Экология лекциялары дәріс №1 Тақырып



бет32/32
Дата01.03.2023
өлшемі134,39 Kb.
#70951
түріЛекция
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
6. Экологиялық мониторинг.
Мониторинг- “monitor” латын тілінен аударғанда еске салушы, алдын-ала ескерту деген мағынаны білдіреді. Биосфера немесе оның жеке бөліктерінің, элементтерінің жағдайының антропогенді әсерден болатын өзгерістерін болжау, бағалау мен бақылаудың кешенді жүйесі.
Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жүйесінде экологиялық мониторинг басқармасы ашылды. Бұл бөлім қоршаған ортаның мониторингінде мемлекеттік басқару жұмыстарын жүргізеді. Біздің республиканың пайдалы қазбаларының мемлекеттік кадастрлары жасала бастады. Зиянды заттар, радиоактивті қалдықтарды көму және шайынды суларды жіберудің мемлекеттік кадастрларын жасау бекітілген. Экологиялык мониторинг жүргізу үшін төмендегі кадастрлар тізімі жасалған:
1.Атмосфераныластаушы кездердің кадастры.
2.Судыластаушы көздердің кадастры.
3. Шайынды суларды ағызу кадастры.
4.Зиянды заттарды көму кадастры.
5.Қазақстан Республикасының біртүтас жиындык кадастры.
Қазіргі кезде Қазақстанда мониторинг жүргізуде ерекше көңіл аударылатын мәселелер:
1.Мұнай өндіру қызметінің нәтижесінде мүнаймен ластану.
2.Магистралды су жүйелерінің: Ертіс, Нүра, Оралдың суларының ластануы.
Экологиялық мониторинг өзінің негізгі мақсаты қоршаған ортаның жалпы күйін бақылаумен және қадағалаумен қоса, жергілікті мақсатта да қызмет етеді.
Қалалардағы атмосфера ауасының мониторинг жүйесіне байқаудың үш түрі бар.
1.Стационарлық
2.Маршуттық.
3.Жылжымалы күзет орындары.
Стационарлық күзет орындары арнайы павильондармен жабдықталады.
Маршруттық күзет орындары ауадан сынама үлгі алуға және метеорологиялық бақылауға арналады.
Жылжымалы күзет орындары өнеркәсіп қоқыстары тасталатын аймақта, ластайтын заттардың концентрациясын бір рет байқау үшін қызмет етеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет