Экологиядан Емтихан сұрақтарына презентация
Орындаған:Нұрлан Н
Бөлімдері
Факторлар
Жіктелуі
Экология анықтама
Қорытынды
Жоспар:
Экология (лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің – популяциялардың, организмдер қауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераныңұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Экология терминін ғылымға енгізге
Экология
Биоэкология бірнеше зерттеу облыстарына бөлінеді:
Аутэкология
Демэкология
Эйдэкология
Синэкология
т.б.
Экология құрылымы
Аутэкология- Жеке түрге жататын дара организмнің қоршаған орта жағдайларымен қарым-қатынасын зерттейтін жалпы экологияның негізгі бөлімі. Жеке организмге табиғат факторлары қалай өсер етеді, оған организм қалай жауап береді, организмдегі морфологиялық, физиологиялық өзгерістер туралы мәселелер қарастырылады. Нәтижесінде жеке организмнің биоэкологиялық қасиеттері арқылы жалпы түрге, оның табиғатта алатын орнына, рөлі мен маңызына, айнала қоршаған ортаның өзгерісі, тазалығы, ластану деңгейі, маусымдық өзгеруі мен адамның іс-әрекеті туралы практикалық маңызына жан-жақты сипаттама беріледі.
Аутэкология
Демэкология - бір түрге жататын организмдер (особьтар) тобын, яғни популяцияларды оның табиғи ортасымен байланыстыра отырып зерттеулер жүргізеді. Бір түрге жататын организмдердің топ құрып тіршілік ету ерекшеліктері, биологиялық қүрылымы (жас, жыныс, көбею, өлу, табиғаттағы саны, тығыздығы, таралуы, т.б.) табиғаттағы сан мөлшерінің реттелуі мен ауыл шаруашылығындағы маңызы туралы мәліметтер қарастырылады.
Демэкология
Синэкология - бірлестіктер экологиясы (биоценология) ретінде әр түрлі түрлерге жататын популяциялар (өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер) жиынтығын біртүтас организмдер деңгейінде зерттейді. Организмдер бірлестіктерінің калыптасуы, қүрылымы, динамикасы, қарым-қатынастар, энергия және зат алмасулар, сандық және сапалык озгерістер, биологиялық өнімділігі мен бірлестіктердің түрақтылығы туралы жан-жақты мәселелер қаралады.
Эйдэкология - түр мен оның популяцияларын органикалық дүние дамуының жоғары деңгейі түрғысында қарастырады. Өйткені, особь, популяция белгілі бір нақты түрдің өкілдері. Сондықтан эйдэкология, особь, популяция, түр, биоценоз-биогеоценоз (экожүйе) - биосфера деңгейіндегі қарымқатынастар жүйесі бойынша зерттеулер жүргізеді.
Эйдэкология
Синэкология
Экологиялық жүйе, экожүйе — тірі ағзалар жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында, белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихиқалыптасқан жүйесі. Экожүйе құрамына организмдер де, табиғи орта да кіретін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі болып табылады. Экожүйенің құрылымын энергияны трансформациялаудың үш деңгейі (консументтер, продуценттер, редуценттер) мен қатты және газ тәрізді заттар айналымы құрайды.
Экожүйелерге байланысты факторлардың жіктелуі: Сыртқы , ішкі
Экологиялық жүйе, экожүйе
Экологиялық факторлар дегеніміз – Организмдерге әсер ете алатын ортаның кез келген әріқарай бөлшектенбейтін элементі.
Табиғатта экологиялық факторлардың әсеріне әр түрлі реакция береді. Мәселен: ащы суда тіршілік ететін организмдер үшін тұз және минералды заттар шешуші роль атқарса, ал тұщы су организмдері үшін қажеті шамалы.
Экологиялық факторлар
Экологиялық факторларды 3 топқа бөліп
• Абиотикалық
•Биотикалық
•Антропогендік
Абиоталық факторды химиялық (атмосфераның, теңіздің, тұщы судың құрамы және тағы да басқалары) және физикалық (климат, орография) деп екіге бөледі. Абиоталық фактор биоталық және антропогендік факторлармен қосылғанда экологиялық факторлар құрайд
АБИОТИКАЛЫҚ
Биотикалық факторлар — басқа организмдер мен биоценоздардың жеке организмге (жануарға немесе өсімдікке) я биоценозга әсер ететін жиынтығы. Жануарлардың бір түрінің екінші түрімен немесе жануарлардың өсімдікпен қоректенуін биотикалық фактор деп атайды. Биотикалық факторлар организмге тура немесе жанама түрде әсер етіп отырады (мысалы: жануарлардың топырақты қазып өзгертуі, немесе бактериялардың ортаға химизмдік әсері тағы басқалар
БИОТИКАЛЫҚ
Антропогендік факторға қоршаған ортаға адамның тигізген іс-әрекетінің нәтижесінде атмосфера, өзен-көл және мұхит құрамының өзгеруі, сондай-ақ технология қалдықтар мен радиоактивтік заттардың әсерінен топырақтың ластануы, сөйтіп, жалпы экожүйенің құрамы мен құрылысының бұзылуы жатады.. Кейінгі кезде атмосфераға жыл сайын 400 млн. т күкірт диоксиді, азот және көміртек оксидтері, қатты бөлшектер шығарылатыны анықталды. Қазақстанда Арал өңірінің, Семей жерінің, Балқаш маңының, Каспий алқабының экол. апатты аймақтарға айналуына Антропогендік факторлар негіз болып отыр.
АНТРОПОГЕНДІК
3. Жеке түрге жататын дара организмнің қоршаған орта жағдайларымен
қарым-қатынасын зерттейтін жалпы экологияның негізгі бөлімі:Аутэкология
4. Жекелеген түрлер популяцияларының құрылымы мен динамикасын
зерттеумен айналысатын жалпы экология бөлімі:Синэкология, Демэкология
5. Бір-бірімен және органикалық емес тіршілік ортасымен тығыз қарымқатынастағы қауымдастықтарды зерттейтін ілім:Синэкология,Демэкология
6. Көптеген ғалымдардың зерттеулерінде алғашқы тірі организмдер
Қандай ортада мекендеген?Суда
7. Ғылымға алғаш рет “экология” терминін енгізген ғалым:Э.Геккель
8. Экологиялық фактор дегеніміз: Организмдерге әсер ете алатын
ортаның кез келген әріқарай бөлшектенбейтін элементі.
9. Экожүйелерге байланысты факторлардың жіктелуі:Сыртқы,ішкі
10. Факторлардың табиғатына байланысты жіктелуі:Абиотикалық,
биотикалық, антропогендік.
Презентацияда қарастырылған емтихан сұрақтары.