Экология лекциялары дәріс №1 Тақырып


Қазақстанның экологиялық апат аймақтары



бет30/32
Дата01.03.2023
өлшемі134,39 Kb.
#70951
түріЛекция
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
2. Қазақстанның экологиялық апат аймақтары
Табиғи экологиялық жүйелердің бұзылуы, флора мен фаунаның тозуы орын алған және қолайсыз экологиялық ахуал салдарынан халықтың денсаулығына елеулі зиян келтірілген Арал және Семей өңірлері экологиялықапат аймақтары болып жарияланды. Экологиялық апат аймақтары елдің ішкі қауіпсіздігіне нақтылы қатер болып табылады.
Қазіргі уақытга бқрынғы Семей полигонына шектес аудандарда (71,9 мың халқы бар 85 елді мекен) онкологиялық аурулардың және адамдар өлімінің, қан айналымы жүйесі ауруларының, жаңа туған сәбилер арасындағы кеселдердің жәнс ерте қартаю көрінісінің жоғары деңгейі байқалуда.
Арал өңірі экологиялық апат аймағында (186,3 мың халқы бар 178 елді мекен). әсіресе. әйелдер және балалар арасында асқазан-ішек аурулары мен қан аздығы, балалардың шетінеуі мен туа біткен патологияның жоғары деңгейі байқалуда.

  1. Әуе бассейнінің ластануы

Атмосфераның негізгі ластануы түсті металлургия, жылу энергетикасы, қара металлургия, мұнай-газ кешені кәсіпорындары мен көлік шығарындыларымен байланысты. Атмосфералық ауаның ластануынан қатердің нақтылығы хапық денсаулығының нашарлауына және қоршаған ортаның тозуына әсер етеді.
Атмосфералық ауаның ластану проблемасы негізінен республика халкының жартысына жуығы өмір сүретін ірі қалалар мен өнеркәсіптік агломераттарға тән. Қалаларда ауа ластануының жоғары деңгейінің себебі - өндірістің ескірген технологиялары, тиімсіз тазартқыш құрылыстар, қолданылатын отынның төмен сапасы, қуаттың жаңғыртылатын және дәстүрлі емес көздерінің аз пайдаланылуы болып табылады. Кәсіпорындардың 20%-дан астамының нормативтік санитарлық-қорғау аймағының болмауы себепті өндіріс орталықтары халқының басым бөлігі зиянды шығарындылардың әсері жоғары аймақта тұрып жатыр.
Автомобиль санының күрт көбеюі ірі қалаларда (Алматы, Өскемен, Шымкент) көміртегі оксиді мен азот диоксиді жиналуын ұлғайтады, мұндай заттардың орташа жылдық шоғырлануы бұл қалаларда шекті мөлшерден асып түседі.
Ауа бассейнінің ластануы, сондай- ақ көмірсутегі шикізатының бұрынғы орындарын дамытумен және жаңа орындарын игерумен де байланысты, бұл атмосфераның күкіртсутегімен, меркаптандармен ластануын ұлғайта түседі. Алауларда ілеспе газдың жағылуы қызған газдардың, күкірт пен азот оксидтердің едәуір көлемін атмосфераға шығарумен қатар жүреді де, төңірегінде жоғары жылу аясы қалыптасады.
1993жылдан 2000 жылға дейін зиянды заттардың атмосфераға шығарылуы негізінен өндіріс құлдырауының есебінен 5,1 млн. тоннадан 3,2 млн. тоннаға дейін кеміді. Соңғы жылдары экономиканың өрлеу жағдайларының өзінде атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын 3,2 - 3,4 млн. тонна деңгейінде тұрақтандыруға міндетті мемлекетгік экологиялық сараптаманың жаппай енгізудің және қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау жүргізудің нәтижесінде қол жеткізілді. Мұндай тетіктерді одан әрі жетілдіру 2010 жылдан кейін қоршаған ортаны мөлшерден тыс ластайтын кәсіпорындарға қойьшатын эколоғиялык талаптарды күшейту арқьшы шығарындыларды жоспарлы түрде төмендетуге кірісуге мүмкіндік береді.
Ауа бассейні ластануының жоғарылау қаупін болдырмау жөніндегі қажетп шаралар қоршаған ортаны қорғау жөніндеғі қысқа мерзімді бағдарламаларда көзделетін болады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет