ЭКОЛОГИЯ. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ
ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
ЭКОЛОГИЯ. ОХРАНА ОКРУЖАЮЩЕЙ СРЕДЫ И РАЦИОНАЛЬНОЕ
ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ПРИРОДНЫХ РЕСУРСОВ
ӘОЖ 574 (574)
ЕЛІМІЗДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ БАҒАМДАУ МЕН ОНЫ ШЕШУДІҢ
АЛҒЫШАРТТАРЫ
Е.Т. Жатқанбаев, Н.О. Жақыпбекова, Қ.И. Сатаев
М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент қ.
Қазіргі заманда қоғамда қоршаған ортаны қорғау сұрақтары бойынша инженерлік-
техникалық қажеттіліктерді жасап шығарып, оларды іске асыратын қалдықсыз технологиялық
циклондардың және өндірістердің бүкіл дүниежүзілік дамытушы өнеркәсіптік экологияның орны
күрт өсіп келеді. Атмосфера құрамы күкірт оксиді, азот, көмірсутек, көміртегі, шаң-тозаң
бөлшектері және өндіріс қалдықтарымен ластануда. Республикамызда қоршаған ортаны қорғау
жағдайы қанағаттанғысыз күйде қалып отыр.
Еліміздегі технологиялары ескірген өндірістердің әлі де болса жұмыс істеп тұруы
салдарынан
қоршаған
ортамызды
ластайтын
қалдықтар
мөлшерінің
жақын
арада
азаймайтындығына көз жеткізуге болады.
Экологиялық күрделі мәселелердің кешендік шешілуі тек қана табиғат пен
коғамның үйлесімді өзара іс-әрекеттерінің арқасында ғана іске асады. Мұндай іс-әрекет бір
жағынан қоғамның келешекте дұрыс дамуына ықпалын тигізсе, екіншіден қоршаған ортаны
қорғау жөніндегі ауқымды кешендік шаралар мен ғылыми ізденістерді жүргізу арқылы табиғаттың
қайта қалпына келу күшін сақтап қалуға мүмкіндік береді.
Бұл іс-әрекеттер, сөзсіз табиғатты қорғау жөніндегі қазіргі заң шығарушы оындардың
мемлекеттік сұраныстарымен сәйкестендірілуі тиіс.
Экологиялық қауіпсіздік мәселелерін кешенді түрде шешу үшін ИСО 14001-2000 және
ИСО 9000 «СМЖ» мемлекеттік стандарттар тәжірибелеріне, қоршаған ортаны мөлшерден тыс
ластайтын өндіруші өнеркәсіптерге арналған экологиялық шартты түрдегі аудиттерді енгізу қажет
[1,2].
Қалдықтармен жұмыс істеуде еліміздің көптеген облыстарындағы табиғи қорларды
тиімді пайдалану әлі де дұрыс жолға толықтай қойылмаған. Өндірістік қалдықтарды, оның ішінде
қауіпті де, радиоактивтік зиянды заттармен жұмыс жасау және оларды пайдалы іске жарату
жүйесі кешенді ұйымдастырылмаған. Тұрмыстық қалдықтарды сақтау, оларды пайдаға асыру,
өңдеу жүйелері толық жетілмегендіктен, мұндай жағдай міндетті түрде бірінші кезекте табиғи
ортаның ластануына әкеліп соқтырады.
Осыған байланысты, өндірістік қалдықтарды пайдаға жарату қатаң бакылауға алынып,
қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін зиянды заттардың сақталу кезіндегі әсерлер тиісінше
қадағаланып отыруы тиіс.
Айтылған мәселелер еліміздің ауылшаруашылық саласындағы, дәлірек айтсақ егін
шаруашылығына тікелей қатысты. Мұндағы мұқият зерттеуді қажет етіп, экологиялық тұрғыдан
антропогендік түрде қорғауды қажет ететін обьект ол – жер қыртысының топырағы, оның
химиялық құрамы мен өнімділігі [3].
Осыған орай аталған жұмыс бойынша алынған тыңайтқышты Сайрам ауданының
суғармалы сұртопырағына енгізу тәжірибесінде мына төмендегіше өзгерістер байқалып,
экологиялық тұрғыдан оң өзгерістер берді.
Көмірлік гуминді тыңайтқыштарды енгізудің топырақтың сулы физикалық қасиеттеріне
әсер ететіндігі анықталды: жеңіл топырақтың капиллярлық және егістік ылғалсыйымдылығы
(орташа алғанда 20-30%-ға) жоғарылап, оның құрылымы мен суға беріктігі жақсарды да, топырақ
тығыздығы кеміді. Көмірлік гуминді тыңайтқыштардың төмен мөлшерінің агрегаттардың
суғаберіктігін жоғарылататындығы, ал жоғары мөлшерінің - агрономиялық құнды фракциялар
пайдасындағы құрылымдық бөліктер қатынастарын өзгертетіндігі байқалды. Бұл өз кезегінде
топырақтың гумустық күйі мен биологиялық сипаттамаларының өзгеруімен жүзеге асты. Суғару
суларының барлығы да өсімдіктің вегетативтік массасының транспирациясы мен қалыптасуына
жұмсалмайды. Тәжірибелердің осы сериясында өсу мен даму периодтары бойынша жіктелген
топырақ ылғалдығына «ГуПЭР» сериалы СЕП әсері зерттелді ( 1-кесте)
Кесте 1 - «ГуПЭР» сериялы тыңайтқыштың әртүрлі ертінділерінің топырақ ылғалдығына әсері кезіндегі
ондағы ылғалдық мөлшерінің өзгеруі
Алынған аудан топырақтарының үлгілерін зерттеу барысында 1%-дық «ГуПЭР» сериялы
тыңайтқышпен өңдегеннен кейінгі ондағы топырақ бөлшектерінің құрамында біршама өзгерістер
орын алды. Нәтижесінде ертіндімен өңделген топырақ сынамасындағы оның агрономиялық құнды
түйіршік мөлшері бақылаулық топырақ үлгісінен анағұрлым жоғары болып, тозаңданған және
түйірттенген бөліктер қатынасы айтарлықтай өзгерді.
Кесте 2 – Түрлі концентрациядағы «ГуПЭР» сериялы тыңайтқышымен өңделген Сайрам ауданы
топырақтарының механикалық құрамы(%)
Бөлшектер мөлшері, м
СЕП ерітіндісінің концентрациясы (%),
1 мг СЕП/1г топырақта
0
0,25
0,5
0,75
1
1,25
0,01-0,02
20,4
18,7
15,2
14,1
11,0
12,3
0,005-0,01
18,2
19,3
21,4
22,3
23,5
24,2
0,0025-0,005
28,3
32,4
35,9
39,2
44,7
41,0
>0,0025
33,2
29,6
27,5
24,4
20,8
22,5
«ГуПЭР» сериялы тыңайтқышымен өңдегеннен кейін ондағы топырақ бөлшектерінің
пайыздық қатынасының өзгерісі түрліше орын алды. Полимер ертіндісінің концентрациясы (0,25-
ден 1,25%-ға дейін) жоғарылаған сайын өңделген топырақ бөлшектеріндегі тозаңданған (Тз), әрі
түйіртпектелген (Тп) фракциялар мөлшері кеміп, олар түйіршіктелген (Тш) формаға өтті. Мұндағы
топырақ бөлшектерінің кульминациялық оптималды қатынасы «ГуПЭР» сериялы тыңайтқыш
кезінде шамамен 0,75-1,25%-дық жағдайларда орын алды. Бұл кезде 2- кестеден көрініп тұрғандай
ең қолайлы құрылымданған топырақ типі 1%-дық "ГуПЭР" сериялы тыңайтқыш ертіндісімен
өңделген жағдайда орын алды. Демек бұл сипаттама алынған топырақ сынамасының
жемісберушілігінің жақсаруына жол ашады.
Осылайша, гуминдік тыңайтқышты пайдалану өсімдік үшін игерілетін түрдегі қоректік
заттарды жұмылдыру процесінің белсенді күшеюін туындата отырып, өсімдіктің топырақпен
қоректену жағдайын түпкілікті өзгертті. Гуматтар енгізілген топырақтар гуминдік заттардың жаңа
түзілімдері есебінен оларда гумусты қоспалардың жинақталуы кезіндегі азоттық және фосфатты
режимнің тамаша жағдайларымен сипатталды. Бұл кезде:
1) топырақтағы фосфордың жылжығыштығы жоғарылады;
2) топырақта көмір қышқылдарының бөлінуін ұлғайту және нитрификациялық
қабілеттелік өсу көрінісінде аммиакты азот пен нитраттар мөлшерін игеру мен жалпы және
ақуыздық азоттың едәуір ұлғаюын қамтамасыз ететін топырақтағы нитраттүзілу процестерін
күшейтті;
Ерітінді С,
%
Вегетация айлары
сәуір
мамыр
0
0,25
0,5
0,75
1
1-10
11-20
21-30
1-10
11-20
21-30
37,5
39,5
39,5
39,5
40,5
29,0
34,0
33,5
34,5
34,5
24,5
28,5
28,8
29,5
30,2
44,0
44,4
44,5
44,6
45,0
35,5
35,7
39,0
39,2
39,5
31,0
32,0
32,5
33,1
33,5
3) өсімдікке аммиакты және амидты азот, фосфор түрлерінің түсуі жылдамдап, нәтижесінде
өсімдіктегі азот пен фосфор мөлшерінің ұлғаюы байқалды.
4) магний
мөлшерінің
төмендеуі
кезінде
темірдің,
кальций
мен
алюминийдің
концентрациялары ұлғайды.
Сонымен, көмірлік гуминді тыңайтқышты енгізу топырақ қасиеттеріне айтарлықтай әсер
етті.
Осы тыңайтқыштың тағы бір ерекшелігі болып өсімдік дамуы үшін қолайсыз
факторлардың теріс әсерін толықтай қалпына келтіру немесе төмендету табылды.
Өсімдіктің қоректенуі мөлшерден ауытқыған кезде және топырақтағы фосфордың біршама
жетіспеушілігі кезіндегі өсімдіктің дамуының ерте сатыларында тыңайтқыш біршама тиімді
болып табылды. Гуминдік тыңайтқыш өсімдіктің өсуі үшін қолайсыз ауа-райы жағдайлары кезінде
тиімді болып, тыңайтқыштың үлкен әсері өсімдіктің өсуі мен дамуы факторларының бірі
оптималдықтан ауытқыған кезде байқалды. Осылайша, гуминдік тыңайтқыштың топырақ
өнімділігі (жемісберушілігі) мен ауылшаруашылығы дақылдарының өнімділігіне әсерін өзара
байланысты процестер кешені түрінде алдық.
Әртүрлі топырақта гуминдік тыңайтқыштың әсері түрліше болды. Тыңайтқышты әлсіз
гумустенген, сонымен бірге айдалып, ұзақ суғарудан құрылымсызданған топыраққа енгізуде ол
топырақтың қасиеттері оптималданды.
Әдебиет
1 ИСО 14001-2000 ҚР СТ Р Қоршаған ортаны басқару. Қолдану жөніндегі талаптар мен басшылық.
2 ИСО 9000 ҚР СТ Р Сапа менеджментінің жүйелері. Негізгі ережелер мен сөздік.
3 Муха В.Д., Картамышева Н.И. Агропочвоведение.- М.:КолосС, 2004.-С.487-505.
Резюме
В статье приведены некоторые актуальные проблемы в области экологии нашей страны и
рассмотрено влияние удобрений с гуминовой кислотой на почву в сельском хозяйстве. Показано изменение
состава почв при внесении удобрении и отдача положительного эффекта. Это, в свою очередь, связано с
изменением биологических характеристик и гумусных состояний почв. В результате наблюдается
увеличение поступления фосфора и азота в растения. Перечисленные изменения показывают свои выгоды
при испытании неблагоприятных условий.
Summary
The article shows some actual ecological problems our country and influence of fertilizer with humid acid
on soil in the agriculture is considered. The influence of soil composition in fertilization and effective output is
shown. This process in its turn takes place at the account of biological feature changes and humors condition of soil.
As a result increase of phosphorus and nitrogen provision into the plant is observed. Especially above mentioned
changes testify their advantages in unfavorable conditions.