Каспий аймағының экологиялық жағдайы.
Бұл ауданның экологиялық жағдайы Каспий теңізінің
деңгейінің көтерілуіне және жағалаулық теңіз экожүйесінің антропогенді әсерге ұшырауына байланысты
болады. Ғалымдардың болжамдары бойынша теңіз деңгейінің көтерілуі жағалаулық сызықтың 2400—2700
км ұзарып, су астында қалған жерлерге тағы да 1,2—2,2 млн. га қосылуына әкелуі мүмкін.
Су астыңда қалу қаупі әсіресе Каспийдің Солтүстік және Солтүстік-Шығыс жағалауындағы мұнай
кен орындарына төніп отыр. Су астында қалу қаупі төніп отырған 43 мұнай кен орындарының 32-сі Атырау,
ал 11-і Маңғыстау облысында орналасқан.
Каспий теңізі дүние жүзіндегі бекіре тәрізді балықтардың ең ірі мекен ету ортасы болып табылады.
Сондықтан Каспий мәселесі тек мемлекетаралық қана емес, ғаламдың мәселе болып табылады. Каспийдің
биологиялық алуантүрлілігін сақтау бүкіл әлемдік қауымдастықтың жүмысы. 1995 ж. Тегеранда Каспий
маңындағы мемлекеттердің өкілдерінің кездесуі өтті. Бұл кездесудің мақсаты Каспий аймағының
экологиялық тұрақтылығы мен оның ресурстарын пайдалануды басқару концепциясын жасау болып
табылады. Бірақ кез келген экологиялық бағдарламаның іс жүзіне асуына, оның ірі мұнай-газды аймақ
ретінде маңызының артуы күрделендіреді.
Достарыңызбен бөлісу: