«Экология және тұрақты даму» пәніне арналған силлабус (Syllabus) мазмұны


Курсты меңгергеннен кейін күтілетін нәтижелері



бет2/5
Дата19.05.2022
өлшемі35,88 Kb.
#35021
1   2   3   4   5
Курсты меңгергеннен кейін күтілетін нәтижелері:
Білуі тиіс: тірі ағзалардың тіршілік ортасымен қарым-қатынастарының жалпы заңдылықтарын; тірі ағзалардың кеңістікке таралуын жəне сан динамикасын, қауымдастықтардың құрылымы мен динамикасын; энергияның тірі жүйелер арқылы ағып өтуі жəне заттар айналымының заңдылықтарын, экологиялық жүйелердің жəне бүкіл биосфераның қызмет атқару заңдылықтарын; табиғатты қорғау мен табиғатты ұтымды пайдаланудың негізгі принциптерін; антропогендік əрекеттің əлеуметтік – экологиялық салдарларын; тұрақты дамудың тұжырымдамасын, стратегиясын, проблемаларын, оларды əлемдік, аймақтық жəне жергілікті деңгейде шешуге қатысты көзқарастарды.
Істей алуы тиіс: табиғи жəне антропогендік экологиялық үдерістерді анықтап, талдауы жəне олардың реттелуінің ықтималды жолдарын болжауы; биосфераның тұрақтылығын сақтау жəне адамзат қоғамының апатты күйзелістерсіз дамуын қамтамасыз ету мақсатында, шаруашылық жүргізудің дəстүрлі формалары мен адамдардың тіршілік салттарын жоспарлы түрде өзгертуге бағытталған, адамзаттың тұрақты дамуының осы заманғы тұжырымдамалары мен стратегияларын ажырата білуі; тірі организмдер мен қоршаған ортаның əсерлесу заңдылықтары туралы алған білімдерін күнделікті қызметінде экожүйелердің тұрақты дамуын сақтау үшін қолдана білуі тиіс.
Машықтануы тиіс: экологиялық процестерді талдап, табиғат қорғау қызметінде нақтылы міндеттер қойып басым бағыттарды белгілеуге жəне алған білімдерін экологиялық мəселелерді шешу үшін пайдалануға машықтануы тиіс; биосфераның даму заңдылықтары, оның тұрақтылығының сақталу шарттары, сондай – ақ, əртүрлі мемлекеттерде, соның ішінде Қазақстан Республикасында, тұрақты даму идеясының іске асырылуы жөнінде білімдер жинақтауы тиіс.


Пререквизиттер: мектеп курстары
Постреквизиттер: дүниетану теориясы мен әдістемесі
3. Әдебиеттер тізімі:
Негізгі:

  1. Колумбаева С.Ж., Білдебаева Р.М. Жалпы экология. Алматы, «Қазақ университеті», 2006.

  2. Бигалиев А.Б., Халилов М.Ф., Шарипова М.А. Основы общей экологии Алматы, «Қазақ университеті», 2007.

  3. Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану жəне топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, Қазақ университеті, 2000.

  4. Акимова Т.А., Хаскин В.В.. Экология. Человек-экономика-биота-среда., М., «ЮНИТИ», 2007.

  5. Шилов И.А. Экология. М.: Высшая школа, 2001.

  6. Ильин В.И.. Экология, М., «Перспектива», 2007.

  7. Новиков Ю.В. Экология, окружающая среда и человек. М., «ФАИР­ПРЕСС»,2003.

  8. Никаноров А.М., Хорунжая Т.А.. «Глобальная экология», М., ЗАО, «Книгасервис», 2003.

  9. Марфенин Н.Н. Концепция «устойчивого развития» в развитии / Россия в окружающем мире: 2002 (Аналитический ежегодник) // Под общей редакцией: Данилова-Данильяна В.И., Степанов С.А. –М.:Изд-во МНЭПУ, 2002.

  10. Национальные доклады о состоянии окружающей природной среды в Республике Казахстан в 2000-2006 г.г.. Алматы, 2001-2007 г.г.

  11. Никаноров А.М., Хорунжая Т.А.. «Глобальная экология», М., ЗАО, «Книга сервис», 2003.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет