Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі (ovoc 4220) пәні бойынша Дәрістер



бет6/78
Дата11.10.2024
өлшемі3,47 Mb.
#147617
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78
Байланысты:
Лекция-Экология и БЖЧ-1 (1)

Оптимум ережесі. Кез-келген фактордың организмге оң әсері ететін шектері болады. Фактордың жоғары немесе төмен дәрежедегі әсері организмге теріс әсер етеді. Мысалы, ылғалдың тапшылығы немесе шектен тыс көп мөлшері өсімдіктің дұрыс өсуіне кері әсер етеді. Организм тіршілігі үшін аса қолайлы экологиялық фактордың белсенділігі оптимум немесе экологиялық фактордың оптимум аймағы деп аталады. Оптимум аймағынан тыс, организмнің тіршілігіне қауыпты немесе өлуіне алып келетін пессимум аймағы жатыр.
Әрбір организм, түр үшін өзінің оптимум жағдайлары бар. Ол тек әр түрлі жағдайда орналасқан әр түрге жататын особьтар үшін ғана емес, бір организмнің әртүрлі даму стадияларында да әр қалай болады. Түр үшін оптимумның қандай деңгейі қолайлы болуына байланысты оларды жылу сүйетін және салқын сүйетін, ылғал сүйетін және құрғақшылықты сүйетін және т.б. деп бөледі. Әрбәр түр үшін өзіне тән шыдамдылық шектері болад. Ал организмнің белгілі бір орта факторының жағымсыз әсер-ықпалына шыдамдылық қабілетін төзімділік дейді.
Белгілі бір факторға қатысты организмнің өмір сүре алатын төзімділік нүктелерінің асырын организмдердің экологиялық валенттілігі (толеранттылығы) деп атайды.
Фактордың ең төмен немесе ең жоғары мәндерінен асып, организмнің тіршілігін тоқтатуы туралы ұғымды ғылымға 1913 жылы американдық зоолог В.Шелфорд енгізді. Бұл максимум заңында немесе толеранттық (төзімділік) заңында көрсетілген. Кейде мұны Шелфорд ережесі деп те атайды:
Организмдердің бір экологиялық факторға қатысты оптималды мәндері және төзімділік шектері басқа факторлардың қандай күшпен әсер етуіне байланысты өзгеруі мүмкін. Бұл заңдылық факторлардың өзара әсері деп аталады. Мысалы, ылғалды ауамен салыстырғанда құрғақ ауада ыстықты жеңіл көтеруге болады. Қыстың күні желсіз даладағы ауа температурасын. Қатты жел тұрған кезбен салыстырғанда әлдеқайда жеңіл көтеруге болады.
Әрбір фактор организмнің әртүрлі қызметіне де әрқалай әсер етеді. Кейбір процестер үшін оптимум әсер, басқа процестер үшін пессимум болуы мүмкін. Мысалы, ауа температурасының 400C-450C-ы салқын қанды жануарлардың организміндегі зат алмасу процесінің жылдам жүруіне әсер еткенімен, жануарлардың қозғалу белсенділігі төмендейді. Көптеген балықтар үшін жыныстық клеткаларының дамуына қолайлы су температурасы, уылдырық шашу үшін қолайсыз болады. Организм үшін тіршілік циклдерінің кейбір қызметтері (қоректену, өсу, көбею, қоныс аудару және т.б.) орта факторларының маусымдық өзгеруімен тікелей байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет