Дәріс № 3 Тақырып: Су және топырақ ластану мәселелері Жоспар:
1. Әлемдік су қорлары. Дүниежүзілік су әлемінің ластануы.
2. Тұщы судың жетіспеу проблемалары.
3. Топырақтың экологиялық мәселелері. Қазақстандағы топырақ эрозиясы және оның түрлері.
4. Шөлдену мәселесі. Топырақтың тұздануы және батпақтануы.
Дәріс мақсаты: Студенттерді су қорлары мәселесімен таныстыру, су ластану көздерін сипаттау және оны тазарту және қорғау жолдарын көрсетіңіз. Студенттерді литосфераның экологиялық мәселелерімен таныстыру, оның ластану көздерін көрсету және осы мәселелерді шешу жолдарын анықтау.
Дәріс ұзақтығы: 1 сағат
1. Әлемдік су қорлары. Судың жердегі әлемдік қоры өте көп. Ол 1353985 мың км3. Жердің 2/3 бөлігін Әлемдік мұхиттар алып жатады.
Әлемдік су қорлары 100%
теңіз (тұзды) су 97,5 %
тұщы су 2,5 %
96,5 % Әлемдік мұхит
1,74% мұздықтар
Әлемдік су балансы - Жердегі жауатын жаңбыр буланумен теңесіп отырады. Осы 2 шама жылына 577 мың км3 тең. Бұл жағдайда мұхиттағы булану жаңбырдан жылына 47 мың км артады. Құрлықта бұл заңдылық керісінше - булану жаңбырдан 47 мың км3кемиді. Бұл ылғалдылыққа өзен ағысымен құйылады.
Қазіргі уақытта әлемдік су балансы мұхитқа қарай бағытталған. Мұхит буланудан гөрі, суды көп алады. Осының нәтижесінде мұхит деңгейі біртіндеп көтеріледі. (75% осындай қосымша ылғалды мұздықтардың еруі нәтижесінде алады, 18 %-жер асты су қорларын пайдалану есебінен және 7%-езендер береді).
Құрлықтағы буланудың жеткіліксіздігі экожүйенің су айналымының реттеу қасиетін жоғалтуы.
Жер үсті немесе жер асты суларына химиялық заттардың, микроорганизмдердің немесе басқа заттардың түсуі судың ластану көзі деп аталады.