Тұрмыстық электр жабдықтарындағы магниттік өрістің шамасы құралдың қуаттылығына байланысты әр түрлі болып келеді.
Негізінен, электромагниттік өріс шамасы нақты модель түріне және оның жұмыс істеу режиміне тәуелді болады. Сол себепті бір типті құралдың өзінде туындайтын электромагниттік өріс түрлі шамаға тең болуы мүмкін (1-суретте тұрмыстық электр жабдықтарындағы магниттік өріс шамасының құрал түрлеріне қарай және әр түрлі модельдерде түрліше мәнге ие болуын көрсететін сызба келтірілген):
1-сурет. Лазерлік сәуле шығару. Лазер (ағылшын тілінде - LASER – light amplification by simulated emission of radiation – күштеп (еріксіз) сәуле шығару арқылы жарықты күшейту дегенді білдіреді) – оптикалық квантты генератор, электр, жылу, химиялық, т.б. энергия түрлерін поляризацияланған монохроматты сәуле шығару энергиясынаайналдыратын құрылғы.
Лазерлік сәуле шығару – зат атомдарынан электромагниттік сәуле шығару кванттарының (порцияларының) лазер арқылы күштеп шығарылуы.
Л азерден төнетін қауіптілік дәрежесі: Сәуле шығару көзінің қуаттылығына; Толқын ұзындығына; Импульс ұзындығына; Сәуле шығарудың шағылысуы мен шашаырауына Лазерлік сәуле шығару қауіптілік дәрежесі бойынша 4 класқа жіктеледі: І – қауіпсіз (сәуле шығару көзге зиянды әсерін тигізбейді);
ІІ – қаупі аз (тура түскен немесе айнадан шағылысқан сәуле көз үшін қауіпті)
ІІІ – қауіптілігі орташа (сәуле шығару көзіне 10 см қашықтыққа дейін жақын келетін болса, көзге өте қауіпті және тура түскен немесе айнадан шағылысқан сәуле теріге зақымдаушы әсер етеді)
ІV – қаупі жоғары (сәуле шығару көзіне 10 см қашықтыққа дейін жақын келетін болса, теріге өте қауіпті зақымдаушы әсер етеді)
І – ІІІ лазерлерінен қорғау үшін сәуле шығару көздерін экрандайды. Экран жасалатын материалдың сәулені шағылыстыру коэффициенті төмен, отқа төзімді және өзіне лазер сәулесі түскен кезде уытты заттар бөліп шығармайтын болуы керек.
ІV класс лазерлері оқшауланған бөлмелерде сақталады. Олармен қашықтықтан басқару арқылы жұмыс істеу керек.
Лазерлік сәуле шығару биологиялық эффектілер бойынша 2 топқа бөлінеді: Біріншілік эффектілер: сәулеленуге ұшыраған ағза ұлпаларында пайды болатын органикалық өзгерістер
Екіншілік эффектілер: адам ағзасындағы сәулеленуге қарсы жауап ретінде пайда болатын спецификалықемес өзгерістер.
Жоғарыда айтылғандай, лазерлік сәуле шығаруға ең сезімтал болып келетін дене мүшесі – көз. Көз алмасын, қан тамырларын зақымдау арқылы лазерлік сәуле шығару көру қабілеттілігіне де зақымдаушы теріс әсерін тигізеді.
Сондай-ақ, тері мен ішкі мүшелерге де теріс әсері бар. (Термиялық күйікке ұқсас күйдіруі мүмкін).
Иондаушы емес сәуле шығарудың адам ағзасына кері әсерін тигізуші тағы 1 түрлері – инфрадыбыс және ультрадыбыс.
Ультрадыбыс – адамның есту шегі диапазонынан жоғары диапазондағы дыбыс. (дыбыс толқынының жиілігі (нью) >20кГц).
Дыбыс қысымы дәрежесінің өлшем бірлігі – дБ (дециБел). Ултрадыбыс қарқындылғының өлшем бірлігі – Вт/см2 Ультрадыбыс адам ағзасына локальды түрде әсер етеді. Ұзақ уақыт бойында және жүйелі түрде әсер ететін болса, жүрек-қан тамыры, жүйке, эндокриндік жүйелерге кері әсер етеді. Есту және тепе-теңдікті сақтау қабілеттілігіне де зақымдаушы әсерін тигізеді.
Ағзада осындай өзгерістердің пайда болуы ультрадыбыстың әсер ету дозасына байланысты:
Төмен дозалар (80-90 дБ) – зат айналым процесін жақсартады, қабынуға қарсы, ауруды басатын емдік әсерлері де бар, сол себепті медицинада кеңінен қолданылаы.
Ал егер де жоғары дозалар (>120дБ) әсер ететін болса, зақымдаушы әсерлері көрініс табады.
Инфрадыбыс - адамның есту шегі диапазонынан төмен диапазондағы дыбыс. (<20кГц).
Техногенді ИД көздері: Станоктардан; Көліктерден; Жер асты, су асты жарылыстары; Вентилляциялық шахталардан шығатын қытты дыбыстар
Биологиялық әсері: орталық жүйке жүйесін, тыныс алу жүйесін зақымдайды. Тепе-теңдікті сақтау қабілеттілігіне де зиян келтіреді.
Электр қауіпсіздігі (электр тогының адамға әсері) Эл. тогының адам ағзасына әсер етуінің 4 түрі бар: 1. Термиялық әсер;
2. Электролиттік әсер;
3. Механикалық әсер;
4. Биологиялық әсер.