Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі (ovoc 4220) пәні бойынша Дәрістер



бет5/78
Дата11.10.2024
өлшемі3,47 Mb.
#147617
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78
Байланысты:
Лекция-Экология и БЖЧ-1 (1)

Экология заңдары.Организмге қатысты факторлардың әсерінен бірнеше жалпы заңдылықтарды бөліп көрсетуге болады. Ондай заңдылықтарға оптимум ережесі, шектеулі факторлар ережесі, факторлардың өзара әсері ережесі және т.б. жатады.
Минимум заңы. «Минимум заңын» немесе әрбір организмдердің сыртқы ортаның факторларына төзімділігі, осы факторлардың ішіндегі бір ғана түрімен шектеліп сол фактор жетіспеген кезде, организмде өзгеріс болатынын ең бірінші рет 1840 жылы немістің химик ғалымы Ю. Либих анықтаған болатын. Осы заң бойынша өсімдіктің немесе бидайдың өнімі, топырақтағы қоректік элементердің мөлшеріне байланысты. Егер осы бірнеше қоректік элементтің ішінен бір элемент аз мөлшерде болса немесе жетіспесе, осы өсімдіктің өсуі және сонымен қатар өнімі күрт төмендейтіндігін тәжірибе жүзінде дәлелдеді. Мысалы бор - өсімдіктерге ең қажетті қоректік зат, бірақ ол топырақтың құрамында әрқашанда аз болады. Бір дақылды бір жерге ұзақ жылдар өсірудің салдарынан оның топырақтағы бордың қоры азайып кетеді. Сондықтан топырақта басқа қоректік заттар қанша көп мөлшерде жеткілікті болғанымен, бордың жетіспеуі өсімдіктердің өсу процесін тоқтатады.
Кейіннен осы айтылған «минимум заңы» тек өсімдіктер үшін ғана емес басқа да организмдердің осындай экологиялық факторлардың әсерінен өзгеріске ұшырауын «шектелу фактор» деп атап кеткен. Сүйтіп бұл шектелу химиялық факторды экологияға да қолданылуға болады. Бұл экологиялық фактор - «шектеуіш» фактор деп атауға болады. Егер осы фактордың әсері ең төменгі немесе ең жоғарғы шегіне жеткен уақытта, организмдер тіршілігін тоқтатады. Сонымен, әрбір тірі организмнің экологиялық факторларға төзімділік шегі бар, ол ең жоғары шек-максимум және ең төменгі шек-минимум, ал осы екі шектің ортасында организмнің өсіп-өнуіне, қызметіне т.б. жағдайларына ыңғайлы орташа -оптимум шегі жатады. Бұл түсінікті ең бірінші рет 1913 жылы американ ғалама В. Шелфорт ұсынған болатын. Оны «төзімділік заңы», немесе «толеранттық заң» деп атап айтуға болады. Ол мынадай тәжірибеге сүйеніп айтылған. Мысалы, дызылдақ қоныз көбейер кезінде немесе жұмыртқа салар кезінде өзіне ыңғайлы жерді іздейді, ол үшін жұмыртқа борпылдақ топыраққа салыну керек, оның құрамында топырақ шіріндісі өте аз болуы керек, топырақтың ылғалдығы мен температурасының өзгеру шегі өте аз мөлшерде болуы шарт, жарық аз болу қажет. Егер осы айтылған жағдайлар сәйкес келмесе қоңыз жұмыртқасын салмайды, ал салған уақытта да одан шыққан ұрпақтар өліп қалады.
Экологтар химиялық валенттілік сияқты экологияға түрдің экологиялық валенттілігі деген түсінік енгізеді. Оның ең негізгі мақсаты әрбір түрдің бірнеше ортада өмір сүру қабілеттілігін сипаттау.
Организмдердің әр түрлі ортада өмір сүру қабілеттілігі бірдей емес, сондықтан оларды екі топқа бөледі: эврибионтты, эвритопты және стенобионтты, стенотопты (бұл гректің эври – кең, биос - өмір; топос – мекен, стено – тар, кішкене). Сондықтан организм әртүрлі климаттық жағдайда мекендесе, немесе өмір сүрсе оны эврибионтты, эвритопты деп атаймыз да, ал организм тек бір климаттық жағдайда, бір жерді мекендейтін болса, оны стенобионтты, стенотопты деп атауға болады. Егер осы түсініктер басқа экологиялық факторларға сәйкес келсе мысалы температураға, жарыққа, өзен мен көлдердің суларының тұздылығына, қоректенуіге, осыған орай бұл экологиялық факторларға сәйкес өмір сүретін организмдерді жоғары айтылған түсінік бойынша эвритермді, немесе стенотермді, эвригалинді немесе стеногалинді, эврифотты, стенофотты, эврифагты немесе стенофагты организмдер деп атап айтамыз. Мынандай мысалдар келтіруге болады: сұр аю, әр түрлі құбылмалы климат жағдайында өмір сүреді, сондықтан оны эврибионтты организм деп атасақ, форель тек таза ағын суда өмір сүреді, сондықтан оны стенобионтты организм деп атаймыз.
«Төзімділік заңын» тағы басқа қосымша дәлелдермен толықтырып айтуға болады:

  1. организм экологиялық бір факторға кең түрде төзімділікпен қатынаста болса, ал басқа факторға өте қысқа, нашар төзімділік білдіреді;

  2. экологиялық факторларға төзімділік шегі кең организмдер табиғатта әртүрлі ортада кең таралған және климаттық өзгерістерге төзімділік білдіреді.

  3. егер экологиялық фактордың біреуі организмнің тіршілігіне ыңғайлы болмай, одан не жоғары, не төмен болса онда сол организмнің басқа экологиялық факторларға да төзімділігі төмендейді. Мысалы, топырақта азоттық зат жетіспесе, сол өсімдіктің құрғақшылыққа төзімдігі төмендейді.

  4. Организмдердің жыныстық көбею кезі өте қиын жағдайда болады, сондықтан дәл өсу мезгілде экологиялық факторлар өзінің шектелгіш мәнімен өте жиі әсерін тигізеді. Мысалы, кипарис тұқымдас өсімдіктер тұрақты суға салып қойса да, құрғақ топырақта да өсе алады, бірақ бұл өсімдіктердің жыныстық көбеюі тек ылғалды, суы аз топырақта өседі. Ересек көк крабтар (шаян тәрізділердің өкілі) және көптеген теңізде мекендейтін буынаяқтылардың кейбір түрлері теңіздің тұзды суында өмір сүре алады, ал бірақ бұлардың личинкалары тұзды суда мекендей алмайды.

Сонымен, ең негізгі көңілді экологиялық фактордың, «организмнің қызметіне», оның өсу кезеңінің қай кезеңінде тиімді, ыңғайлы әсеріне аудару керек. Әрбір эколог өз тәжірибе жұмысын өткізу үшін жоғарыда айтылған көптеген экологиялық факторлардың санын есептемеу керек, керісінше, осы факторлардың ішіндегі әрбір жеке организмдердің түрлеріне әсерін тигізетін шекті факторларын анықтай білу керек. Мысалы, құрлықта, жер бетінде өмір сүретін жан-жануарлар үшін оттегінің ауадағы құрамы, шектік фактор болып есептелмейді, өйткені, 02 барлық организмге өте қарапайым түрінде тыныс органдары арқылы беріліп отырады. Осы оттегінің қажеттігі суда өмір сүретін жануарлар үшін шектік фактор болып есептеледі, себебі оттегі суда ерітінді түрінде сол организмге сіңеді. Егер әртүрлі жағдайлармен судағы оттегінің консентрациясы азайса, организмдер үлкен өлімге ұшырайды. Балықтар қыста өзендерде, көлдерде мұз қатқанда көбісі оттегі жетіспегеннен өзінің өмір сүру қызметін тоқтатады. Сондықтан шектеуші экологиялық факторларды дер кезінде анықтап білудің практикалық өте зор маңызы бар. Осындай заңдылықты біле отыра ауыл шаруашылық дақылдардың өнімін көбейтуге, немесе мал шаруашылық өнімдерін жоғарылатуда көптеген ғылыми тұрғыдан көмек көрсетуге болады. Мысалы, қышқыл топырақта өсетін бидайдың өнімін агрономиялық тәсіл арқылы сол топыраққа әк себу арқылы топырақтың қышқылдығын азайтып қышқылдық бидай үшін шектеуші фактор болғанын жоюға болады да оның өнімін жоғарлатуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет