I категория - жойылу қаупі бар немесе жойылуы мүмкін;
ІІ категория - апатты қысқарған;
ІІІ категория - сирек аз кездесетін;
IVкатегория - анықталмаған (жеткіліксіз зерттелген);
Vкатегория - қалпына келген, үздіксіз бақылауды қажет ететін түрлер.
Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердің 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай-күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген.
Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан-жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып қана қойған жоқ сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды.
Ғылыми-техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінше бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы- орны қайта толмайтын нәрсе және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе-теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады.
Қазақстанның Қызыл кітабы- Қазақстанда жойылу қаупі бар және сирек кездесетін өсімдіктер, жануарлар және саңырауқұлақтар түрлерінің тізімі кірген құжат.
1997 жылы Қызыл кітаптың омыртқалы жануарларға арналған үшінші басылымы жарық көрді.
Қазіргі Қызыл кітапта:
Омыртқалы жануарлардың 128 түрі, оның ішінде: