Экология лекциялары дәріс №1 Тақырып


Табиғи қорларды пайдаланудыц жалпы инженерлік шаралары



бет4/32
Дата01.03.2023
өлшемі134,39 Kb.
#70951
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
ЭКОЛОГИЯ - Лекции - 1-8

4. Табиғи қорларды пайдаланудыц жалпы инженерлік шаралары.
Адамзат табиғи қорларды, олардағы шикізат көздерін зат айналым циклына катыстырады. Табиғи қорларды пайдалану барысында тасымалдануы, өзгеріске ұшырауы- қордын айналымы немесе антропогенді айналым деп аталады.
Табиғаттағы зат айналымы тұйықталған тізбек бойымен іске асады. Ал қор айналымын немесе антропогенді тұйықталған тізбек бойымен іске асады деуге болмайды. Өйткені, теңізден буланған су қайтадан жауын-шашын түрінде қайта оралса, шахтада өндірілген көмір. қайтадан көмір түрінде шахтадағы кенге келіп қосылмайды.
Табиғи қорларды тиімді пайдалануда ғылым-техника саласындағы озық технологияны, инженерлік тиімді тәсілдерді пайдаланады.
Жалпы инженерлік шараларға төмендегілер жатады:

  1. Қоршаған ортаны жүйелі түрде пайдалану және сақтау.

Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін, оларды жан-жақты талдап, жүйелітүрде іске асыру кажет.
Жан-жақты талдау-математика, информатнка, кибернетика және т.б. ғылым салалары арқылы жүзеге асады.
2) Биосфераны оптимизациялау.
3) Табиғатты пайдалануды оптимизациялау.
Өнеркәсіп салалары мен шаруашылыққа шикізат өнімдерін жоспарлы түрде, белгілі мақсат үшін мемлекеттік дәрежеде шешу жолдары.
4) Шикізат өндіру карқынынан алынатын өнім карқынының өсуі.
5)Жаратылыс дүниелері мен техника үндестігі. Табиғат-техникалық жүйелер немесе геотехникалық жүйелер құруы.
6)Өндірісті шоғырландыру.
7)Өндірісті экологиялық қауіпсіздендіру - қалдықсыз экологияны пайдалану жатады.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Жер табиғи қорларына сипаттама беріңіз.
2. Табиғи орта, табиғи жағдай, табиғи кешен дегеніміз не?
3. Жер табиғи қорларының жіктелуі кандай? Мысал келтіріңіз.
4. «Ластаушы зат» анықтамасын түсіндіріңіз.
5. Ластаушы заттардың жіктелуі кандай?
6. Ауаның ғаламдық, аймақтық, жергілікті ластануына мысал келтіріңіз.
ДӘРІС № 2
Тақырып: Табиғи ортаның ғаламдық экологиялық мәселелері.
Жоспары:
1.Қоршаған ортаның ластануы.
2. Атмосфералық ауаның ластануы жөне атмосфералық ауаны қорғаудың өзекті мөселелері.
3. «Жылу эффектісі»;
4. «Озон тесігі»;
5. «Қышқылдық жаңбырлар»
Дәріс мақсаты: Студенттерді қазіргі кездегі негізгі ғаламдық экологиялық мәселелермен таныстыру.
Дәріс ұзақтығы: 1 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет