Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі (ovoc 4220) пәні бойынша Дәрістер


Қазақстан Республикасындағы азаматтық қорғаныстың (АҚ) міндеттері, құру және жұмыс істеу принциптері



бет52/78
Дата11.10.2024
өлшемі3,47 Mb.
#147617
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   78
Байланысты:
Лекция-Экология и БЖЧ-1 (1)

Қазақстан Республикасындағы азаматтық қорғаныстың (АҚ) міндеттері, құру және жұмыс істеу принциптері.
Азаматтық Қорғаныс (АҚ) — мемлекеттік қорғаныс шаралары жүйесінің құрамдас бөлігі. Міндеттері: жергілікті халық пен халық шаруашылығын жау шабуылынан, жаппай қыру қаруынан, табиғат апаттарынан т.б. төтенше жағдайлардан қорғау және қорғану шараларын үйрету; су тасқыны, сел, жер сілкінісі, өрт болған аймақтарда құтқару жұмыстарын жүргізу; халыққа жау шабуылының немесе табиғат апатының қаупі туралы алдын-ала хабарлау,т.б. азаматтық қорғаныс бейбіт кезеңде және соғыс уақытында мынадай шараларды жүзеге асырады: жаппай қыру қаруынан сақтану үшін арнайы қорғаныс жайлары салынып, жеке бас қорғаныс жабдықтары дайындалады, ірі қалалар тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп, оларға қорғану тәсілдері үйретіледі, ықтимал қауіп туралы халыққа егжей-тегжейлі түсіндіріледі, соғыс кезінде өндіріс орындары мен мекемелердежұмыс тоқтамау үшін әртүрлі ұйымдастыру және инженер-техникалық шаралар жүргізіледі, нақты өндіріс орындары қорғалады, математика-техника құралдар, электр энергиясын шығару көздері, газбен, сумен қамтамасыз ету қорлары жасалады; қираған шаруашылықтарды қалпына келтіруге қажетті қосалқы жабдықтар жинастырылады, арнайы азаматтық қорғаныс топтары құрылады т.б. Қазақстан Республикасында азаматтық қорғаныс барлық жерде аймақтық-өндірістік принциппен ұйымдастырылған. Оны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы тікелей басқарады. Комитеттің облыстық, қалалық және аудандық бөлімдері бар. Жергілікті жерлерде мекеме, ұйым, оқу орындары, өнеркәсіп басшылары және азаматтық қорғаныс шараларын өткізуге жауапты болып табылады.
Тәуелсіз егеменді мемлекет ретінде Қазақстан Республикасы дамуының басты шарты ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады. Бұл міндеттерді шешуге Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысы қызмет етеді. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» № 188-V Заңы(бұдан әрі – Заң) халықты, аумақтар мен шаруашылық жүргізу объектілерінің сенімді қорғанысын қамтамасыз етудің заңнамалық базасы болып табылады. Заңда азаматтық қорғаныстың мынадай анықтамасы беріледі: «...азаматтық қорғаныс – Қазақстан Республикасының халқы мен аумағын қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардың зақымдау (қирату) факторларының әсерінен, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөнінде бейбіт уақытта және соғыс уақытында жүргізілетін жалпымемлекеттік іс-шаралар кешенін іске асыруға арналған азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің құрамдас бөлігі».
Азаматтық қорғаныс міндеттерін орындауға ұйымдастырушылық, инженерлік-техникалық, медициналық, радиацияға қарсы, химияға қарсы, өртке қарсы және басқа іс-шаралардың көпқырлы кешенін өткізумен, сондай-ақ азаматтық қорғаныс күштерінің төтенше жағдайлар аймақтарында авариялық-құтқару және кейінге қалдырылмайтын жұмыстарды жүргізу кезіндегі әрекеттерімен қол жеткізіледі. Азаматтық қорғаудың негізгі қағидаттары: 1) аумақтық-салалық қағидат бойынша азаматтық қорғау жүйесін ұйымдастыру; 2) төтенше жағдайлардан азаматтар мен қоғамға төнген қатерді және нұқсанды барынша азайту; 3) азаматтық қорғау күштері мен құралдарының төтенше жағдайларға жедел ден қоюға, азаматтық қорғанысқа және авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге ұдайы әзірлігі
Азаматтық қорғаныс: мүлікті есепке алу, есептен шығару және кәдеге жарату Жұмыс берушінің қызметкердің денсаулығына келтірілген зиян үшін жауапкершілігі 4) жариялылық және халық пен ұйымдарға болжанып отырған және туындаған төтенше жағдайлар, олардың салдарларын жоюды қоса алғанда, олардың алдын алу және жою жөнiнде қолданылған шаралар туралы хабар беру; 5) авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезіндегі ақталған тәуекел және қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстанның көптеген аудандары әртүрлі табиғи зілзалалар мен апаттардың әсер етуіне ұшырайды, олардың көлемдері айтарлықтай болуы және халықтың арасындағы үлкен шығындарға әкелуі, республика экономикасына елеулі залал келтіруі мүмкін. Өнеркәсіптің, көлік пен коммуникациялардың жай-күйі өзінде радиациялық, химиялық, жарылыс және өрт қаупі бар объектілерде, көлікте, тіршілік қарекетін қамтамасыз етудің басқа да әлеуетті қауіпті және ерекше маңызды объектілерінде ірі авариялар мен апаттардың туындау ықтималдылығы әлеуетін сақтайды. Азаматтық қорғаныс құралымдары орындайтын міндеттер кешені мынадай негізгі топтарға бөлінеді: табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларда халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әртүрлі қарқындылықтағы әскери қақтығыстарда қару-жарақтың заманауи құралдарын қолдану; төтенше жағдайлар аймақтары мен зақымдану ошақтарындағы құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу.
Азаматтық қорғаныстың барлық міндеттері өзара байланысты және халық, аумақтар мен ұйымдар үшін болжамдалған және нақты жағдайларды есепке алумен шешіледі. Қазақстан Республикасы азаматтық қорғанысының ұйымдық құрылуы жалпымемлекеттік құрылыс жүйесімен, мемлекеттік билік пен мемлекеттік басқару органдарының құрылымымен анықталады. Азаматтық қорғаныс адамдарды күнделікті өндірістік қызметтерінен мейлінше аз қол үздіруді және адам және материалдық ресурстарды неғұрлым ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететіндей етіп құрылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысы аумақтық-салалық қағидат бойынша ұйымдастырылады. Азаматтық қорғаныс бойынша дайындық алдын ала сол аумақтағы, сала немесе ұйымдағы неғұрлым ықтимал төтенше жағдайларды, қару-жарақ құралдарының даму және оларды қолдану ықтималдылығы деңгейін есепке алумен жүргізіледі. Құралымдардың құтқару және басқа кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге дайындығы мерзім-мерзім жоспарлы сабақтар, командалық-штабтық, тактикалық-арнаулы үйренулер мен жаттығулардың барысында тексеріледі. Азаматтық қорғаныс бойынша іс-шараларды кешенді және саралаушылықпен жүргізу, оларды іске асыруға мемлекеттік қаражатты халықты қорғау деңгейін төмендетпей, оңтайлы жұмсау мақсаттарында аумақтар мен ұйымдардың маңыздылық дәрежесіне қарай қалаларды Азаматтық қорғаныстың топтарына, ал ұйымдарды – санаттарына жатқызу жүзеге асырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет