Географтар бұл жерді
Балқашқа келіп құятын Іле, Шу, Ақсу, Қаратал, Лепсі, Тентек, Көксу
өзендеріне байланысты Жетісу деп аталған.
1967 жылы Іле өзенінде Қапшағай ГЭС-і салынды, ал 1970 жылы ірі
Қапшағай су қоймасы іске
қосылды. Шілік өзенін бөгеу нәтижесінде Бартоғай су қоймасы жасалды. Балқаш көлінің бассейнінің
өзендерінен 1965—1986 жылдар аралығында алынатын судың мөлшері 4,8-ден 5,6 км
3
/жылына артқан.
Соңғы онжылдықта Балқаш көлінің деңгейі екі метрден астам төмендеп, су бетінің ауданы 4,7 мың
км
2
кеміген. Көлдің тұщы бөлігіндегі судың минералдылығы артып келеді (1^-ден 1,9 г/л, ал Балқаш қаласы
маңында 2,2-ден 2,3 г/л дейін).
Судың минералдылығы, өндіріс орындары мен коммуналдың
шаруашылықтың шайынды сулары, суармалы жерлердің қайтымды-дренаж суларының келіп түсуінің артуы
нәтижесінде сумен қамтамасыз ету, адамдардың
демалу жағдайлары нашарлап, аурулар саны артып отыр.
Бүкіл жағалауда шөлдену процесі басталуы көлдің жағасындағы қамыстар жойылып бара жатыр.
Балқаштағы су деңгейінің төмендеуі нәтижесінде ондатра өсіру кәсіпшілігі құлдырап кетті. Бағалы
балықтар аулау жылына 40 мыңнан 8 мың центнерге дейін кеміген. Өзен жағалауларындагы тоғайлы
ормандар жойыла бастады.
Балқаштағы экологиялық жағдай тек Балқаш
көлін сақтап қалу ғана емес, бүкіл Балқаш-Іле
аймағының келешегін ойлауды талап етеді. Экология заңдарын білу, қала мен өндіріс орындарының тиімді
тығыздығын анықтау Оңтүстік Қазақстандағы үш ірі облыстардың келешегін қамтамасыз ететін
экологиялық тепе-тендікті қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: