Экология және біз



Дата27.03.2023
өлшемі10,42 Kb.
#76469
Байланысты:
Экология және біз


Экология және біз
Бүгінгі таңда бүкіл адамзаттың алдында тұрған өмірлік маңызы бар ауқымды проблемалардың ішінде, табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды тиімді падалану мәселесіне ерекше көңіл бөлуде. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, күннен күнге туындап отырған экологиялық мәселелер мен олардың шешімін іздестіру өзінің көкейтестілігін дәлелдеуде. Ал бұл болса үздіксіз білім беру процесінде балалардың экологиялық тәрбиелігін дамыту қажеттілігі күн санап арттыра түседі, өйткені қоршаған орта мен адамның денсаулығын сақтау маңызды құндылықтардың бірі болып табылады.

Қазақстан республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігін сақтау тұжырымдамасында еліміздегі толассыз белең алған экологиялық ахуалды жақсартудың жаңаша мүмкіндіктері айқындалып, экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесіне ерекше мән беріледі.


1950 жылы қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық одағының жанынан табиғат қорғау жөнінде білім берудің тұрақты комиссиясы құрылып табиғатты қорғау, сақтау, оған жауапкершілікпен қарауға жұмылдыру мәселесіне БҰҰ назар аудара бастады. 1960 жылдың аяғында педагогикада экологиялық білім мен тәрбие берудің ғылыми-педагогикалық әдістемелік негізін қалыптастыру бағытында «Табиғатты қорғауға оқыту» термині кең қолданылды. 1970 жылдың ортасында бұл терминді «Табиғатты қорғауға тәрбиелеу» термині ауыстырылып, соңғы жылдары уақыт талабына сай «Экологиялық тәрбие, экологиялық білім» терминдері пайдаланылуда.


Экология-биология ғылымының негізінде ХІХ ғасырдың орта шенінде айқындала бастағанымен, оның өз деңгейіне көтерілуі ХІХ ғ аяғы мен ХХ басында болып саналады.


Ғылыми техникалық прогрестің даму барысында қоршаған орта мен қоғам арасындағы қарым-қатынастың қарама-қайшықтары айқын байқалады. Біз өмір сүріп отырған осы ғасыр адамзат баласының мекен ортасында бұрын соңды болмаған іс-әрекеттің ерекшелігімен сипатталуда. Жер бетіндегі экологиялық жағдайлардың өзгеруі ғылыми-техникалық өрлеуімен тығыз байланысты.


Әсіресе адам өмір сүріп отырған биосфераға тікелей тигізіп жер бетінің климатын, атмосфера, мұхиттардың табиғи қалпын өзгертуде. Соның нәтижесінде жер шарының барлық жерінде табиғаттың құрамдасы: су, ауа, топырақ, өсімдік, жануар, адамдар зардап шегуде.


Міне осы өзекті проблеманы шешуде уақыт талабы педагогиканың алдына адам бойындағы табиғатқа деген, мәдениетті жанашылдық көзқарасты адамгершілік қатынастарын қалыптастыруды қойып отыр.


Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Стратегиялық тұрақты даму жолына арналған 2030 бағдарламасында» осы мәселеге айрықша көңіл бөлгенін атап кеткен жөн.


Бұл мәселені шешудің негізгі жолдарының бірі-оқушының санасында қоршаған орта және оны қорғау жөнінде берік білім қалыптастырып, осы бағытта тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарайтын, өзін сол ортаның бір бөлігі ретінде сезінетін, табиғатты сүйетін, яғни экологиялық сауатты, мәдениетті азамат дайындау.


«ҚР 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігін сақтау тұжырымдамасында» экологиялық ахуалдың жаңа технологиялық мүмкіндіктері айқындалып, еліміздің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайындағы қоғамды экологияландыру мәселесі қамтылады.


Қоғамды –экологияландыру-бұл адамның табиғатпен үйлесімділігін қол жеткізуге бағытталған қоғам көзқарасының жаңа жүйесін қалыптастру процесі . Тарихи тұрғыдан бағадрласақ, адамның өмір тіршілігінің, қызмет-әрекетінің негізі-табиғат заттары мен табиғи процестер. Олар адмзаттан әлдеқайда бұрын пайда болған, адам санасынан тыс және тәуелсіз өмір сүреді. Қоршаған ортаны танып білу, игеру барысында адам табиғат дүниесіне қуатты және ауқымды ықпал ете алатын құдіретті өзгертуші күшке айналды. Мұны ғылымда «екінші табиғат» деп атайды.


Пәнді экологияландыру дегеніміз- жас өспірімге барлық пәндер негізінде сыныптар деңгейінде экологиялық білім беру. Яғни дәстүрлі пәндерді оқыту барысында тақырыптардың мазмұны қосымша жаңа экологиялық мәліметтермен байтылады. Гуманитарлық пәндерде адам-қоғам-табиғат арасындағы қарым-қатнастардың заңдылықтары негізінде, олардың біртұтастығы туралы көзқарас қалыптасады.


Жаратылыстану пәндері оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің орталық ядросы болуы тиіс.


Филологиялық пәндер саласында көркем әдебиет туындылары оқушыларды экологиялық тәрбие беруде үлкен роль атқарады. Бұл тұрғыда Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев Ы. Жансүгіров т.б. педагог, ақын


жазушылардың еңбектеріндегі экологиялық идеяны аша отырып, экологиялық тәрбие беру әсерлі болады.


Экологиялық тәрбие беру бағытында сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор.


Экологиялық білім беру жеке адамның экологиялық мәдениетін қалыптастырудан бастап көпшілікке үздіксіз экологиялық білім беруді қарастырады. Экологиялық білім беру- өте күрделі процес. Қоршаған табиғи ортаны өзімен қоғам үшін мәңгі қажеттілігін сезіндіре отырып, оқушының дүниеге деген ізгі көзқарасын бірте-бірте қалыптастыру көзделеді.


Біздің мектеп Тараз қаласы №55 орта мектебі қаладағы экологиялық тірек мектептің бірі.


Мектеп Жамбыл ауданына қарасты кезінде Шөлдала орта мектебі 2008 жылдарынан бастап экологиялық тірек мектебі болып бекітілген.


Біздің мектепте «пәнді экологияландыру» тобы құрылып әр пән бірлестіктерінен топ мүшелері сайланды. Әр тоқсанда 2-3 рет топ мүшелерінің отырысы болады, осы топ мүшелері мектептің алдындағы учаскілерін көгалдандыруға өз үлестерін қосуда.


Мектептің экологиялық бағыттағы тақырыбы: «Экологиялық білім беруді жақсарту жолдары».


Экологиялық білім берудің мақсаты- Жеке адамның бойында табиғатқа деген ізгілік қатынастарды қалыптастыра отырып, «адам-қоғам-табиғат» арасындағы толық үйлесімділік рухында тәрбиелеу.


Экологиялық білім берудің міндеттері:


оқушы бойында экологиялық білім жүйесін қалыптастыру:


оқушылардың қоршаған ортаны қоршауға деген жоғары адамгершілік сезімімен жауапкершілігімен тәрбиелеу;
экология саласындағы ғылыми жетістікрерінен хабардар болу;
нармативті – құқықты құжаттарды білу;
Жоғарыдағы міндеттерді жүзеге асыру үшін оқытудың әр-түрлі әдістерін формаларын қолдана білу керек.

Экологиялық тірек мектебі болғандықтан мектептің айналасына шырша, жеміс ағаштары, кілем іспеттес гүлдер алаңдары, экологиялық фойе «Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусар ырысын», «Туған өлкем – табиғаты аса көркем», пән кабинеттерінде экологиялық бұрыш жабдықталған, гүлденген.


Мектепте төмендегі жылда түрлі экологиялық іс-шаралар өткізіледі:


Ашық сабақтар, конкурстар, қажетсіз заттардың екінші өмірі т.б


«Экологиялық білім беру жүйесінің мазмұны мен ұйымдастыру жолдары» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. «Экология және балалар» атты облыстық экофорумда 9 сынып оқушысы Тілеулиев Ағаділ ІІІ орын иеленді, осы байқауда 11 сынып оқушысы Садыкова Алтынай «Жамбыл облысын геоэкологиялық аудандастыру» атты тақырыпта ІІІ орынды иеленді.


«Гүл тірішілік тірегі » ұраны менен сыныптар арасында гүлдер жарысы өткізілді. 8 «В» сынып жетекшісі Жабағов Марат «Табиғат адам өмірінің негізі» атты ашық тәрбие сағатын өткізді.


«Табиғаттың тарылтпайық тынысын» , «Пәк табиғат – жүректің ән жырысың» атты сыныптан тыс тәрбие сағаттары 6 – сыныптар арасында өткізілді.


Сурет пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Экологиялық апаттар» тақырыбында суреттер көрмесі өткізілді.




Сәуір айының бірінші аптасында 5-11 сыныптар арасында «Қызыл кітаптың ролі» атты тәрбие сағаттары өткізілді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет