда тек аналық особьтар дамиды.
Популяциялар генетикалық құрылымы – особьтардың әртүрлі дәрежесіндегі генетикалық әр түрлілігімен сипатталады. Популяция особьтарындағы гендердің жиынтығын генефонд дейді. Ал бір организмнің хромосомасындағы бүкіл гендердің жиынтығын генотип деп атайды. Генетика тұрсынан, популяция генетиптер жиынтығы.
Генетип орта жағдайлармен өзара әрекеттесіп фенотип түзеді. Фенотип – генотиптің орта жағдайларымен әрекеттесуі арқылы құрылатын особьтардың барлық белгілерімен қасиеттерінің жиынтығы. Вирустар мен микро организмдерден бастап жоғарғы сатыдағы өсімдіктер мен жануаларға дейінгі тірі организмдердің бәріне тән қасиет – мутацияға ұшырау мүмкіндігі. Мутация – табиғи немесе жасанды жолмен тұқымқуалайтын генетикалық материалдың өзгеруі нәтижесінде организмнің кейбір белгілерінің өзгеруі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет