Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі (ovoc 4220) пәні бойынша Дәрістер


Дәріс 2 Тақырыбы: Экологиялық факторлардың әсер етуінің заңдылықтарын түсіндіру



бет4/78
Дата11.10.2024
өлшемі3,47 Mb.
#147617
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78
Байланысты:
Лекция-Экология и БЖЧ-1 (1)

Дәріс 2 Тақырыбы: Экологиялық факторлардың әсер етуінің заңдылықтарын түсіндіру.


Аутэкология (грекше autos - өзім) – жеке организмдердің қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін экология бөлімі. Аутэкология ұғымын алғаш рет 1896 жылы Шретер особьтар экологиясы үшін қолданды. Аутэкология алдымен организмдердің (особьтардың) өлі материядан айырмашылығын: зат алмасу, көбею, өзгергіштік және тұқым қуалаушылық, өсуі мен дамуы, тітіркенгіштігі, қозғалысы және бейімделушілік қасиеттері бар тіршілік иелері ретінде қарастырады. Аутэкологияның міндеті – түрлердің алуан түрлі экологиялық жағдайларға (ылғал, жоғары және төменгі температураға, ортаның тұздылығы) физиологиялық, морфологиялық және т.б. бейімделуін анықтау. Соңғы жылдары аутэкологияда жаңа бағыт – орта ластануының әсеріне организмнің жауап қайтару тетіктерін қоса зерттеу пайда болды.
Жер бетінде ағзалар төрт ортада тіршілік етеді. Ол орталардың бір-бірінен айырмашылықтары бар. Қоршаған орта абиотикалық факторлардың жиынтығынан тұрады. Абиотикалық факорлар ағзаға бір мезгілде әсер етеді. Ағзалар тіршілік ететін орталар: жер беті, топырақ қабаты, су ортасы және басқа ағзалардың денесі.
Экологиялық факторлар. Экологиялық факторлар дегеніміз қоршаған орта элементтерінің ағзаға тигізетін оң немесе теріс әсері. Экологиялық факторлар абиотикалық, биотикалық және антропогендік деп бөлінеді. Абиотикалық факторларға өлі табиғаттың әсері жатады. Олар жарық, қысым, ылғалдылық, жел, радиациялық сәулелер, жер бедері т.б. жатады. Биотикалық факторлар дегеніміз тірі организмдердің бір-біріне және табиғатқа тигізетін әсері жатады. Ол әсерлер түр ішінде, түр арасында болуы мүмкін. Антропогендік факторлар дегеніміз адамның табиғатқа тигізетін әсері. Адамның қоршаған ортаға ҒТР-ға байланысты кері әсерін тигізетін болса, қорықтар ұйымдастыру, экологиялық факторларға төзімді жануарлар мен өсімдіктердің жаңа түрлерін шығаруларына байланысты жағымды әсерлер тигізуі мүмкін.
Ағзаларға экологиялық факторлар бір уақытта әсер етеді. Ағзалар сол эколоргиялық факторларға бейімделе бастайды. Бейімделу мүмкіндігі факторлардың күші мен әсер ету мүмкіндігіне байланысты. Бұл көрсеткіштер жоғары немесе төмен болса ағзалар бейімделе алмайды. Сондықтан басқа жерге орын алмастыруы немесе тіршілігін тоқтатуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет